Бокстан әйелдер құрамасының бас бапкері Вадим Присяжнюк ҚБФ сайтына сұхбат берді
Барлық өңірлердің ең мықты деген боксшы қыздары Астанада спарринг өткізді. Бапкерлер әр спортшының шама-шарқын бағамдап Нью-Делиге баратын ұлттық құрама мүшелерін бекітті.
- Әйелдер құрамасы үшін биылғы жыл жемісті болды деп айта аласыз ба?
- 4 жылда бір болатын Азияның Олимпиада ойындарында ойдағыдай өнер көрсете алмадық. Алайда, Индонезияда жіберген олқылықтың орнын Үндістанда толтырамыз деп ойлаймын. Польшада болған халықаралық турнирде 4 алтын алдық. Бірақ бұл, әрине, Әлем чемпионаты немесе Азиада емес.
- Үндістанға кімдерді апаратын болдыңыз?
- Қасенаева Әйгерім (48 келі), Жайна Шекербекова (51 келі), Дина Жоламан (54 келі), Назым Ищанова (57 келі), Карина Ибрагимова (60 келі), Милана Сафронова (64 келі), Ақерке Бақытжан (69 келі), Аида Оңдаш (75 келі), Фариза Шолтай (81 келі) жәнеЛәззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары).
- Іріктеуді қалай жүргіздіңіздер?
- Біз спортшылардың жыл бойы қалай өнер көрсеткендеріне қарап және жаңа болған спаррингтің нәтижесіне көңіл бөлдік. Мысалы, Карина Ибрагимова (60 келі) өзін турнирлерде жақсы көрсетті. Дариға Шәкімова (75 келі),өкінішке орай, бара алмайды. Өйткені, Алматыдағы оқу-жаттығу кезінде жарақат алып қалды. Бұл салмақта Аида Оңдашөнер көрсетеді. Азиадаға барған 51, 57, 60 келі салмақ дәрежелеріндегі спортшылар (Назым Қызайбай, Сәния Сұлтанкызы мен Римма Волосенко) Әлем чемпионатына қатыспайды деп басында келісілген болатын.
- Дайындықтарыңыз қалай болып жатыр?
- 1 мен 21 қазан аралығында Алматының тау бөктерінде оқу-жаттығу өткіздік. 1-12 қарашада Астанада соңғы дайындығымызды өткіземіз.
- Әлем чемпионатынан қандай үміт бар?
- Біз әрине неғұрлым көбірек медаль алғымыз келеді. Басты қарсылас деп Азия елдерінің боксшыларын, АҚШ пен Ресей өкілдерін айтар едім. Бірақ бұл басқалары нашар деген сөз емес. Әлем чемпионатында осал қарсылас болмайды.