Қазақстандық бокс федерациясы

«Қазақстан бокс федерациясы» қауымдастығы түріндегі Бірлескен заңды тұлғалардың қызметі ағымдағы олимпиадалық кезеңде федерацияның президенті белгілеген, негізгі бағыттары шеңберінде іске асырылады.   

 

Федерацияның басымдықтары:

  • жаттығу және жарысқа түсу үдерістерін ұйымдастыру, сондай-ақ бокстан ҚР ұлттық құрама командаларын материалды-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету; 
  • өңірлік федерациялармен бірлесіп жұмыс істеу;
  • жаттықтырушылық-оқытушылық құраммен және төрешілер корпусымен жұмыс істеу; 
  • ұлттық құрама командаларға ғылыми кешенді және медициналық көмектер көрсету;   
  • халықаралық қызмет атқару және АИБА халықаралық жобаларына қатысу;
  • боксты көпшілікке татару, PR-қызмет.

 

Жаттығу және жарысқа түсу үдерістерін ұйымдастыру, сондай-ақ бокстан ҚР ұлттық құрама командаларын материалды-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету.

Жарысқа түсу және жаттығу үдерістерін ұйымдастырудың негізіне спорттық-бұқаралық, сауықтыру іс-шараларының күнтізбелік жоспары, жаттықтырушылық кеңес қалыптастыратын,  федерация президенті мен ҚР Спорт  және  дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары бекітетін, бокстың негізгі республикалық және халықаралық жарыстары кіреді.    

 

Жұмысты оңтайландыру мақсатында федерация ұйымдастыру мәселелерін аса тиімді шешуге мүмкіндік беретін, ҚР Спорт  және  дене шынықтыру істері агенттігімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұдан басқа, Қазақстан федерациясы, облыстық/қалалық федерациялар жергілікті атқару органдары басқарушыларымен және спорт басқармаларымен жүйелілік негізде жоспарлы жұмыстар жүргізеді.   

 

Федерация қызметінің нәтижесінде ұлттық құрама командаларын сапалы, толық даярлау үшін, қазіргі заман талабына сай барлық жағдайлар жасалған. Қаржы, материалдық-техникалық, медициналық және ғылыми қамтамасыз ету мәселелері шешілген. Федерация біздің спортшыларымыздың әртүрлі халықаралық және республикалық жарыстарға, сонымен бірге оқу-жаттығу жиындарына қатысуын қамтамасыз етеді.    

 

ҚР ұлттық құрама командаларының спортшыларын даярлау, сондай-ақ оқыту-жаттықтыру жиындарын өткізу  үшін федерация 4 спорт базасын аккредиттеді. Олар заманауи жабдықтармен және спорт заттарымен жабдықталған. Мұнда тиімді бір жылдық жаттығуларға, жарыстардан кейін спортшылардың қалпына келуіне  арналған барлық жағдайлар жасалған. Олар әсіресе тиімді жаттығу үдерісін жасауға мүмкіндік беретін, әртүрлі табиғи-климаттық аймақтарда орналасқан.

  

 

Өңірлік федерациялармен жұмыс

Федерация өңірлердегі бокстың, атап айтқанда материалдық-техникалық базасының дамуына ерекше назар аударады.

Демеушілермен белсенді жұмыс істеу нәтижесінде, өңірлерде спорт кешендері ашылып, қажетті жабдықтар мен құрал саймандармен жабдықталған.

 

Мысалы, 2012 жылы «Оңтүстік Қазақстан облысының бокс федерациясы» ҚБ-і Кентау, Арыс қалаларында, «Қарағанды облыстық бокс федерациясы» - Октябрь ауданының №7 орта мектебінде, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы – Аягөз қаласында бокс залдарын ашып берді. 

 

2011 ж. Астаналық бокс федерациясы, Қарағанды және Павлодар облыстарының федерациялары жаңа спорт кешендерін салу мүмкіндіктерін іздеді.

 

Боксты дамыту мақсатында Қазақстан бокс федерациясының президенті Т.А.Құлыбаевтің бастамасымен өңірлерде талантты жас спортшыларды табуда «Қазақстан бокс федерациясының» республикалық жарысы жарияланды. 

Қазіргі таңда материалдық-техникалық жабдықтауды және өңірлердегі бокс секциялары мен бөлімшелерін стандарттау федерацияның басты назарында, сонымен бірге:  

  • жаттықтырушылар, төрешілер, спортшылар және т.б. мамандар үшін теориялық және практикалық курстарды оқыту бағдарламалары жобасын әзірлеу. 
  • бокстың өңірлік бөлімшелеріне оқыту-әдістемелік әдебиеттерін шығаруға дайындық.
  • 2017 жылға дейінгі, облыстық құрамадан ұлттық құрамаға дейінгі спортшыларды дайындау үдерістерін қамтитын, боксты дамыту бағдарламасын әзірлеу.  

 

 

Жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен төрешілер корпусымен жұмыс

Жаттықтырушылар құрамы мен төрешілер корпусының қызметін үйлестіру мақсатында федерация Жаттықтырушылар кеңесі мен Төрешілер комиссиясын ұйымдастырды.  

 

Ұлттық құраманың жаттықтырушылар құрамының жұмысына жүргізілген талдауы негізінде, жаттықтырушылар жұмысының тиімділігін көтеру мақсатында, ұлттық құрама командалардың жаттықтырушылар құрамын қосымша мамандармен толықтыру туралы шешімі қабылданды (жаттықтырушылар, жаттықтырушы-кеңесшілер, әдіскерлер және т.б.). Бұл шара ұлттық құраманың сапасы мен спортшыларды дайындау деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.  

