МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

Астана қаласының командасы Қазақстан бокс федерациясы Кубогінің жартылай финалына өтті

Астанада Қазақстан бокс федерациясының кубогі аясында В тобының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды ҚБФ баспасөз-қызметі.

Елордадағы бәсекеде шаршы алаң қожайыны үздік шықты. Командалық сайыстағы көрсеткіш төмендегідей:

Астана қаласы - 4
Қостанай облысы - 2
Павлодар облысы - 2
Ақмола облысы - 2 
СҚО - 0

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін А тобында Шымкент қаласы, С тобында Қарағанды облысы іріктеліп шыққан еді. Алда D тобындағы жарыc 3-9 қараша Ақтау қаласында өтеді. Ал, жартылай финал мен ақтық сын 12-14 желтоқсан Астанада ұйымдастырылады. 

Қазақстан бокс федерациясы кубогінің жүлде қоры - 150 000 АҚШ доллары. Жоба өңірлердегі боксты дамытуға бағытталған.

04 октября, 2025
6

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесу

Бүгін Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдымен Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Болат Абдрахмановтың кездесуі өтті.

Алматы әрқашан да нағыз чемпиондар ұстаханасы болып келген және солай болып қала береді. Бұған дәлел – Ливерпульде өткен Әлем чемпионатында алматылық боксшылардың жоғары нәтижесі.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Алматыда 145 бокс секциясы жұмыс істейді, онда жүйелі түрде 3391 спортшы жаттығады – бұл еліміз бойынша спортпен шұғылданушылардың 2,2% құрайды. 

Қалада білікті 90 бапкер бар, бұл Қазақстандағы барлық бапкерлердің 3,9%.
Қазақстанның ұлттық бокс құрамасында бүгінде 595 спортшы бар, олардың ішінде ең көп көрсеткіш Алматыға тиесілі – 80 боксшы (13,4%).

Кездесудің нәтижесінде қала әкімі Алматыда бокс клубын ашу бастамасын қолдады. Бұл спорттың одан әрі дамуына және жаңа чемпиондарды тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам болмақ.

30 сентября, 2025
5

Қарағанды облысының командасы ҚФБ кубогінің жартылай финалына жолдама иеленді

Семей қаласында Қазақстан бокс федерациясының Кубогі аясында С тобындағы ширек финал өз мәресіне жетті

Бес күндік жарыс нәтижесінде Қарағанды облысы үздік шықты. Енді қарағандылық боксшылар 12-14 желтоқсан Астанадағы шешуші кезеңге қатысады.

Семейдегі командалық кездесулер қорытындысы:
1. Қарағанды облысы - 4 жеңіс
2. Жетісу облысы - 3 жеңіс
3. Абай облысы - 2 жеңіс
4. Ұлытау облысы - 1 жеңіс
5. ШҚО - 0 жеңіс

27 сентября, 2025
5

Шымкент қаласының командасы Қазақстан бокс федерациясының алғашқы жартылай финалисі атанды

 

Тараз қаласында Қазақстан бокс федерациясының Кубогі аясында А тобындағы ширек финал аяқталды.

Бес күнге жалғасқан командалық сайыста Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстары мен Шымкент және Алматы қалаларының құрамалары жартылай финалға жолдаманы сарапқа салды.

Бүгін, 27 қыркүйектегі шешуші кездесуде Шымкент қаласының боксшылары Жамбыл облысының командасын 8:7 есебімен жеңіп, енді 12-14 желтоқсан Астанада өтетін жартылай финалға қатысады.

Шымкент 8:7 Жамбыл облысы

Әйелдер:
51 келі. Жансая Рахымберді 2:3 Әйгерім Сәттібаева
54 келі. Жайна Шекербекова 5:0 Сымбат Әлиасқар
57 келі. Лаура Нышанбай 5:0 Виктория Байдукова
60 келі. Айдана Арапбаева 5:0 Анджелика Цой
65 келі. Лаура Есенкелді 3:2 Назерке Серік
70 келі. Мадина Нұршаева (жеңімпаз) WO Назерке Болат
75 келі. Жібек Жарасқызы (жеңімпаз) WO

Ерлер:
50 келі. Тілеуберді Сүлеймени WO Нұрзат Оңғаров (жеңімпаз)
55 келі. Айдар Қадырхан 0:5 Бағлан Кенжебек
60 келі. Асылжан Серікбай 4:1 Ерхан Тұрдан
65 келі. Нұрлыбек Ұсманов 5:0 Алмаз Дүйсенқұл
70 келі. М.Сансызбаев Елнұр Сүйінбай (жеңімпаз)
80 келі. Санжарәлі Бегалиев 5:0 Ерасыл Оразымбет
90 келі. Бекзат Таңатаров WO Икромжон Сайдахраров (жеңімпаз)
+90 келі. Нұрасыл Асылхан WO Иван Ермоленко (жеңімпаз)

