Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Үш отандасымыз Мажарстанда өткен жарыста чемпион атанды

10 Ақпан, 2019

9 ақпан күні Дебрецен (Венгрия) қаласында Иштван Бочкай атындағы 63 халықаралық турнир өз мәресіне жетті. 

Сәкен Бибосынов (52 кг), Серік Теміржанов (60 кг) пен Құлахмет Тұрсынбай (75 кг) турнирді жеңіп алды. Сәкен Бибосынов (52 кг) финалда украиналық Игорь Сопинскиден басым түсті. Серік Теміржанов (60 кг) Таиланд өкілі Джунтронга Руджаукранды жеңді. Кұлахмет Тұрсынбай  Бартош Голебивскиден (Польша) айласын асырды. Оразбек Асылқұлов (56 кг) финалда Самуэль Кистохарриден, ал Сабыржан Бекбергенов (64 кг) жартылай финалда Украина өкілі Александр Меленюктан ұтылған болатын.

Сонымен қатар, Серік Теміржанов турнирдің ең үздік боксшысы атығана ие болды.

Осылайша 5 медаль иеленген ұлттық құрама командалық есепте екінші орынға табан тіреді. Бірінші орын Ресей, ал үшінші орын Мажарстанға бұйырды.

Наверх