Казахстанская
федерация Боксаkfb.kz

Новости

Қамшыбек Қоңқабаев: «АҚШ-тағы оқу жаттығу жиындарында физикалық формамымызды арттырдық»

26 января, 2021

 

Ұлттық құрама командасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев АҚШ-та өткен оқу жаттығу жиыны туралы Қазақстан бокс федерациясымен бөлісті.

-       - АҚШ-тағы болған оқу жаттығу жиынынан елімізге аман есен оралдым. Жиын үш аптаға созылған болатын. Бұрын білмеген біраз жаңа жаттығуларды үйреніп, жасап жүрдім. Жалпы жаттығу жиыны жоспар бойынша өтті. Жаңа фитнес инструктормен жұмыстар жасадық. Ол инструкторды арнайы біздің жаттығуларымыз үшін шақыртылған.

-        - Оқу жаттығу жиындары жалпы физикалық дайындыққа бағытталған болатын. Жиын барысында дене жаттығуларын, кросс, күштік жаттығуларды жасадық. Барлық күш соған жұмсалды. Физикалық тұрғыда өз-өзімізді арттыру мақсатында түрлі жаттығулар жасадық. Жиынның пайдасы көп болды. Осындай оқу жаттығу жиындарының боксшылар үшін тигізер пайдасы зор.

-         - Алдағы жоспарларыма тоқталатын болсам. Бұйырса ақпан айының соңында кәсіпқой мансабындағы үшінші жекпе-жегім өтетін болады. Қазіргі уақытта соған дайындаламын. Одан кейін Ұлттық құрамамен бірге Халықаралық  жарыстарға қатысуға жоспарлап отырмын. Германия, Испания, Болгария мемлекеттерінде турнирлер өтеді. Қайсысына қатысатынымды бапкерлер уақыты жақындағанда жариялайтын болады.

-          - Ең басты мақсатым – биыл Олимпиада чемпионы атану.

Наверх