Казахстанская
федерация Боксаkfb.kz

Новости

ҰОК ЖӘНЕ ҚБФ БОКС ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ!

18 ноября, 2021

Бүгін, 18 қараша күні Алматы қаласында Ұлттық Олимпиадалық комитет пен Қазақстан бокс федерациясы бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне құрмет көрсетті. Спортшылар мен жаттықтырушылар, сондай-ақ, ғылыми-кешенді топтың мүшелері әлем чемпионатын нәтижелі аяқтағаны үшін ақшалай сыйақыға ие болды.

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы 6 қарашада Белградта аяқталған әлем чемпионатында жалпы командалық есепте екінші орынға тұрақтады. Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов әлем чемпиондары атанса, Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржанов күміс жүлдеге, Абылайхан Жүсіпов қола жүлдеге ие болды.

Салтанатты шараға Қазақстан ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков пен Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев қатысты.

Боксшыларға ақшалай сыйлықтарды Қазақстан бокс федерациясының басшысы Кеңес Рақышев табыс етті. Әлем чемпиондары әрқайсысына 70 мың АҚШ долларынан, күміс жүлдегерлерге 50 мың доллардан, қола жүлдегерлерге 25 мың АҚШ долларынан табыс етілді. Бокстан ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов, әлем чемпиондардың Қуанышбай Көкішев пен Мырзағали Айтжановтың жеке бапкерлері 10 мың АҚШ долларын алды. Күміс жүлдегерлерінің жеке жаттықтырушылары Ілияс Оралбеков пен Азамат Мақажановтың – 8,5 мың доллар, қола жүлдегердің жеке жаттықтырушысы  Бауыржан Аманбаевтың – 5 мың доллардан табысталды.

- Бокс – біздің елімізде ұлттық спорт түріндей саналады. Бізде әрқашан ұрпақтар сабақтастығы бар. 2009 жылы Тимур Құлыбаев Федерация тізгінін ұстағанда, мен вице-президент болдым. Біз сол кезде құрылған жоспардың негізінде жұмыс жасап келеміз. Белградтағы Әлем чемпионатына келсек, жаңартылған құрам сәтті өнер көрсетті. Бізге алға қойған мақсатымзға жеттік және бокс сүйер қауымның да көңілінен шықтық деп есептеймін. Спортшыларымызды Белградтағы жетістерімен құттықтаймын. Сонымен Ұлттық Олимпиада комитетіне боксшыларымызды қолдағаны үшін алғыс білдіремін!, - деді өз сөзінде ҚБФ президенті Кеңес Рақышев.

Сондай-ақ жүлделер жаттықтырушылар құрамының өкілдеріне, кешенді ғылыми топ мамандарына, әлем чемпионатына қатысқан басқа да спортшылар мен команда мүшелеріне берілді.

Нуркен Андасов  (аға бапкер) – 7 000 АҚШ доллары

Саматали Төлтаев (60 келі) – 800 000  теңге

Санатали Төлттаев (63,5 келі) – 800 000  теңге

Асланбек Шымбергенов (71 келі) – 800 000  теңге

Нурканат Райыс (75 келі) – 800 000  теңге

Нұрбек Оралбай (80 келі) – 800 000  теңге

Бек Нұрмағанбет (86 келі) – 800 000  теңге

Айбек Оралбай (92 келі) – 800 000  теңге

Нұрлан Сапарбай (+92 келі) – 800 000  теңге


Спортшылардың жеке бапкері:

Мақсат Бақтыбазаров  (ағайынды Төлтаевтар бапкері) – 800 000 теңге

Ермек Ертаев (А.Шымбергеновтің бапкері) – 400 000 теңге

Нұрлан Айтуаров (Н. Райыс бапкері) – 400 000 теңге

Асқар Еркебаев (ағайынды Оралбай бапкері) – 800 000 теңге

Қанат Орақбаев (Б. Нұрмағанбет бапкері) – 400 000 теңге

Нуркен Андасов (Н.Сапарбай бапкері) – 400 000 теңге

Асқар Шарипов, команда жетекшісі – 2 000 АҚШ доллары

Талғат Куканов, дәрігер – 2 000 АҚШ доллары

Әлібек Абилов, массаж – 2 000 АҚШ доллары

Айта кетерлігі, әлем чемпионатының алтын медаліне ие болған спортшыны мемлекет 15 000 АҚШ долларымен, күміс жүлдегерге – 7 000 АҚШ долларын, ал қола жүлдегерге 5 000 АҚШ долларымен марапаттайды. Сонда-ақ, ұлттық құраманың бас бапкері мен жүлдегерлердің алғашқы және жеке жаттықтырушыларына да беріледі.

