Бокстан Белградта өтіп жатқан Әлем чемпионатында бүгін екі отандасымыз өнер көрсетті. 71 келіде шаршы алаңға Асланбек Шымбергенов көтерілді. Құраманың 90 пайыз өкілі секілді Асланбек те бұндай ірі жарысқа алғаш рет қатысып отыр.
Ирандық Фархад Морадимен кездескен боксшымыз алғашқы раундта-ақ 1/16 финалдың жолдама тағдырын шешіп қойды. Қабағы жарылған қарсыласы жекпе-жекті ары қарай жалғастыра алмады.
Шымбергеновтың келесі қарсыласы өзбек Шахрам Гиясов.
Бокссүйер қауым 86 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Бек Нұрмағамбеттың жекпе-жегін асыға күтті. Кәсіпқой бокста әбден ысылған спортшыдан көрермен жүлде күткен. Дегенмен оның қарсыласы осал болмай шықты.
Жасөспірімдер арасында Олимпиада чемпионы бразилиялық Кено Мачадо отандасымыздан айла асырды. Осылайша Бек төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша жеңіліс тапты.
Жігіттерімізге бірге қолдау көрсетейік!
НЕОДНОЗНАЧНЫЙ ТРЕТИЙ ДЕНЬ ЧЕМПИОНАТА МИРА…
На третий соревновательный день чемпионата мира по боксу в Белграде, честь Казахстана защищали двое наших соотечественника. Так, в весе до 71 кг на ринг вышел Асланбек Шымбергенов. Он, как и 90 процентов всей новой сборной является дебютантом на подобных соревнованиях. В битве за 1/16 финала Асланбек встречался с иранцем Фархадом Моради Аташгахом. Поединок прошел только один раунд, из-за рассечения у соперника победитель был определен досрочно.
Следующим соперником Шымбергенова будет Шахрам Гиясов из Узбекистана, у которого есть опыт выступлений на профессиональном ринге.
Болельщики сборной страны с нетерпением ждали выхода очередного боксера, уже в весе до 86 кг. Бек Нурмаганбет «начинал мир» с 1/16 финала и в соперниках у него был чемпион Юношеской Олимпиады из Бразилии Кено Мачадо. К сожалению, казахстанец проиграл единогласным решением судей со счетом.
Поклонники бокса смогут увидеть чемпионат мира в прямом эфире. Трансляции организованы телеканалом «Qazsport». Дневная сессия начинается в 17:00, вечерняя в 22:00 по времени нашей столицы.
Будем всей страной болеть за наших мастеров!!!