Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Бүгін Әлем біріншілігінің жартылай финалында жерлесіміз бокстасады

22 Қараша, 2018

60 келі салмақта ел намысын қорғайтын аруымыз Карина Ибрагимова мен Ирланд Республикасынан келген Келли Харрингтон жекпе-жегін «BFI Official» деп аталатын YouTube каналынан 16:30 тікелей эфирде көре аласыз (6 жұп)

Бүгін және ертең Нью-Делиде жалауын көтерген бокстан әйелдер арасындағы Әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесулері өтеді. 62 мемлекеттен келген 270 спортшының ішінен іріктеліп шыққан мықтылар теке-тіресінің тартысты болары сөзсіз.

Алғашқы күні Карина Ибрагимова (60 кг) рингке көтеріледі. Оның қарсыласы Ирланд елінің өкілі Келли Харрингтон 2016 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Айта кетейік, Карина Ибрагимова ширек финалда 2016 жылдың Әлем чемпионы Венлю Янгты 5:0 есебімен жеңген болатын.

Карина Ибрагимова Ақмола облысының спортшысы. 2015 жылғы ел біріншілігінің күміс жүлдегері. Спорт шеберінен үміткер.

Ар ертең, яғни, 23 қараша күні Жайна Шекербекова (51 кг) Цукими Намикиге (Жапония) қарсы өнер көрсетеді (1 жұп). Бұл жекпе-жкеті де «BFI Official» арнасынан тамашалайсыз.

Жайна Шекербекова 2010 жылғы Азия чемпионы, 2013-2014 жылдары қатарынан ҚР чемпионаттарының жеңімпазы атаған, 2016 жылғы Әлем біріншілігінде қола жүлдеге қол жеткізген, бірнеше мәрте халықаралық дәрежедегі турнирлерде алтынан алқа тағынған өте тәжірибелі спортшы. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Фото: Сергей ШТРАК

Наверх