WE ARE ON SOCIAL MEDIA

Астанаға Қытай Тайпей құрамасының боксшылары келді



Астанада өтетін Әлем кубогіне қатысу үшін Қытай Тайпей құрамасының боксшылары елордаға келді.

Команда сапында үш бірдей Олимпиада ойындарының жүлдегерлері, сондай-ақ Азия және Әлем чемпионаттарының жеңімпаздары бар.

Ерлер құрамында 2022 жылғы Азия ойындарының финалына дейін жетіп, алтынға бір табан қалғанда сүрінген Кан Чиа-Уэй 70 келі салмақта бақ сынайды.

Әйелдер сапында да бірқатар танымал спортшылар бар. 
Олар:
    •    Хуанг Сяо-Вэнь – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін Әлем чемпионы. Сонымен қатар Азия чемпионатында екі қола, бір күміс медаль жеңіп алған.
    •    У Ши-И – Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионатының күміс және қола медаль иегері.
    •    Чэнь Нянь-Чэнь – 2024 жылғы Париж Олимпиадасында қола медаль еншілеген.
Бұған қоса Әлем және Азия чемпионаттарының жеңімпазы.

Айтулы дода 30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді

28 June, 2025
17

Бекнұр Қалиұлы бастаған Моңғолия елінің боксшылары Астанаға ат басын бұрды



Әуесқой бокстан әлем кубогінде бақ сынайтын Моңғолия елінің боксшылары Астанаға келді

Моңғолия боксшыларының қатарында қандасымыз  Бекнұр Қалиұлы бар. Ол аса ауыр салмақта Моңғолия намысын қорғайды.

Бекнұр Қалиұлы 2024 жылы Азия чемпионатында қола, әлем кубогінде күміс жүлдеге ие болған.

Сонымен қатар әйелдер сапында әлем чемпионатының қола жүлдегері Энхжаргал Мөнгөнцэцэг бар.

Айта кетейік, World Boxing ұйымдастыруымен әлем кубогі елімізде бірінші рет өткелі жатыр.

Байрақты бәсекеге 30 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы өзара мықтыны анықтайды.

27 June, 2025
18

Астанаға Оңтүстік Кореяның былғары қолғап шеберлері келді



Еліміздің бас қаласына бокстан әлем кубогіне қатысатын Оңтүстік Корея боксшылары келді.

Оңтүстік Корея құрамында Олимпиада және Азия чемпионаттарының жүлдегер боксшылары бар.
Атап айтқанда, ерлер сапында 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Сунчул Хан, 2018 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы, Азия чемпионатының үш дүркін чемпионы О Ёнджи.

Әйелдер командасында 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола медаль иегері Эйджи Им (50кг) Оңтүстік Корея намысын қорғайды.

Бұдан бөлек, АҚШ, Канада, Франция, Финляндия, Швеция, Швейцария, Әзарбайжан, Австралия, Германия тағы басқа мемлекеттің боксшылары Астанада оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

29 маусымға дейін барлық мемлекеттің спортшылары Астанаға жиналады.

Тартысты дода 30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе жек сарайында өтеді.

Елімізде өтетін бұл бәсеке әлем кубогінің үшінші кезеңі болмақ.  Бұған дейінгі кезеңдер Польша мен Бразилияда өткен.

26 June, 2025
13

Ұлыбритания елінің боксшылары Астанаға келді

Астанадағы әлем кубогіне қатысатын 
Ұлыбритания елінің былғары қолғап шеберлері Елордаға келіп жетті.

Ерлер сапында осы жылдың басында Бразилияда өткен әлем кубогінің күміс жүлдегері Исаак Окох, әйелдер құрамасында 2024 жылғы әлем кубогінің жеңімпазы Патрис Мугалзай бар.

Бұдан өзге АҚШ, Канада, Әзербайжан, Франция, Швейцария, Финляндия, Германия, Словакия, Швеция және Сербия мемлекетінің боксшылары Астанаға келген еді. Олар әлем кубогі алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

World boxing ұйымдастыруымен өткелі жатқан додаға 30 мемлекеттің боксшылар бақ сынайды.
Байрақты бәсеке 30 маусым мен 6 шілде аралағында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе жек сарайында өтеді.

24 June, 2025
14

Әлем кубогіне қатысатын Германия құрамасы Астанаға табан тіреді



Әлем кубогіне қатысатын Германия елінің былғары қолғап шеберлері Астанаға табан тіреді

Олар 29 маусымға дейін әлем кубогі алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Бұған дейін АҚШ, Канада, Әзербайжан, Франция, Швейцария, Финляндия, Швеция, Аустралия және Сербия елдерінің спортшылары Астанаға келген еді.

Естеріңізге салсақ, 30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанада бокстан әлем кубогі өтеді.
Айтулы жарысқа 31 мемлекеттен 300-ге жуық боксшы қатысады деп жоспарлануда.

23 June, 2025
14

Бауырлас Әзербайжан боксшылары Әлем кубогіне қатысу үшін Астанаға келді



World Boxing  ұйымдастыруымен Астанадағы Әлем кубогіне қатысатын командалар елордаға жиналып жатыр.

Аталған байрақты бәсекеде Әзербайжан ұлттық құрамасы да бақ сынайды.

Әзербайжан сапында бірқатар танымал спортшылар бар. 
Олар: U23 санатында 48 келіде Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Турал Сариев, екі 
дүркін Еуропа чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Ниджат Гусейнов бар.

