Казахстанская
федерация Боксаkfb.kz

Новости

Азия Чемпиондары мүмкіндігі шектеулі жетімдерге арналған Отбасы үлгісіндегі үйге барды.

27 июня, 2021

Көпжылдық еңбек нәтижесінің көрінісі – медальға  қол жеткізгеннен кейін, чемпион қыздарымызға бір мезет дамылдап, қоғамдағы мәселелерге де зер салуға уақыт табылғандай (бірінші бөлім).

Отандастарымыз құрлықтың чемпиондары атанғаннан кейін елге келіп, лайықты түрде марапаттары мен қошеметтеріне ие болған соң Қазақстан бокс федерациясының бастамасымен «ерекше үйлерге» қонаққа баруға қуана келісті. Алғашқы қайырымдылық қадам мүмкіндігі шектеулі жетімдерге арналған отбасы үлгісіндегі үйлерден басталды. Аталмыш үйде интеллектінде ауытқуы бар 18 бен 48 жас аралығындағы адамдар тәрбиеленуде.

Боксшы қыздарымыздың бұл үйге келгендегі алған әсерлерін сөзбен жеткізу мүмкін емес дер едік... Көз жастарына ерік берген сезімтал қыз жүрегі барлық жан-тәнімен үлкен бір сезімді бастарынан кешті. Аз уақыт ішінде тез өздерін жинақтап алған қыздарымыз сыйлықтармен алмасып, орталықтың тәрбиеленушілерімен достасып та үлгерді. Жаңа достарына жиі келіп тұруға уәде беріп тарқасты.

Чемпиондарымызға өздерінің осындай жан жылытар, жүрекке медеу берер қадамдарына көп алғысымызды айтамыз. Бұл бастама ізгі дәстүрге айналарына бек сенімдіміз...
 

 

Чемпионки Азии посетили Семейный дом для сирот с инвалидностью.

Когда звучит финальный гонг и завоёвана медаль – приходит время оглядеться по сторонам… (часть первая).

Наши новоявленные чемпионки континента, после звуков фанфар и заслуженных награждений, без слов согласились на инициативу Казахстанской федерации бокса – посетить «особые дома». Первым шагом стал благотворительный визит в Семейный дом для сирот с инвалидностью. В этом центре воспитываются люди с нарушением интеллекта от 18 до 48 лет.

Сказать что девушкам-боксерам было тяжело – значит ничего не сказать… Были и слезы и переживания… Но они справились, раздали подарки, обменялись подарками и пообещали, что будут как можно чаще навещать, теперь уже друзей из этого центра. 

Благодарим всех наших чемпионок за их добрые поступки. Теперь мы точно знаем, что эта инициатива может стать доброй традицией…

Наверх