Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

«Астана Арланс» боксшылары «Өзбек Тайгерс» командасын жеңді

18 Ақпан, 2017

Жекпе-жектер Талдықорған қаласында өтті.

Қазақстандық "Астана Арланс" клубының боксшылары Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жаңа маусымында  "Өзбек Тайгерс" командасын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

 

Айта кетейік, жекпе-жек Талдықорғанда өтті. 52 келіге дейінгі салмақта Олжас Саттыбаев пен Аброржон Қадыров бақ сынасты. Бес раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы жеңіске жетті. Екінші жекпе-жекте Закир Сафиуллин (60 келі салмаққа дейін) Риодағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Мурорджон Ахмадалиевты жеңіп шықты. Ал үшінші жекпе-жекте қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов Рио Ойындарының күміс жүлдегері Шахрам Гиясовпен жұдырықтасып, "Астана Арланс" клубына үшінші ұпайды алып берді. Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері өзбек боксшысы Бектемир Меликузиев Нұрдәулет Жармановты жеңді. Қамшыбек Қоңқабаев өзбек боксшысы Баходир Жалоловты жеңіп, 4:1 есебімен "Астана Арландары" жеңіске жетті.

Наверх