Оның есімі қазақ боксының тарихында алтын әріппен жазылып қалмақ
Лондон және Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Азиада жеңімпазы Әділбек Ниязымбетов рингтегі карьерасын аяқтағанын мәлім етті. Бұл жаңалыққа қатысты ұлттық құрама команданың бас бапкері Мырзағали Айтжанов өз ойын айтты.
"Әділбек әр спортшының маңдайына бұйыра бермейтін жеңістерге қол жеткізді. Олимпиада ойындары мен Әлем чемпионатының финалына тек мықтылар шығады. Сондықтан отандық бокс алдында сіңірген еңбегі орасан", - дейді Мырзағали Айтжанов.
Әділбек Ниязымбетов бокстан ұлттық құрама команданың капитаны болып, бұл міндетті де абыроймен атқарды. ҚР біріншілігі аяқталған соң бапкерлер кеңесі құрама сапында өнер көрсететін боксшылармен бірге жаңа капитанды да бекітпек.
Ұлы жібек жолы: Қазақстан боксшылары Бакудегі турнирге қатысады 19 Наурыз, 2024
Қазақстан боксшылары Belgrade winner турнирінен 4 алтын, 4 күміс еншіледі 18 Наурыз, 2024
“Belgrade winner” турниріне 12 боксшы қатысады 13 Наурыз, 2024
Қазақстан боксшылары Италиядағы әлемдік лицензиялық турнирден бес жолдама еншіледі 12 Наурыз, 2024