МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

Әлем кубогінің төртінші жарыс күніндегі нәтижелер

 

 

Әлем кубогінің төртінші жарыс күніндегі нәтижелер

Астанадағы бокстан Әлем кубогінің үшінші кезеңі өтіп жатыр. Айтулы доданың кезекті күнінде жекпе-жектер қыза түсуде. Бүгін қазақстандық 7 боксшы жартылай финалға жолдаманы сарапқа салды.

Күндізгі сессияда Наталья Богданова (70кг) бразилиялық боксшыны жеңіп, жеңіске жетті. Ал Нұрбек Оралбай (80кг) мен Айдана Забынбекованың (57кг) қарсыластары жекпе-жектен бас тартуына байланысты, бірден жартылай финалға өтті.  Кешкі сессияда Махмұд Сабырхан (55кг) филиппиндік Аорон Жуд Бадоны 4 рет нокдаунға түсіріп, бәсеке тағдырын мерзімінен бұрын шешті.
75 келіде Сабыржан Аққалықов алғашқы раундта есе жібергенімен, соңғы екі раундта Канада елінің өкілінен жеңісті жұлып алды.

Аса ауыр салмақта Айбек Оралбай мен италиялық Диего Лензи арасында тартыстқа толы айқас орын алды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша 4:1 есебімен Айбек Оралбай басым түсті.

Сонымен қатар Серік Теміржанов (60кг) жапон боксшысына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

04 июля, 2025
67

Әлем кубогінің үшінші жарыс күніндегі нәтижелер



Әлем кубогінің үшінші жарыс күніндегі нәтижелер

Астанада World Boxing ұйымдастыруымен Әлем кубогінің үшінші кезеңі өтіп жатыр. Бүгін ел намысын 9 спортшы қорғады.

Ең алғашқы болып шаршы алаңғы Назым Қызайбай шықты. Назым әлем кубогінде екінші жекпе-жегін өзбекстандық 2024 жылғы Азия чемпионы Фарзона Фозиловаға қарсы өткізді. Тартысқа толы бәсекеде Назым Қызайбай жеңіске жетті. Сонымен қатар 51 келіде Алуа Балқыбекова да АҚШ боксшысынан айласын асырып, келесі кезеңге өтті.
Еліміздің атынан үшінші болып шаршы алаңға көтерілген Гүлсая Ержан (80кг) екі дүркін Азия чемпионы үндістандық Пужа Раниға жол берді.

Ерлерден күндізгі сессияда Санжар Тәшкенбай жұдырықтасты. Санжар Тәшкенбай жапониялық Шодай Котоны үш раунд бойы қысымға алып, нәтижесінде жартылай финалға жолдама алды. Бекзат Нұрдәулетов те ұлыбританиялық Лачлон Лаусоны 5:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Кешкі сессияда Виктория Графеева алғашқы раундта нокдаунға түскенімен, қалған екі раундта қарсыласынан басым түсті. Әлем чемпионы Аида Әбікеева 2024 жылғы Әлем кубогінің жеңімпазы Дионе Бурманды тағынан тайдырды.

Ертуған Зейнуллинов, Сағындық Тоғамбай да қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, финалға бір қадам жақындады.

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

03 июля, 2025
73

Қазақстандық Надежда Рябец Панамерика ойындарының чемпионын жарыс жолынан шығарды

Қазақстандық Надежда Рябец Панамерика ойындарының чемпионын жарыс жолынан шығарды

Надежда Рябец 75 келіде байырғы қарсыласы Вивиана Дос Сантос Перейрамен жекпе-жек өткізді. Қос боксшы ару бұған дейін 2021 жылы “Странджа” турнирінде жұдырықтасқан.

Осымен Надежда екінші рет бразиялық Вивиана Дос Сантос Перейрадан басым түсті.

Бразилиялық боксшы отандасымыздың қарқынына төтеп бере алмады. Есеп 4:1

02 июля, 2025
55

Нұрбек Оралбай келесі кезеңге жолдама алды



Нұрбек Оралбай келесі кезеңге жолдама алды

80 келіде сынға түскен Нұрбек Оралбай әлем кубогіндегі бірінші жекпе-жегін өткізді.
Ол әзербайжандық Еуропа ойындарының қола жүлдегері  Мурад Аллахвердиевті қолғап түйістірді.

