Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесу

Бүгін Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдымен Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Болат Абдрахмановтың кездесуі өтті.
Алматы әрқашан да нағыз чемпиондар ұстаханасы болып келген және солай болып қала береді. Бұған дәлел – Ливерпульде өткен Әлем чемпионатында алматылық боксшылардың жоғары нәтижесі.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Алматыда 145 бокс секциясы жұмыс істейді, онда жүйелі түрде 3391 спортшы жаттығады – бұл еліміз бойынша спортпен шұғылданушылардың 2,2% құрайды.
Қалада білікті 90 бапкер бар, бұл Қазақстандағы барлық бапкерлердің 3,9%.
Қазақстанның ұлттық бокс құрамасында бүгінде 595 спортшы бар, олардың ішінде ең көп көрсеткіш Алматыға тиесілі – 80 боксшы (13,4%).
Кездесудің нәтижесінде қала әкімі Алматыда бокс клубын ашу бастамасын қолдады. Бұл спорттың одан әрі дамуына және жаңа чемпиондарды тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам болмақ.