Казахстанская
федерация Боксаkfb.kz

Новости

Қоржында қос қола!

06 августа, 2021

Бокстан Қазақстан құрамасы Токио-2020 Олимпиадасындағы өнерін аяқтады. Күншығыс елінде ел намысын 9 спортшы: Надежда Рябец, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Закир Сафиуллин, Абылайхан Жүсіпов, Әбілхан Аманқұл, Бекзад Нұрдәулетов, Василий Левит және Қамшыбек Қоңқабаев қорғаған болатын.

 
Ғалымбек Кенжебаев пен Ерік Алғабектің шәкірттері екі жүлде жеңіп алды. Құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабаев пен ең жеңіл боксшымыз Сәкен Бибосынов қола жүлдегер атанды. 
 
Қазақстан бокс федерациясы Олимпиада қатысушылары мен жүлдегерлеріне алғыс білдіреді. Алдағы олимпиадалық циклда жаңа деммен жұмысқа білек сыбана кірісіп, дүниежүзіне қазақ боксының мықты екенін тағы бір мәрте дәлелдеуге бар күш-жігерімізді саламыз.
 
Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 8-ші тамызда өтеді. 9 күні боксшыларымыз бен бапкерлер күндізгі рейспен Қазақстанға ұшып келеді.
 
 
Сборная Казахстана по боксу среди мужчин и женщин завершила свое выступление на Олимпийских играх по боксу в Токио-2020. Напомним, в столице страны Восходящего солнца нашу страну представляли девять спортсменов. Это Надежда Рябец, Сакен Бибосынов, Серик Темиржанов, Закир Сафиуллин, Аблайхан Жусупов, Абилхан Аманкул, Бекзад Нурдаулетов, Василий Левит и Камшыбек Кункабаев. 
 
Подопечные главных тренеров команд Галымбека Кенжебаева и Ерика Алгабека завоевали две медали. Бронзовыми призёрами стали капитан отечественной команды Камшыбек Кункабаев и мастер кожаной перчатки в самом лёгком весе Сакен Бибосынов. 
 
Казахстанская федерация бокса выражает благодарность всем участникам и призёрам Олимпиады в Токио! Впереди все боксёрское сообщество ждёт новый Олимпийский цикл и будем надеяться и верить что наши мастера кожаной перчатки ещё не раз докажут всему миру силу и дух казахстанского бокса!
 
Церемония награждения наших героев состоится 8 августа, а уже 9-го оставшаяся часть команды боксеров и тренерского штаба дневным рейсом прилетит в Казахстан!
 
Наверх