Жекпе-жек нәтижесі бойынша Нұрбек Оралбай 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, екеуі бұған дейін Париж Олимпиадасының 1/4 финалында жолыққан.

Сол кезде де нәтиже біздің боксшының пайдасына шешілген еді.

01 июля, 2025
42

Қарсыласын нокдаунға түсірген Махмұд Сабырхан айқын жеңіске жетті



Қарсыласын нокдаунға түсірген Махмұд Сабырхан айқын жеңіске жетті

Ерлер арасында 55 келіде Махмұд Сабырхан ел намысын абыроймен қорғап, әлем кубогінің келесі кезеңіне өтті.

Жерлесіміз Оңтүстік Кореялық Шин Джиёнды екінші раундтта нокдаунға түсіріп, сенімді түрде ұтты.
Осылайша Махмұд жарысты жалғастыру құқығына ие болды.

Ал Оңтүстік Кореялық үшін жарыс аяқталды.

01 июля, 2025
28

Әнел Сақыш өзбек боксшысына есе жіберді

Әнел Сақыш өзбек боксшысына есе жіберді

Әнел Сақыш әлем кубогіндегі екінші жекпе-жегінде өзбек қызына жол берді. Айта кетейік, Феруза Казакова 2024 жылғы Азия чемпионы.

Осымен екінші отандасымыз әлем кубогін аяқтады.

Бұған дейін ерлер арасынан 70 келіде Абылайхан Жүсіпов  жарыс жолынан шығып қалған еді.

01 июля, 2025
16

Наталья Богданова Азия чемпионатының жүлдегері Санама Чануды жарыс жолынан ығыстырды



Наталья Богданова Азия чемпионатының жүлдегері Санама Чануды жарыс жолынан ығыстырды

70 келіде сынға түскен Наталья Богданова әлем кубогін сәтті бастады.

Үш раундттың қортындысы 
бойынша Наталья үндістандық Санама Чануды басым түсті. Айта кетейік, Санама Чану жастар арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Наталья келесі кезеңде бразилиялық Панамерика ойындарының чемпионы Мария Дос Сантос Варвара жекпе-жек өткізеді.

01 июля, 2025
20

Виктория Графеева әлем кубогін сәтті бастады



Виктория Графеева әлем кубогін сәтті бастады

Виктория Графеева әлем кубогіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Жерлесіміз жапон елінің өкілі Аяка Тагучиді жарыс жолынан шығарды.

Виктория ширек финалда  Еуропа ойындарының қола жүлдегері Түрік қызы Өзер Гиземмен жекпе-жекке шығады.

01 июля, 2025
11

Абылайхан Жүсіпов жарыс жолынан шығып қалды



Абылайхан Жүсіпов жарыс жолынан шығып қалды

Абылайхан Жүсіпов алғашқы айналымда қырғызстандық Алмаз Оразбековке қарсы жекпе-жек өткізді.

Отандасымыз алғашқы екі раундтың қортындысы бойынша жеңіске жеткен еді.

Алайда үшінші раундта Абылайхан Жүсіповтың қабағындағы жарақаты сыр беріп, жекпе-жекті тоқтатуға тура келді.

Кейін төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімімен қырғызстандық Алмаз Оразбеков келесі айналымға шықты.

Ал Абылайхан Жүсіпов үшін әлем кубогі аяқталды.

01 июля, 2025
18

Әнел Сақыш айқын басымдықпен жеңіске жетті

Әнел Сақыш айқын басымдықпен жеңіске жетті

54 келіде ел намысын қорғаған Әнел Сақыш алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Жекпе-жек барысында отандасымыз қарсыласын 3 рет нокдаунға түсіріп, айқын басымдықпен жеңді.

Оның келесі қарсыласы өзбек қызы 2024 жылы Азия чемпионы Феруза Казакова.

01 июля, 2025
16

Назым Қызайбай алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті



Назым Қызайбай алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Алғашқы болып шаршы алаңға шыққан Назым Қызайбай жеңіске жетті.

Назым 48 келі салмақта  бірінші жекпе-жегінде канадалық Приянка Диллонды айқын басымдықпен ұтты.

Осылайша Назым Қызайбай келесі кезеңге жолдама алды.

Оның келесі қарсыласы өзбекстандық Азия чемпионы Фарзона Файзолова.

01 июля, 2025
21