Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Жемісті нәтиже

07 Қыркүйек, 2014

 Бүкіләлемдік бокс академиясында (Алматы облысы, Талғар ауданы) APB және WSB бағдарламалары бойынша АИБА-ң сертификатталған семинары аяқталды. Семинарға жаттықтырушылар, төрешілер, супервайзерлер, ITO – әлемнің 15 елінен барлығы шамамен 160 адам қатысты. Олардың ішінде, атап айтсақ, Қазақстан құрамасының жетекшісі Мырзағали Айтжанов та бар.

АРВ және Халықаралық бокс ассоциациясының әртүрлі комиссиясының инструкторлары бір апта бойына тыңдаушыларды АИБА-ң жаңа жобасының ережелері мен ерекшеліктерін үйретті. Курстың жаттықтырушыларға арналған бөлімін кәсіби бокстан тәжірибесі бар мамандар тобы жасады. Семинарға қатысушылар бұл бөлімнің жаңаша және қызықты болғанын атап айтты.
 
Теориялық және іс-тәжірибелік сабақтар емтихан тапсырумен аяқталды, АРВ жарыстарына бара алатын спортшылардың аты жақын күндерде мәлім болады.
 
АРВ жобасы немесе АИБА про-боксинг 24 қазанда басталады, біздің еліміз 60 кг-*ға дейінгі салмақ категориясындағы жекпе жектерге қатысатын болады. Қазақстан жарысқа бес спортшысын шығарады. Айқастардағы раундтар саны 6-дан 12-ге дейін болады. 2015 жылғы қаңтардың соңында белгілі болатын, чемпион титулдарының иегерлері Риода өтетін Олимпиада Ойындарында өнер көрсету құқығына ие болады.
 
17 қыркүйекте Бүкіләлемдік бокс академиясында АРВ –ң жеребе тарату рәсімі өтеді. Осы күні оқу-спорттық кешенінің ашылу салтанаты өтеді.

Наверх