Будвада жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасының сапынан 7 боксшы финалға шығып, соның ішінде алты спортшы жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы 6 алтын, 1 күміс және 10 қола медальмен командалық есепте топ жарды. Екінші орында - Өзбекстан (5 алтын, 5 күміс, 3 қола), үздіктер үштігін Ресей түйіндеді (5 алтын, 2 күміс, 1 қола).
Сонымен қатар, Төрехан Сабырхан әлем чемпионатының үздік боксшысы деп танылды.
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.