Казахстанская
федерация Боксаkfb.kz

Новости

Бокстан әйелдер құрамасының ел спортының басшыларымен кездесуі

19 марта, 2022

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев пен "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК директоры Маратбек Мықтыбеков бокстан әйелдер құрамасымен кездесті. 

Бас бапкер Шамиль Сафиуллиннің шәкірттері "Қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығының” базасында өзбекстандық боксшы қыздармен бірлескен оқу-жаттығу жиынын және матчтық кездесулер өткізуде. 
Кездесу алға қойылған мақсаттармен  таныстыру бағытында өтті. Самат Серікқанұлы Түркияда әйелдер арасында өтетін әлем чемпионаты (2022 ж. мамыр) және Қытайдағы жазғы Азия ойындары (2022 ж. қыркүйек) қарсаңында Ұлттық құрама команда мүшелерінің әрқайсысына көңіл бөліп, жұмыс істеу өте маңызды екенін айтты. Спортшылар мен жаттықтырушыларды не мазалайды, қандай қажеттіліктер бар, дұрыс тамақтану мен сапалы дәрумендеуді таңдау, осы мәселелердің барлығы ашық талқыланып, хаттамаланды. Төраға сөз соңында спортшыларға  мықты денсаулық пен жарыстардың  жарақатсыз өтуін тіледі. Сондай-ақ жарыс жолында жаңа үлкен жеңістерге жетуге сенім білдірді.
 
 
Председатель Комитета по делам спорта и физической культуры Самат Ергалиев и директор РГКП “Дирекция развития спорта” Маратбек Мыктыбеков посетили национальную женскую сборную Казахстана по боксу. 
Подопечные главного тренера Шамиля Сафиуллина на базе "ЦОП по зимним видам спорта" проводят совместный учебно-тренировочныйсбор и матчевые встречи с девушками-боксерами из Узбекистана. 
Встреча носила ознакомительный характер с перспективой на будущее. По словам Самата Сериккановича, в преддверии женского чемпионата мира в Турции (май 2022 г.) и летних Азиатских игр в Китае (сентябрь 2022 г.) важно акцентировать внимание на каждом из членов НСК. Что беспокоит спортсменов и тренеров, какие нужды испытывают, вплоть до выбора правильного питания и качественной витаминизации. Все эти вопросы открыто обсуждались и протоколировались. Интерактив завершился пожеланиями руководства здоровья без травм и новых больших побед.
Стоит отметить, что после завершения зимних Олимпийских и Паралимпийских игр именно эта встреча станет определяющей точкой отсчёта в развитии спорта в Казахстане. Подобная инициатива Комитета и Дирекции развития спорта - начало большого пути в работе со всеми представителями отечественного спорта.
Наверх