Қазақстан бокс федерациясының ұжымы атақты боксшымызды туған күнімен құттықтайды
2012 жылғы Лондон Олимпиадасының жеңімпазы, Вэл Баркер Кубогының иегері, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев бүгін 35 жасқа келіп отыр.
Құрметті Серік Жұманғалиұлы!
ҚБФ ұжымы Сізді төл мерекеңізбен құттықтай отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға береке-бірлік және еңбегіңізге табыс тілейді. Мемлекетіміздің қарыштап дамуы жолындағы жұмысыңыз жандана берсін.