Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Қазақстандық үш боксшы – жасөспірімдер арасындағы бокстан әлем чемпионатының финалында

15 Қыркүйек, 2013

Бүгін, 15 қыркүйекте Киев қаласында (Украина) өтіп жатқан, жасөспірімдер арасындағы бокстан әлем чемпионатының финалына қазақстандық үш спортшы Абылайхан Жүсіпов, Рахат Маржықпаев пен Қадырбек Садықбек чемпионның титулына күресіп жатыр. 

Кеше Астана қаласының уақытымен түнде аяқталған, жартылай финалды бәсекеде, салмақ категориясы 57 былайхан Жүсіпов түрік спортшысы Онур Арсланды 3:0 есебімен, 66 кг салмақты Рахат Маржықпаев Өзбекстандық Эльдар Маржановты 3:0 есебімен жеңіп шықса, 70 кг салмақты Қадырбек Садықбек ресейлік Владимр Харченконы басып озды (2:1).


Қазақстандық бес боксшымыз Әлімжан Бескемпір (46 кг), Серік Теміржанов (48 кг), Стоян Мазур (50 кг), Бауыржан Темірхан (52 кг), Дмитрий Зиско (+80 кг) жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің қола жүлдегерінің иесі атанды.


Жартылай финал қорытындылары

Session 10A

Session 11A

Наверх