Казахстанская
федерация Боксаkfb.kz

Новости

Марапаттау!

24 июня, 2021

 

2021 жылдың 25 маусым күні Алматы қаласында бокстан Дубайда өткен Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі мен баспасөз-мәслихаты өтеді. Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Ракишевтің шешімімен құрлық біріншілігінде үздік атанғанғандарға қомақты қаржылай сыйлықтар беріледі:

Бірінші орын үшін – 10 мың АҚШ доллары  

Екінші орын үшін – 5 мың АҚШ доллары

Үшінші орын үшін – 2.5 мың АҚШ доллары

Сонымен қатар, ерлер мен әйелдер құрамаларының бапкерлері, әкімшілік және ғылыми-кешенді топ қызметкерлері де назардан тыс қалмайды.

Кездесу барысында Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевтың Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті мен ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы болып тағайындалғаны ресми түрде жарияланады. 

Бұл бокстан ұлттық құрама мүшелерінің БАҚ өкілдерімен соңғы кездесуі болмақ. Бұдан кейінгі соңғы оқу-жаттығу жиынынан кейін боксшылар бірден Токио Олимпиадасына аттанады.   

Марапаттау рәсімінен кейін Азия чемпиондары жетімдер үйінің мүмкіндігі шектеулі тәрбиеленушілері мен «Шаңырақ» қарттар үйіне барып, сыйлықтар табыстайды.

Шараның өтетін орны: Алматы қ. Желтоқсан көшесі 181, InterContinental Almaty қонақжайы,«Астана» залы.   

Баспасөз-мәслихаты мен марапаттау рәсімінің басталуы сағат 11:00-де

 

Аян Төлеген, Қазақстан бокс федерациясының баспасөз-хатшысы

+ 7 702 838 44 66

 

 

Анықтама үшін:

Бокстан Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары Дубайда өткен Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Ғалымбек Кенжебаев пен Ерік Алғабектің шәкірттері барлығы 16 медаль (8 алтын, 6 күміс, 2 қола) жеңіп алды.

Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Римма Волосенко, Милана Сафронова, Валентина Хальзова, Фариза Шолтай және Ляззат Күнгейбаевалар жеңімпаз атанса, Даниял Сәбит, Абылайхан Жүсіпов, Абілхан Аманқұл, Василий Левит, Қамшыбек Қоңқабаев, Владислав Кухта күміс жүлделерді иеленді. Сәкен Бибосынов пен Марина Вольнова қола жүлдегер атанды.  

 

 

25 июня 2021 года в г. Алматы состоится пресс-конференция и церемония награждения победителей и призеров чемпионата Азии по боксу в Дубае-2021.  По инициативе президента Казахстанской федерации бокса Кенеса Ракишева лучшим из лучших на континентальном первенстве вручат:

За первое место – 10 тысяч долларов США

За второе место – 5 тысяч долларов США

За третье место – 2.5 тысяч долларов США.

Не останутся без внимания тренерский штаб сборных, администрация женской и мужской команд, комплексно-научная группа.

В рамках мероприятия также официально будет озвучено о назначении Олимпийского чемпиона Бахтияра Артаева вице-президентом Федерации по тренерским вопросам и государственным тренером сборной Казахстана по боксу.

Отметим, что это будет одна из последних встреч членов Олимпийской сборной Казахстана по боксу с представителями СМИ. Следующий учебно-тренировочный сбор станет завершающим перед отправкой команды на Олимпиаду в Токио-2020.

После церемонии награждения, чемпионки Азии по боксу посетят и вручат подарки воспитанникам Дома для сирот с инвалидностью и КГУ «Центр социальных услуг «Шанырақ» (Дом престарелых).

Место проведения: г. Алматы, ул. Желтоксан, 181, InterContinental Almaty, зал «Астана».   

Начало пресс-конференции и награждения в 11.00.

 

Аян Толеген, пресс-секретарь КФБ

+ 7 702 838 44 66

 

Для справки:

Сборная Казахстана по боксу среди мужчин и женщин на чемпионате Азии в Дубаи-2021 завоевали первое общекомандное место в медальном зачете. Подопечные главных тренеров Галымбека Кенжебаева и Ерика Алгабека завоевали 16 медалей (8 золотые, 6 серебряные, 2 бронзовые).

Чемпионками турнира стали Алуа Балкибекова, Назым Кызайбай, Дина Жоламан, Римма Волосенко, Милана Сафронова, Валентина Хальзова, Фариза Шолтай и Ляззат Кунгейбаева.

Серебряные медали на счету у Данияла Сабита, Абылайхана Жусупова, Абилхана Аманкула, Василия Левита, Камшыбека Кункабаева и Владиславы Кухта.

 

С бронзовыми наградами вернулись Сакен Бибосинов и Марина Вольнова. 

Наверх