Бүгін Алматы қаласында Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара барысында Кеңес Рақышев, ҚБФ атқарушы директоры Азиз Қожамбетов, республикалық Спортты дамыту дирекциясының директоры және ҚБФ вице-президенті Маратбек Мықтыбеков, Алматы қаласы бокс федерациясының президенті Ержан Қосмамбетов былғары қолғап шеберлеріне, олардың бапкерлері мен Ұлттық құрамадағы кешенді-ғылыми топ өкілдеріне қаржылай сертификат табыстады.
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Түркияда өткен әлем чемпионатында 5 медаль (1 күміс, 4 қола) жеңіп алғанын айта кетейік.
«- Өздеріңіз білетіндей, Ыстамбұлда 72 елден келген 300-ден астам таңдаулы спортшы жүлдеге таласты. Бұл сында да біздің қыздар толық құрамда өнер көрсетіп, лайықты нәтиже көрсетті. Осы тұста бұл біз үшін ең табысты әлем чемпионатының бірі болғанын атап өтуге болады. Өзім осы әлем чемпионатында болып, финалда Алуа Балқыбековаға қолдау көрсеттім. Өз басым біздің жарқын жеңістеріміз әлі алда деп сенемін. Бәріңізге тынбай еңбек етіп, қайсарлық танытқандарыңыз үшін алғыс айтамын», - деді Кеңес Хамитұлы құттықтау сөзінде.
Кішігірім баспасөз конференциясынан кейін еліміздің үздік боксылары ақшалай сертификаттар мен соңғы үлгідегі ұялы телефонға ие болды. Кеңес Рақышев өз атынан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алуа Балқыбековаға 30 000 АҚШ долларын табыстады. Ал қола жүлдегерлер – Жайна Шекербекова, Дина Жоламан, Карина Ибрагимова мен Валентина Халзова федерация президентінен 10 000 АҚШ долларын алды.
Шамиль Сафиуллин бастаған жаттықтырушылар штабының өкілдері, жеке жаттықтырушылар мен ғылыми топ та назардан тыс қалмады. Олар 800-ден 1 300 АҚШ долларына дейін сыйақы алды.
В г. Алматы состоялась церемония награждения призеров чемпионата мира по боксу среди женщин в г. Стамбул (Турция). Президиум мероприятия в лице президента Казахстанской федерации бокса Кенеса Ракишева, исполнительного директора КФБ Азиза Кожамбетова, директора Дирекции развития спорта, вице-президента КФБ Маратбека Мыктыбекова и президента Федерации бокса г. Алматы Ержана Космамбетова вручил денежные сертификаты спортсменкам, тренерскому штабу, представителям комплексно-научной группы.
Сборная Казахстана по боксу среди женщин на чемпионате мира в Турции завоевали 5 медалей (1 серебряную и 4 бронзовых).
«- Как вы знаете, в Стамбуле за медали боксировали более 300 спортсменок из 72 стран. Наши девушки в полном составе выступили на турецком ринге и показали достойный результат. 5 медалей – это лучший выездной результат в количественном соотношении. Я сам был на этом чемпионате мира, лично болел за нашу Алуу Балкибекову в финале. Конечно, мы все надеемся и верим что главные наши победы еще впереди. Выражаю вам всем свою благодарность за ваш труд и самоотверженность», - сказал в приветственном слове Кенес Хамитович.
После непродолжительной пресс-конференции, лучшие из лучших женского бокса Казахстана получили денежные сертификаты и сотовые телефоны последних моделей. Кенес Ракишев от своего имени вручил серебряному призеру ЧМ Алуе Балкибековой 30 000 долларов США. Бронзовые призеры ЧМ Жайна Шекербекова, Дина Жоламан, Карина Ибрагимова и Валентина Хальзова получили от рук президента по 10 000 долларов США!
Не остались без внимания и представители тренерского штаба во главе с Шамилем Сафиуллиным, личные тренеры и комплексно-научная группа. Сумма их вознаграждений от президента КФБ составила от 800 до 1 300 долларов США.
Ақтауда жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды 09 декабря, 2024
Бағдат Оңғарбеков: Отын шауып, үй шаруасын жасап өскен ауылдың балалары физикалық тұрғыда бір бас жоғары екенін көрсетті 28 ноября, 2024
Атырауда жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті 26 ноября, 2024
Шымкентте халықаралық турнир үздіктері анықталды 04 октября, 2024