Сыйақылар Олимпиадалық комитет Алматыдағы жиында салтанатты түрде табыс еткен «Халық банкінің» арнайы шығарылған төлем карталарына аударды.

- Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан Кеңес Ракишев бастаған Қазақстан бокс федерациясын, бапкерлер құрамынн және спортшыларды әлем біріншілігінің медальдарымен құттықтаймын. Бұл нәтиже Олимпиада ойындарынан кейін федерация қайта құрылып, кадрлық өзгерістер енгізіп, жаңа жаттықтырушылар штабымен бірге қателіктермен жұмыс істеп, қорытынды шығарғанын көрсетеді. Бұл жеңістер әрбір отандық жанкүйер үшін маңызды болды, бүкіл ел боксшылардың жетістіктеріне қуанды. Бірақ, әрбір жеңіс пен спорттық жетістіктің артында үлкен команданың – жаттықтырушылардың, спорт дәрігерлерінің, федерацияның орасан зор еңбегі тұрғанын атап өткім келеді. Біз бүгін марапатталатын команданың әр мүшесінің, соның ішінде жеке бапкерлердің, дәрігерлердің, массажшылардың және басқа мамандардың үлесін бағалаймыз, - деді Андрей Крюков.

- Барлық боксшылардың атынан Мемлекет басшысына спортшыларға қолдау көрсетіп, елімізде спортты дамытуға көңіл бөліп отырғаны үшін, сондай-ақ жаттығу жұмыстары мен жарыстарға қатысуымызға барлық жағдай жасап, ел намысын абыроймен қорғауға жігерлендіріп отырған біздің бокс федерациямыз бен Ұлттық Олимпиадалық комитетіне алғыс білдіргім келеді. Біздің қайсысымызды алып қарасаңыз да, әлем чемпионатына басқа да қатысушылар сияқты тек жеңіс үшін аттандық. Бәріміз бірдей үмітті ақтай алмасақ та, ел намысын абыроймен қорғадық деп ойлаймын. Қазіргі таңда спортшылардың бәріне жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін барлық жағдай жасалғанын білеміз және бұдан кейін жаттығуымызды күшейтіп, бұдан да биік белесті бағындырып, қазақстандықтарды қуантуға барымызды саламыз. Баршаңызды Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтаймын!, – деді бокстан құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов.  

Айта кетерлігі, 2022 жылы боксшылар күнтізбесінде үш маңызды дода бар. Олар Азия чемпионаты, 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты және де ең басты дода қыркүйекте Қытайдың Ханьжоу қаласында жоспарланған Азия ойындары.

НОК И КФБ НАГРАДИЛИ ПОБЕДИТЕЛЕЙ И ПРИЗЕРОВ ЧМ ПО БОКСУ

Сегодня, 18 ноября, в Алматы Национальный Олимпийский комитет и Казахстанская федерация бокса чествовали победителей и призеров чемпионата мира по боксу. Спортсмены и тренеры, а также представители комплексно-научных групп получили денежные вознаграждения за успешное завершение мирового первенства.

Мужская команда по боксу завоевала второе место в общем зачёте чемпионата мира, который завершился 6 ноября в сербском Белграде.  Чемпионами мира стали Темиртас Жусупов и Сакен Бибосынов, серебряные награды у Махмуда Сабырхана и Серика Темиржанова, бронзой отметился Абылайхан Жусупов

Церемонию награждения провели генеральный секретарь НОК Казахстана Андрей Крюков и президент Казахстанской федерации бокса Кенес Ракишев.

Денежные премии от своего имени боксёрам вручил глава КФБ Кенес Ракишев. Чемпионы мира получили по 70 тысяч долларов США, серебряные призёры – по 50 тысяч долларов, обладатель бронзы – 25 тысяч долларов США. Главный тренер мужской команды боксеров Кайрат Сатжанов, личные тренеры чемпионов мира Куанышбай Кокушев и Мырзагали Айтжанов получили по 10 тысяч долларов США. Личные тренеры серебряных призёров Ильяс Оралбеков и Азамат Макажанов – по 8,5 тысяч долларов, личный тренер бронзового призера Бауыржан Аманбаев – 5 тысяч долларов.

