Казахстанская
федерация Боксаkfb.kz

Новости

Мемлекет басшысы бокстан әлем чемпионатының жүлдегерлерін қабылдады

16 мая, 2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Өзбекстанның  Ташкент қаласында өткен  әлем чемпионатының жеңімпаздары – Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай және күміс медаль иегері Дулат Бекбауовты, сондай-ақ бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері мен бапкерлерін қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы  спортшыларды әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтап, бұл күллі еліміз үшін айтулы оқиға екенін атап өтті.


– Әлемдік жарыста төрт  алтын, бір күміс медаль алу – зор жетістік. Қазақ жігіттері әлем чемпионы атанып, еліміздің мерейін өсірді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық жанкүйерлерге алғысымды білдіремін. Олардың дауысы сонау Ташкент төрінен анық естілді. Дәл осындай шынайы қолдау спортшыларымызға айрықша күш бергені сөзсіз.   Спорт додасын бүкіл халқымыз көрді, сіздерге тілекші болды  деп айтсақ, артық болмайды. Мен де финалдағы жекпе-жектерді түгел көрдім. Жігіттеріміз ел намысын қорғау үшін бар күшін салып айқасты. Желбіреген көк туымызбен және әнұранымызбен бірге халқымыздың рухы көтерілді. Ұлттың асқақ рухы және отаншылдық қасиеті дегеніміз – осы! Өйткені спортшыларымыздың әрбір жеңісі елді қанаттандырады.  Шын мәнінде, өткен жексенбі қазақ боксының асығы алшысынан түскен күн болды. Мұхиттың ар жағында Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағын абыроймен қорғады. Оның жеңісті жолы  Ташкентте жалғасты. Осының бәрі барша қазақтың мерейін тасытты, – деді Президент.

Мемлекет басшысы қазақ спортының жаңа белеске көтеріліп келе жатқанына назар аударды.  

– Шахматшы Бибісара Асаубаева блицтен әлем чемпионы атанды. Теннисші Елена Рыбакина беделді турнирлерде қатарынан бірнеше рет топ жарды. Балуандарымыз, оның ішінде қыздарымыз да бар, Азия чемпионатында 7 алтын медаль алды. Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан Азия чемпионы болды. Футболшыларымыз, хоккейшілеріміз жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Әрине, спортта жеңіс те, жеңіліс те болады. Дегенмен біздің спортшыларымыз биік белестерді бағындырып келеді. Бұған бапкерлер мен басқа да спорт мамандарының зор еңбек сіңіргені анық. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  

Президент елімізде спорт саласын дамытуға айрықша мән берілетінін, жастардың жаппай спортпен айналысуына қажетті жағдай жасалатынын айтты.

Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, спортшыларға  сәттілік тілеп, алдағы байрақты бәсекелерде ел намысын лайықты қорғайтынына сенім білдірді. Сондай-ақ Қазақстан бокс федерациясының басшылығына,  спортшылар мен бапкерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарын табыс етті.

Президент Касым-Жомарт Токаев принял победителей чемпионата мира по боксу в Ташкенте Санжара Ташкенбая, Махмуда Сабырхана, Асланбека Шымбергенова, Нурбека Оралбая, серебряного призера Дулата Бекбауова, а также членов и тренеров сборной Казахстана по боксу, сообщает официальный сайт Акорды.

Глава государства поздравил спортсменов с яркой победой на прошедшем мировом первенстве, которая стала значимым событием для всей страны.

– Вы завоевали четыре золотые и одну серебряную медаль на мировом первенстве – это замечательное достижение. Наши казахские батыры стали чемпионами мира и прославили страну. Пользуясь случаем, выражаю благодарность всем болельщикам, чьи голоса были слышны на трибунах в Ташкенте. Такая искренняя поддержка, несомненно, придала нашим спортсменам особую силу. Не будет преувеличением сказать, что за поединками внимательно следила вся страна. Я также с большим интересом посмотрел финальные бои. Наши ребята отдали все силы для того, чтобы достойно защитить честь страны. Взметнувшийся ввысь флаг и звуки нашего гимна воодушевили весь народ. В этом и заключается величие духа и патриотизм! Несомненно, прошлое воскресенье стал триумфальным для боксеров Казахстана. За океаном Жанибек Алимханулы с честью защитил свой титул. Его победа встала в один ряд с успехами боксеров в Ташкенте. Это действительно вдохновляющие события для всего казахского народа, – заявил Президент.

Глава государства в своей речи отметил подъем в развитии отечественного спорта.

– Шахматистка Бибисара Асаубаева стала чемпионкой мира по блицу. Теннисистка Елена Рыбакина несколько раз подряд достигала высот на самых престижных мировых турнирах. Наши борцы, в том числе и наши девушки, завоевали 7 золотых медалей на чемпионате Азии. Нургиса Адилетулы стал чемпионом Азии по тяжелой атлетике. Казахстанские футболисты и хоккеисты также показывают хорошие результаты. Безусловно, в спорте есть победы и поражения. Вместе с тем наши спортсмены добились больших высот. Всем известно, что немалый вклад в это дело внесли тренеры и другие специалисты в спорте. Выражаю всем искреннюю признательность, – сказал Касым-Жомарт Токаев.

Президент подчеркнул, что в стране уделяется особое внимание развитию спорта, создаются условия для того, чтобы молодежь занималась спортом.

В завершение Глава государства пожелал спортсменам успехов и выразил уверенность в том, что они достойно защитят честь страны на предстоящих соревнованиях. Затем руководству Казахстанской федерации бокса, спортсменам и тренерам были вручены благодарственные письма и почетные грамоты Президента Республики Казахстан.

 

Наверх