Қазақстан боксы кезекті жеңіске жетті – біздің еліміз 2016 жылы әйелдер арасында әлем чемпионатын өткізеді!
17 Шілде, 2014
Қазақстан 2016 жылғы ақпанда бокстан әйелдер арасында әлем чемпионатын өткізеді.
Бүгін Стамбулда АИБА Халықаралық бокс ассоциациясының атқарушы комитеті жақында тұсауы кесілген, әлем біріншілігін өткізуге отандық мәлімдемесін мақұлдады. Спорттың бұл түрі әлемге әйгілі болған әлем чемпионатын өткізуге бізден басқа Қытай, Англия мен Ресей – Қазақстанның ең күшті бәсекелестері еді. Алайда, АИБА атқару комитетінің мүшелері қазақстандық таныстыруға ерекше әсерде болып, 20 дауыстың 18-ін біздің елімізге берді, Қытай 2-ші болды.
2016 жылғы әлем чемпионатында Риода (әйелдер арасындағы олимпиадалық салмақ категориясында – 51, 60 және 71 кг-ға дейін) өтетін Олимпиадалық ойындарға жолдамалар ойнатылады, яғни аталған жарыс екі рет құрметті аталмақшы. Біздің еліміз бұрын да жасөспірімдер арасында әлем чемпионатын (Астана, 2011 жыл) және ересектер арасында әлем чемпионатын (Алматы, 2013 жыл) өткізген болатын. Төрт жыл бұрын астанада әйелдер арасында әлем біріншілігі өткізілді.
АИБА атқару комитетінің мәжілісі жыл сайын шілде айында өткізіледі. Әлем боксын дамытудың маңызды көріністері, ағымдағы жағдайлар мен дамытудың болашағы талқыланды. Қазақстанды ағымдағы жылы форумда Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Бекжан Бектенов, вице-президенттері Юрий Цхай мен Серік Қонақбаев, халықаралық байланыстар жөніндегі үйлестіруші Динара Болатбекқызы таныстыратын болады.