- Бокс в нашей стране – это практически национальный вид спорта. У нас всегда была преемственность поколений. В 2009 году Тимур Кулибаев возглавил Федерацию, я был вице-президентом. И все задачи, которые тогда были поставлены – мы плавно по ним продолжаем работать, исполняем. Что касается чемпионата мира в Белграде. Обновленный состав проявил себя успешно. Я считаю, что мы выполнили поставленную задачу и оправдали ожидания казахстанских болельщиков. Я поздравляю наших боксеров с успешным выступлением на чемпионате мира. И, конечно же, я хотел бы поблагодарить Национальный Олимпийский комитет за поддержку наших боксёров!, - отметил в своей речи президент КФБ Кенес Ракишев.

Премии также вручены представителям тренерского штаба, специалистам комплексно-научной группы, другим спортсменам и членам команды, участвовавшим в мировом первенстве:

Нуркен Андасов  (старший тренер) – 7 000 долларов США.

Саматали Тольтаев (60 кг) – 800 000  тенге

Санатали Тольтаев (63,5 кг) – 800 000  тенге

Асланбек Шымбергенов (71 кг) – 800 000  тенге

Нурканат Райыс (75 кг) – 800 000  тенге

Нурбек Оралбай (80 кг) – 800 000  тенге

Бек Нурмаганбет (86 кг) – 800 000  тенге

Айбек Оралбай (92 кг) – 800 000  тенге

Нурлан Сапарбай (+92 кг) – 800 000  тенге

 

Личные тренеры спортсменов:

Максат Бактыбазаров  (тренер братьев Тольтаевых) – 800 000 тенге

Ермек Ертаев (тренер Шымбергенова А.) – 400 000 тенге

Нурлан Айтуаров (тренер Райыс Н.) – 400 000 тенге

Аскар Еркебаев (тренер братьев Оралбай) – 800 000 тенге

Канат Оракбаев (тренер Нурмаганбет Б.) – 400 000 тенге

Нуркен Андасов (тренер Сапарбай Н.) – 400 000 тенге

Аскар Шарипов, начальник команды – 2 000 долларов США

Талгат Куканов, врач – 2 000 долларов США

Алибек Абилов, массажист – 2 000 долларов США

Отметим, что страна награждает обладателей золотых медалей чемпионатов мира премиями в размере 15 000 долларов США, серебряных медалистов – 7 000 долларов США, обладатели бронзовых наград награждаются премией в размере 5 000 долларов США. Премии также положены главному тренеру национальной сборной команды, а также первым и личным тренерам призеров мирового первенства. Призовые были перечислены Олимпийским комитетом на специально выпущенные платежные карты от «Халык банка».

- От имени Национального Олимпийского комитета поздравляю Казахстанскую федерацию бокса во главе с Кенесом Ракишевым, тренерский штаб и, конечно, атлетов с медалями мирового первенства. Этот результат – один из лучших за историю независимого Казахстана - демонстрирует, что после Олимпийских игр федерация проделала работу над ошибками, провела кадровые изменения и вместе с новым тренерским штабом сделала выводы. Эти победы были важны для каждого отечественного болельщика, вся страна радовалась успеху боксеров. Хочу подчеркнуть, что за каждой победой и спортивным успехом стоит колоссальный труд большой команды – работы тренеров, спортивных врачей, федерации. Мы ценим вклад каждого члена команды, включая личных тренеров, врачей, массажистов и других специалистов, которые также награждаются сегодня вместе с призерами чемпионата мира, – сказал генеральный секретарь НОК Андрей Крюков.

- Я выражаю благодарность от имени всех боксеров Главе государства, Казахстанской федерации бокса и Национальному Олимпийскому комитету. Мы чувствуем поддержку спортсменов и внимание к развитию спорта, в нашей стране делают все, чтобы позволить нам сконцентрироваться на подготовке и участии в соревнованиях. Каждый из нас ехал за победой, наверное, также, как и все участники чемпионата мира. Не у всех получилось оправдать ожидания, но мы оставляли на ринге себя, чтобы представить свою страну достойно. Мы знаем, что для всех спортсменов сегодня создаются все условия, и мы будем стараться дальше и работать еще больше, чтобы радовать казахстанцев победами. Поздравляю всех с 30-летием Независимости нашей страны, – в ответном слове сказал капитан команды по боксу Абылайхан Жусупов.

На 2022 год у боксёров намечены три крупных турнира ­­– чемпионат Азии, чемпионат Азии U-22 и самый важный – Азиатские игры в сентябре в китайском Ханьчжоу.

 

Наверх