Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Қазақстандық боксшылар Ташкентте өтетін Азия чемпионатына толық құрамда қатысады

10 Сәуір, 2017

2017 жылғы 30 сәуір - 7 мамыр аралығында Өзбекстан астанасында ересектер арасында бокстан Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлады Азия бокс конфедерациясы.

Наурыз соңында құрылықтық іріктеу біріншілігінде командаларды тіркеу аяқталады, онда Гамбургтегі әлемдік чемпионатқа лицензия ойнатылады. «Алдын ала ақпарат бойынша 29 елден 200-ден астам боксшы қатысады деп күтіп отырмыз. Конфедерация президенті Серік Қонақбаев атап өткендей, бізге Ауғанстан, Бутан, Ливан, Пәкістан, Сирия сияқты елдердің қатысқаны аса маңызды. Күрделі жағдайға қарамастан бұл мемлекеттер бокстың дамуына мүмкіндік табады», - деді АБК атқарушы директоры Бақдәулет Төреханов.

 

13 елден толық команда бар, олар Үндістан, Иран, Иордания, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Тәжікстан, Филиппин, Шри-Данка, Өзбекстан, Оңтүстік Корея.

 

«Егер өткен онжылдықтың серпініне қарасақ, 2007 жылы азиялық біріншілікте Моңғолияда 18 елден 144 боксшы қатысты. 2009 жылы Қытайда - 18 елден 119 спортшы, 2011 жылы Оңтүстік Кореяда 22 мемлекеттен 135 боксшы, 2013 жылы Иорданияда 27 елден 162 қатысушы, 2015 жылы Тайландта 28 елден 188 атлет қатысты. Бұл статистика біздің өңірде бокстың ілгерілеп дамуын көрсетеді, - деп атап өтті Төреханов. Ересектер арасында бокстың басты біріншілігі 30 сәуірде «Өзбекстан» спорт кешенінде басталады. Финалдық жарыстар 2017 жылғы 7 мамырда өтеді.


inform.kz

Наверх