Көкейдегі сұрақ...
27 февраля, 2022
Бүгін “Странджа Кубогының” соңғы жарыс күнінде қазақстандық бокс жанкүйерлері біздің былғары қолғап шеберлеріміздің жекпе-жектерін асыға күтеді.
“Қазақстандағы номер бірінші спорт түрінің” жанкүйерлерінің көкейінде бір сұрақ бар: жалғыз МЕМЛЕКЕТТІК СПОРТ АРНАСЫНДА трансляция неге жоқ деген. Бұл Дүниежүзінің ең мықты құрамаларының үздік боксшылары жиналған “кіші әлем чемпионаты” емес пе? Ақпан мен қыркүйек айларында Түркия мен Қытайда өтетін әйелдер арасындағы әлем чемпионаты мен Азия ойындары алдындағы үлкен дайындық қой.
Бірақ Qazsport телеарнасы КӨРЕРМЕНДЕРІ не көргісі келетінін түсінгісі келмейді!!!
Желтоқсан айында Оралда өткен ҚР чемпионатын толық көрсетуге техника жетпегенде түсіністікпен қарадық. Екі жарыс күнін ғана түсірді. Ал Щучинсктегі әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының бір күнін ғана көрсетті. Боксшыларымыз түрлі жарыстардан жүлдесіз қайтпайтынын біле тұра. Қазіргі қиын-қыстау кезеңде боксшыларымыз өз жеңістерімен халқымыздың патриоттық сезімін оятар еді. Қуанышқа бөлер еді.
Осыған орай, еліміздің бокс сүйер қауымы Qazsport телеарнасына көрермен талғамына қашан құлақ асады деген сауал жолдайды?!
Сегодня в заключительный день "Кубка Странджа". Все болельщики казахстанского бокса ожидают супербои с участием наших мастеров кожаной перчатки!
И здесь очень большой вопрос - многие наши любители "спорта один в Казахстане" спрашивают - почему нет трансляции на единственном в стране ГОСУДАРСТВЕННОМ СПОРТИВНОМ ТЕЛЕКАНАЛЕ? Это же малый чемпионат мира - здесь представлены сильнейшие боксеры из своих сборных! Идёт большой смотр и генеральная репетиция реальных претендентов на большие соревнования - это женский чемпионат мира в Турции и Азиатские игры в Китае. Они состоятся уже в апреле и сентябре этого года...
Но телеканал Qazsport даже не планируют понимать что хочет по-настоящему видеть ЕГО ТЕЛЕЗРИТЕЛЬ!!!
Ладно, мы понимали когда не хватало техники на декабрьский чемпионат РК в Уральске. Там показали лишь два дня турнира. А ещё ранее лишь один день с ЧРК по боксу среди женщин в Щучинске... При этом, все знают что наш вид спорта стабильно приносит медали на всех соревнованиях. Боксеров любят и уважают в стране. Тем более в это сложное время всем казахстанцам уж точно не помешали бы минуты радости, патриотизма от выступления наших боксёров!
В связи с этим боксерское сообщество Казахстана требует ответа на один лишь вопрос - когда телеканал Qazsport искренне будет с нами?!