Сонымен қатар, әйелдер құрамасы да осал емес. Әлем чемпионатының қола жүлдегері Марджона Савриева, халықаралық турнирлердің жүлдегерлері Зейнеп Рахимова мен Айнур Микаилова да жарысқа қатысады.

Айта кетейік, Астанада АҚШ, Канада, Франция, Әзербайжан, Финляндия, Швеция, Сербия тағы басқа мемлекеттің боксшылары 29 маусымға дейін соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Дүбірлі дода 30 маусым мен 6 шілде аралығында бас қаладағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

22 June, 2025
9

Швеция мемлекетінің боксшылары Елордаға келді

30 маусым мен 6 шілде аралығында әлем кубогіне қатысатын Швеция елінің боксшылары Астанаға ат басын бұрды.

Швеция, АҚШ, Канада, Әзербайжан, Франция,  Финляндия, Германия және Словакия тағы басқа мемлекеттің боксшылары 29 маусымға дейін біріккен оқу-жаттығу жиынын өткізеді. 
Бұл байрақты бәсеке алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиыны болмақ.

Дүбірлі додаға 31 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарлануда.

Әлем кубогі Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

22 June, 2025
13

Бокстан Әлем кубогі:Асқар Сәрсенбаев бастаған Финляндия құрамасы Астанаға келіп жетті


Бокстан елімізде өтетін әлем кубогіне қатысатын Финляндия елінің боксшылары Астанаға келді.
Құраманы бастап келген Финляндия құрамасының бас бапкері Асқар Сәрсенбаев.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ, Канада, Франция және Канада елінің боксшылары Астанаға келген.
Франция елінің құрама сапында 2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Биллаль Беннама бар.

Естеріңізге салсақ, Әзербайжан, Швейцария, Германия, Словакия, Швеция мемлекетінің боксшылары 17-29 маусым аралығында біріккен оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Бокстан әлем кубогі 30 маусым мен 7 шілде аралығында Астанада өтеді.

21 June, 2025
20

Астанаға әлем кубогына қатысатын Франция және Сербия елінің боксшылары келді

Астанаға әлем кубогына қатысатын Франция және Сербия елінің боксшылары келді

World boxing ұйымының ұйымдастыруымен әуесқой бокстан Астанада өтетін әлем кубогына қатысатын Франция және Сербия елінің боксшылары елордаға келді.

Франция құрамасының сапында әлем чемпионатының қола медаль иегерлері Сохеб Буафиа мен қыздардан Васили Лкадири бар.
Француздық боксшылар Астанада 17-29 маусым аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бұл әлем кубогы алдындағы маңызды дайындықтың бірі бөлігі болмақ.

Бұған дейін әлем кубогына қатысатын АҚШ, Канада елдерінің спортшылары келген еді.

Естеріңізге салсақ, Астанада 30 маусым мен 6 шілде аралығында әлем кубогы өтеді.

18 June, 2025
25

Астанаға АҚШ және Канада құрамасының боксшылары келді

Астанаға әлем кубогына қатысатын АҚШ және Канада құрамасының боксшылар келді.

Бокстан 30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанада өтетін әлем кубогына қатысатын АҚШ және Канада құрамасы елордаға келді.

АҚШ құрамасының қатарында 2021 жылғы әлем чемпионы Робби Гонсалес, сондай-ақ әйелдер құрамасынан 2023 жылғы Панамерика ойындарының жүлдегерлері Джениффер Лозана мен Жахайра Гонсалес бар.

АҚШ, Канада мемлекетінің боксшылары 17-29 маусым аралығында Астанада бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бұл оқу-жаттығу жиынынан бұдан өзге Бразилия, Аустралия, Ирландия, Әзербайжан, Франция, Швейцария, Финляндия, Германия, Словакия, Швеция  елінің боксшылары қатысады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, елімізде өтетін байрақты бәсекеге 32 елден 300 боксшы өзара мықтыны анықтайды.

16 June, 2025
26

Қазақстан құрамасы Таиландқа аттанды

24 мамыр мен 1 маусым аралығында Бангкокта “Таиланд Оупен” халықаралық турнир өтеді. Жарысқа Камбоджа, Қытай, Индонезия, Иордания, Жапония, Қазақстан, Қырғызстан, Корея, Малайзия, Филиппин, Өзбекстан, Таиланд және тағы басқа елдерден былғары қолғап шеберлері қатысады.

Қазақстан әйелдер құрамасы:

48 келі. Гүлназ Бурибаева
51 келі. Жазира Уракбаева
54 келі. Сымбат Әлиасқар
57 келі. Шахназ Исаева
60 келі. Виктория Графеева
65 келі. Назерке Серік
70 келі. Наталья Богданова
75 келі. Надежда Рябец
80 келі. Гүлсая Ержан
+80 келі. Елдана Талипова

Ерлер командасы:

50 келі. Нұрзат Оңғаров
55 келі. Нұрсұлтан Алтынбек
60 келі. Оразбек Асылқұлов
65 келі. Дулат Бекбауов
70 келі. Төрехан Сабырхан
75 келі. Тимур Нұрсейіт
80 келі. Диас Молжігітов
85 келі. Бекзат Таңатар
90 келі. Данияр Рахымбердиев
+90 келі. Даниял Сапарбай

22 May, 2025
38