Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Иордания астанасы Аммандағы Азия чемпионатына арнайы келіп, дәстүр бойынша финал кезінде жерлестерімізге қолдау көрсетті. Сондай-ақ ол осы сәтті пайдалана отырып, жалпы Азияда боксты дамытуға бағытталған бірқатар халықаралық деңгейде кездесу өткізді.
Азия бокс конфедерациясының басшысы Пичаи Чунхаваджира мырзамен жүздесуден кейін Астана 2022 жылы сары құрлықтың тағы бір былғары қолғап бәсекесін қабылдайтыны белгілі болды. Алдағы уақытта елордада жастар арасындағы Азияның таңдаулы боксшылары анықталмақ. Сонымен қатар осы жиында тараптар бапкерлер, төрешілер мен бокс маңында жүрген өзге де мамандарға арналған семинар өткізу жайлы келісті.
Есіңізге сала кетейік, Қазақстан әйелдер және ерлер құрамасы 21 медальмен (6 алтын, 7 күміс, 8 қола) биылғы додада жалпы есепте 1-орын алды. Әрі Халықаралық бокс ассоциациясының (IBA) жаңарған рейтингінде біздің былғары қолғап шеберлеріміз көш басына шықты.
Осы сәтті пайдалана отырып, біздің командадағы әр азаматқа, Мәдениет және спорт министрлігіне, бастысы, қалың жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз!
В рамках чемпионата Азии по боксу в Аммане, президент Казахстанской федерации бокса Кенес Ракишев, по традиции поддержал своих подопечных в финальных поединках. Помимо этого, он провел ряд важнейших встреч на международном уровне, касающихся дальнейшего развития, как отечественного, так и, в целом всего азиатского бокса.
Итогом переговоров с главой Азиатской конфедерации бокса, господином Пичаи Чунхаваджира стала предварительная договорённость о проведении чемпионата Азии в Астане в 2022 году. Столица Казахстана определит лучших среди молодежи и девушек, юниоров и юниорок. Кроме того, стороны обсудили организацию семинаров для тренеров и судей и других представителей бокса.
Напомним, национальная сборная Казахстана по боксу среди мужчин и женщин, с 21 наградой (6/7/8) заняла первое общекомандное место на чемпионате Азии-2022. Помимо этого, согласно обновленному рейтингу Международной ассоциации бокса (IBA), наши мастера кожаной перчатки сейчас на лидирующей позиции.
Выражаем благодарность всей нашей команде, государству в лице министерства культуры и спорта, и конечно, казахстанским болельщикам за поддержку!
Подготовка к турниру проходила при поддержке акционерного общества Samruk Kazyna и попечительского фонда SportQory