Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Шымкент және Түркістан облысының бокс федерациясы Арыстағы көшірілгендерге көмек көрсетті

26 Маусым, 2019

Арыс тұрғындарының көпшілігі уақытша Шымкентте орналасқан. Қалалық мектептер мен колледждерде 30-дан астам эвакуациялық пункттер жұмыс істейді, онда қазір жалпы саны екі мыңнан астам адам бар.

Қазір №35 мектептің акт залында тұратын көшірілген адамдарға Шымкент бокс федерациясы көмек көрсетті. Мұнда 120 адам, оның ішінде 60 бала орналасты. Федерация қызметкерлері адамдарды тасымалдауға көмектесті, содан кейін алғашқы уақытта қажет болатын суды, азық – түлікті, памперсті, киімді жинап алып, алып келді және әйелдер мен балаларға түскі ас дайындауға көмектесті.

- Үйсіз қалған көптеген адамдарды көру өте қиын. Бірақ олар өз үйлеріне оралуға үмітттерін үзбей жүр. Біз осы күндері өзімізді біртұтас ешкімді қайғыға қалдырмайтын, бей-жай қарамайтын, туған – туыс боп сезіндік, - деді Шымкент және Түркістан облысының бокс федерациясының менеджері Татьяна Соколова. – Біз біріксек, барлық мәселелерді оңай шеше аламыз.

Ұлттық Олимпиада комитеті мен спорт федерациялары Арыстан зардап шеккендер үшін бір күндік жалақысын аударды. Көшірілгендерге көмек еліміздің барлық өңірлерінен түрлі спорт ұйымдарынан келіп түсуде.

 

Наверх