Казахстанская
федерация Боксаkfb.kz

Новости

Боксшы Мұхтархан Ділдәбеков ізбасар інісі Қамшыбек Қоңқабаевқа кеңес берді

10 июня, 2020

Сидней олимпиадасы мен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков жерлес інісі Қамшыбек Қоңқабаевқа өзбекстандық боксшыны қалай жеңуге болатыны туралы кеңес берді. Ол бұл туралы «Қазақ спорты» газетіне сұхбатында айтты.
Қазіргі таңда Ұлттық құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабаев өзбекстандық боксшыға есе жіберіп жүр. Әзірге әлем бойынша ауыр салмақта Баходир Жалолов көш бастап тұр. Оны жеңу үшін көбірек дайындалу керек. Қамшыбек Қоңқабаевтың боксын көріп жүрмін. Барлығы жаттығуына байланысты. Жаттығуына аса мән беру керек. Кезінде ҚР Еңбегі сіңген жаттықтырушысы Нұрғали Сафиуллин маған жаттығу жасатқанда жеңіл салмақтылардан артық жасататын еді. Сондықтан Қамшыбекке айтарым, еңбек етсең, бәріне жетесің. Сол сияқты, еңбегін арттыру керек. Одан кейін салмағына мән беру керек. Мәселе салмағын арттыруда емес, соққыны жойқын қылуда. Мен өзім бокстасып жүрген кезімде салмағымды былайғы жаттығу кездегіден 3 немесе 4 кило түсіріп жеңілдеп барып шығатын едім. Менің қарсыластарымның барлығы жоғары салмақта болды. Мен олардан 5-6 кг жеңіл болатын едім. Былайша айтқанда, суытылған аттай болуың керек. Денеде су болмау керек. Жарыстың шығар алдында шаршамайсың. Тіл қурап тұру деген сияқты. Айтарым сол, жас жігіт қой. Өзбекстанның боксшысы Баходир Жалоловты жеңеді. Жақсылап дайындалса, жаттығуын күшейтсе барлық қарсыласын жеңеді. Қамшыбек олимпиада чемпионы болады. Өзінің алдына қойған мақсаты болу керек. Жалғыз Жалолов емес, әр жылы әр боксшы шығады, әр елден олимпиадаға келіп қатысады. Сондықтан барлық спортшыға дайын болу керек. Оның арнайы дайындығы, тұру үлгісі (стойкасы) жақсы. Солақай, сондықтан бұған жақсылап жұмыс істеу керек. Жоспар қою керек.
Олимпиаданың шыңына шығу үшін олимпиадаға дейін жоспар құру керек. Сондықтан, Құдай қаласа, алдағы күндерде олимпиаданың тұғырында тұру бақыты Қамшыбекке бұйырсын. Енді ауыр салмақтың, өзінің миына, өзінің қабілетіне ауыр салмақтың жұмысын екі есе істеу керек. Сондықтан іске сәт деймін. Бапкерлерге де байланысты тағы да қосып айттып кетейін. Бапкердің де түр-түрі болады: спорт шеберін дайындайтын, халықаралық спорт шеберін дайындайтын, еңбегі сіңген спорт шеберін дайындайтын, олимпиаданың тұғырына жеткізетін бапкерлер болады. Сондықтан жаттықтырушылық дәрежесі жоғары бапкерлермен көп жұмыс істеу керек. Кезінде менің жеке бапкерім болған Нұрғали Сафиуллин мені спорт шебері қылды. Одан кейін халықаралық спорт шеберінен кейін еңбегі сіңген спорт шебері болу үшін шет мемлекет бапкерлерімен де қосып жұмыс істетті. Қамшыбектің жеке бапкерінде ешқандай қызғаныш болмау керек. Келісіммен жоғары дәрежелі бапкерлермен жұмыс істеу керек. Ауыр салмақтыларды дайындау өте қиын. Бұрын мені марқұм ҚР Еңбегі сіңген жаттықтырушысы Александр Апачинскийге қосып та мені жұмыс істеткізді. Одан кейін Ресейде тұратын, КСРО-ның еңбегі сіңген жаттықтырушысы, марқұм Николай Ли бар еді, соған барып та мені дайындатты. Сол кезде жасы 70-те келіп жүрсе де тәжирбесін алдық. Сол сияқты бапкерлерге де байланысты кеңесім сол.
Бір айта кетерлігі, Қамшыбек Қоңқабаев мен Баходир Жалолов бес рет шаршы алаңда кездескен. Оның екеуін Қамшыбек жеңсе, үшеуінде Баходир жеңіске жеткен.

Жазып алған – Айбек МҰХАНОВ.

Наверх