Қазақстан әйелдер құрамасы Азиадада 1 «күміс» пен 1 «қола» жеңіп алды
01 Қазан, 2014
Қазақстандық боксшы-қызымыз Жайна Шекербекова (51 кг), өкінішке орай, Азия Ойындарының ақтық жекпе жегінде жеңе алмады. Шешуші шайқаста ол үндістандық Мэри Комнан жеңіліп қалды.
Біздің жерлесіміз бес дүркін әлем чемпионымен тартынбай табан тіресті, бірақ Мэри Ком көбірек балл жинап алды – 2:0 (39:37, 38:38, 39:37)".
Үндістандық спортшы алғаш рет құрлықтың басты жарысының жеңімпазы атанса, Инчхон «күмісі» - біздің отандамысыздың осы жарыстағы алғашқы марапаты еді. 2010 жылы Жайна Азия чемпионы атанған еді.
Осылайша, ҚР ҰҚК әйелдер арасындағы үш салмақ категориясында екі медальға қол жеткізді. Алдыңғы жарыста Марина Вольнова «қола» жүлдегер атанған болатын. 60 кг-ға дейінгі салмақ категориясында Гүлжайна Үббіниязова бәсекелескен болатын.