27 сентября, 2025
3

Жасөспірімдер құрамасы ТМД елдерінің Ойындарында өнер көрсетеді

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Әзербайжанға аттанады 

27 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Евлах қаласында ТМД елдерінің Ойындары өтеді

Қыздар командасы:
46 келі. Диана Айтбаева
48 келі. Асылай Мұрат
50 келі. Аружан Бахтыбек
52 келі. Аружан Тіллабай
54 келі. Аделаида Садвакасова
57 келі. Балым Ғабитқызы
60 келі. Жасмин Абрамян
63 келі. Мадина Нұрманова
66 келі. Диляра Тұрсынбек
Аға жаттықтырушы - Айбек Әбілда

Ұлдар командасы:
46 келі. Аңсар Усенхан
48 келі. Қорғанбек Балтин
50 келі. Аслан Жеңіспаев
52 келі. Едіге Нұрқожа
54 келі. Жалғас Апбаз
57 келі. Ұлас Әлімжан
60 келі. Ислам Сулейменоглы 
63 келі. Алдияр Баяндинов
66 келі. Амир Рамазан
70 келі. Дарын Төлеген 
75 келі. Төреғали Сейдуллаев
80 келі. Бауыржан Алиакбар
+80 келі. Еркетаң Жарқынбек
Аға жаттықтырушы - Бағдат Оңғарбеков

25 сентября, 2025
3

Мемлекет басшысы Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады

Мемлекет басшысы Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа спорт инфрақұрылымын жетілдіру, халықаралық және республикалық жарыстар ұйымдастыру, отандық боксшыларды жаттықтыру, балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ аймақ спортына жағдай жасау аясында қолға алынған шаралар жөнінде баяндалды.

Мемлекет басшысы Қазақстан бокс федерациясының Ливерпульде өткен Әлем чемпионатындағы табысты қызметіне оң баға берді.

Президент мемлекеттің боксты дамытуға баса мән беретінін, бұл бағыттағы жұмыс кешенді түрде жүргізілуге тиіс екенін жеткізді.

Кездесуде 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қазақстандық былғары қолғап шеберлерін жоспарлы әрі жан-жақты даярлаудың маңызы атап өтілді.

t.me/aqorda_resmi

18 сентября, 2025
2

Мемлекет басшысы бокстан Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты

Президент Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелерін Әлем чемпионатындағы тамаша жеңісімен құттықтап, бұл еліміз үшін тарихи оқиға, халқымыз үшін үлкен қуаныш екенін атап өтті. 

 

– Қазақстан 68 мемлекеттің арасынан үздік шығып, бірінші орынға ие болды. Әлемдік бәсекеде Әнұранымыз жеті рет шырқалды, Көк туымыз жеті рет желбіреді. Барша жұртымыз сіздерге тілеулес болды. Әрине, кілең мықтылар жиналған жаһандық аламанда топ жару оңай емес. Бұл жетістік жылдар бойғы табанды еңбекпен, маңдай термен келгені анық. Біздің ұл-қыздарымыз бокстың отанына барып, өздерінің нағыз мықты спортшы екенін дәлелдеді. Санжар Тәшкенбай және Махмұд Сабырхан әлемнің екі дүркін чемпионы атанды. Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбайдың ерекше өнеріне жаһан жұрты тәнті болды. Боксшы қыздарымыз әлемдік жарыста шеберліктің озық үлгісін көрсетті. Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева және Наталья Богданова алтын медаль алып, жеңіс тұғырына көтерілді. Назым Қызайбай шаршы алаңға бірінші болып шығып, елімізге ақжолтай жүлде әкелді. Виктория Графеева және Елдана Тәліпова қола медаль жеңіп алды. Мен баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Қайрат Сәтжанов, Елдос Сайдалин бастаған бапкерлерге және басқа да мамандарға зор алғыс айтамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитеті көп жұмыс атқарғанына тоқталып, Қазақстан Бокс федерациясының еңбегін ерекше атап өтті. 

 

– Біз үшін жекпе-жек спортының орны қашанда бөлек. Соның ішінде әйгілі Шоқыр Бөлтекұлы негізін қалаған қазақ боксының өз тарихы бар. Өткен ғасырдың ортасынан бері көптеген спортшымыз әлемді мойындатты. Тәуелсіздік кезеңінде аға буынның даңқты жолы үзілген жоқ. Жазғы олимпиада ойындарынан ел қоржынына түскен 15 алтынның жетеуі – боксшыларға тиесілі. Бұл сабақтастық болашақта лайықты жалғасын табады деп сенеміз. Оған барлық мүмкіндік бар, – деді Президент.



t.me/aqorda_resmi

18 сентября, 2025
1

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының командалық есебінде топ жарды

Ливерпульде ерлер және әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Британиядағы бәсеке WORLD BOXING ұйымының аясында өткен тұңғыш біріншілік ретінде тарих бетіне жазылды. Жарысқа 68 елден 500-ден аса былғары қолғап шебері қатысты.

Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте көш бастады.

48 келі. Назым Қызайбай - күміс
51 келі. Алуа Балқыбекова - алтын
60 келі. Виктория Графеева - қола
65 келі. Аида Әбікеева - алтын
70 келі. Наталья Богданова - алтын
+80 келі. Елдана Тәліпова - қола

50 келі. Санжар Тәшкенбай - алтын
54 келі. Махмұд Сабырхан - алтын
70 келі. Төрехан Сабырхан - алтын
+90 келі. Айбек Оралбай - алтын

Бұл жарыста Қазақстан боксы үшін бірнеше тарихи сәт тіркелді. Алуа Балқыбекова мен Аиба Әбікеева бір жылдың ішінде екі дүркін әлем чемпионы атанды. Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан араға жылдар салып, Серік Сәпиевтен кейін екі дүркін әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Бір отбасыдан екі бауыр - Махмұд пен Төрехан бір күнде әлем чемпионатының ақтық сынында жеңіске жетті. Отандық бокс тарихында тұңғыш рет аса ауыр салмақта әлем чемпиионатының алтын жүлдесі Қазақстанға тиесілі - Айбек Оралбай.
 

15 сентября, 2025
2

Роман Төреханов Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті болып сайланды

 

Роман Алмаханұлы Төреханов Қазақстан бокс федерациясының Құрметті президенті болып сайланд.

19 тамыз күні өткен кезектен тыс Конференцияда Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліптің ұсынысымен Құрметті президент қайта сайланды.

Роман Алмаханұлы Төреханов - 2024 жылдың ақпан айынан бастап ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы.

Қазақстан бокс федерациясының Құрметті президенті Рақышев Кеңес Хамитұлына отандық бокстың дамуына қосқан үлесі үшін зор алғыс білдіреміз!

19 августа, 2025
84

Ливерпульдегі әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан боксшылары анықталды

Бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына соңғы дайындығын пысықтау үшін Шеффилд қаласына аттанады. Қазіргі уақытта қос команда да Алматы облысында жаттығу жиынында. Осы аптада жолға шығып, оннан аса елдің боксшылары бой көрсеткен жиынға қосылады.

Әлем чемпионатына қатысатын Отандық боксшылар толық анықталды. Елдос Сайлалин бастаған әйелдер құрамасы:

48 келі. Назым Қызайбай
51 келі. Алуа Балқыбекова
54 келі. Элина Базарова
57 келі. Карина Ибрагимова
60 келі. Виктория Графеева
65 келі. Аида Әбікеева
70 келі. Наталья Богданова
75 келі. Надежда Рябец
80 келі. Гүлсая Ержан
80+ келі. Елдана Талипова

Қайрат Сәтжанов жетекшілігіндегі ерлер командасы:

50 келі. Санжар Тәшкенбай
55 келі. Махмұд Сабырхан
60 келі. Бейбарыс Жексен
65 келі. Ертуған Зейнулинов
70 келі. Төрехан Сабырхан
75 келі. Сабыржан Аққалықов
80 келі. Нұрбек Оралбай
85 келі. Бекзат Нұрдәулетов
90 келі. Сағындық Тоғамбай
90+ келі. Айбек Оралбай

WORLD BOXING әлем чемпионаты Ливерпульде (Ұлыбритания) 4-14 қыркүйек аралығында ұйымдастырылады.

19 августа, 2025
83

Қайрат Сәтжанов: Бұл жиынға тек таңдаулы боксшылар шақырылды

Қайрат Сәтжанов, Қазақстан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы:
 

Алматы облысында әлем чемпионатына арнайы дайындық кезеңін бастадық. Бұл жиынға тек таңдаулы боксшылар шақырылды. Әр салмақ дәрежесінде 4 спортшыдан ғана. 

26 тамыз күні Ұлыбританияға аттанамыз. Біріншілік алдында Шеффилд қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтеді. Оған Франция, Швеция, Норвегия, Германия, Литва, АҚШ, Косово, Филиппин, Польша, Ирландия, Үндістан құрамалары қатысады деп күтілуде.

Әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы әлі толық жасақталған жоқ. Бірнеше салмақтағы қатысушыларды осы жиында қарастырамыз.

15 августа, 2025
53