ӘЛЕМДЕГІ ЕКІ БОКС ДЕРЖАВАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ЖҮЗДЕСТІ
05 мая, 2022
Бүгін Қазақстан бокс федерациясының Атқарушы директоры Азиз Қожамбетов Қазақстандағы Куба Республикасының жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Оскар Сантана Леонмен кездесті.
Тараптардың жүздесіп, бокстан екі ел арасындағы әріптестікті талқылауына кубалық Елші бастамашы болды. Оскар Сантана Леон мырза 28 маусым мен 5 шілде аралығында Нұр-Сұлтанда өтетін "Елорда Кубогі" халықаралық турнирінде бақ сынайтын отандастарының тізімін ұсынды. Сондай-ақ қазақ-куба бокс мектебі арасындағы байланысты жандандыра беруге құлықты екенін жеткізді.
Осы орайда еліміздің бокс федерациясы ежелден бостандық аралының өкілдерімен тығыз қарым қатынаста екенін айта кеткен жөн.
Алдағы, "Елорда Кубогі" бәсекесінің қорытындысы бойынша қыркүйекте Қытайдың Ханчжоу қаласындағы жазғы Азия ойындарына аттанатын боксшылар анықталады.
ВСТРЕЧА ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ БОКСЕРСКИХ ДЕРЖАВ
Исполнительный директор Казахстанской федерации бокса Азиз Кожамбетов встретился с Чрезвычайным и Полномочным послом Республики Куба Оскаром Сантана Леоном. Встреча носила неформальный характер, главная цель - продолжить традицию дружеских отношений в вопросах развития бокса.
Как известно, в период с 28 июня по 5 июля в г. Нур-Султан состоится I Международный турнир "Елорда Кубогі". Ожидается приезд ведущих боксеров мира, в том числе и представителей Острова Свободы. В настоящее время для кубинской делегации готовятся визы.
По словам инициатора встречи, г-на Оскара Сантана Леона - подобные мероприятия между Посольством Кубы и КФБ будут иметь долгосрочные отношения.
Отметим, что по итогам "Елорда Кубогі" будет сформирован состав национальной сборной Казахстана по боксу на XIX летние Азиатские игры в г. Ханьчжоу (КНР).