 

Құзырлы төрешілермен қамтамасыз ету – спортты дамыту серпініне әсер ететін, маңызды факторлардың бірі. Осыны ескере отырып, федерация төрешілер корпусымен тығыз жұмыс істейді. Үйрететін және біліктілігін көтеретін төрешілерге арналған семинарлар өткізіледі. 

Қазіргі таңда федерацияның төрешілер корпусында 1 төреші АИБА халықаралық дәрежесін – «5 жұлдыз», 7 төреші – «3 жұлдыз», 2 төреші – «2 жұлдыз», 9 төреші – «1 жұлдыз» алды. 2010 жылы төрт төреші «3 жұлдыз» дәрежесін алды.  

 

 

Ұлттық құрама командаларға кешенді ғылыми және медициналық көмек көрсету

Спортшылардың жетістіктерге жетуіне көбінесе медициналық-биологиялық және психологиялық дайындық үдерісі әсер етеді. Осы бағытта федерация ұлттық құрамаға сапалы медициналық-биологиялық қызмет көрсету үшін боксерларға біліктігі деңгейі мен психологиялық дайындығын көтеруге мүмкіндік беретін, тезірек және сапалы қалпына келу үдерісінен өтуіне қажетті кешенді ғылыми топ құрды. Бұл топтың құрамына дәрігерлер, психолог, биохимиктер кіреді. Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы медициналық сақтандырумен қамтамасыз етілген. Тереңдетілген медициналық тексеру үнемі өткізіледі.    

 

Федерацияның жоспарына – кешенді ғылыми топтың құрамын спортты медицина саласындағы мамандармен толықтыру қойылған.

 

 

Халықаралық қызмет және АИБА халықаралық жобаларына қатысу

Федерацияның АИБА-мен ынтымақтастығы табысты дамып келеді. Қазіргі таңда басшы органдардың және АИБА әртүрлі комиссиясы құрамына сегіз қазақстандық өкілдер кіреді, олар әрине, федерация қызметінің осы бағытындағы жетістігі екені сөзсіз. 

 

Халықаралық спорт аренасында Федерация беделінің көтерілуіне Қазақстан бокс федерациясының президенті Т. А. Құлыбаевтың АИБА вице-президентінің лауазымына, сондай-ақ АИБА Атқарушы комитетінің мүшелігіне сайлануы  үлкен дәлел.

 

Федерация АИБА қамқорлығымен іске асырылатын, халықаралық жобаларды іске асыруға белсенді түрде қатысады. 

Федерация осымен үшінші рет Бокстың бүкіләлемдік топтамасына қатысады. Бұдан басқа, 2014 жылы жарысқа түсетін, Халықаралық бокс қауымдастығы - АИБА кәсіби боксы инновациялық жобасы аясында белсенді жұмыстар жүргізіп жатыр.  

 

2013 жылы бірінші рет Қазақстанда бокстан әлем чемпионаты өтеді. Сонымен бірге, АИБА Әлемдік Бокс Академиясының құрылысы аяқталады.  

 

 

Бокстың көпшілікке таралуы, PR-қызмет

Республикалық, халықаралық барлық жарыстар бұқаралық ақпарат беттерінде жарияланады, «Ring.kz» журналы шығарылады, www.kfb.kz интернет-сайты құрылған.  

 

Федерация президентінің тапсырмасы бойынша ХХХ жазғы Олимпиада ойындары кезеңінде бас демеуші «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бірлесіп, «Жеңіске бірге жетеміз! «ҚазМұнайГаз» көлемді PR-науқаны өткізілді.  

 

Науқан аясында барлық ақпарат құралдары – электронды және баспа, интернет, сыртқы қала жарнамасы қосылды:   

  • республикалық және облыстық телеарналарда бейнероликтер айналымы жүзеге асты;
  • орталық және жергілікті басылым беттерінде материалдар жарияланды;
  • www.olimpik.kfb.kz сайты жұмыс істеді;
  • теледидардан тікелей шайқастардың жартылай финалы мен финалына жаппай көрсетілімдер ұйымдастырылды;  
  • Астана, Алматы және облыс орталықтарында билбордтар орнатылды.

 

Олимпиада ойындарының жүлдегерлері әртүрлі әлеуметтік-маңызды жобаларға қатысты. 

 

ҚҰРЫЛЫМ
Қауымдастық түріндегі заңды тұлғалар бірлестігі «Қазақстан бокс федерациясы»

 

Бокстың Қазақстанда дамуы

 

Бокс Қазақстан Республикасында танымал және статистикалық мәліметтер куәландырғандай серпінді дамып келеді. Яғни, 2013 жылдың басында спорттың осы түрімен 33 379 адам айналысса, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 11 мың адамға көбейді. Республикамызда бокстан сабақ беретін 288 мектеп бар, онда 927 жаттықтырушы жұмыс істейді.      

 

Өңірлерде

 

«Астаналық бокс федерациясы» ҚБ, Астана қаласы

Астанада 5 арнайы бокс залдары бар, онда 616 адам шұғылданып, 30 жаттықтырушы жұмыс істейді. 

 

«Алматы қаласының бокс федерациясы» ҚТ ЗТБ

Алматыда 4 бокс залы бар, онда шұғылданатындар 3 000 адам, 40 жаттықтырушы жұмыс істейді.

 

«Алматы облыстық бокс федерациясы» ҚБ

Облыста 26 арнайы бокс залдары бар, 5 000 адам шұғылданады, 72 жаттықтырушы жұмыс істейді.

 

«Атырау облыстық бокс федерациясы» ҚБ

Облыста 7 арнайы бокс залдары бар, 1 116 адам бокспен шұғылданып, 36 жаттықтырушы жұмыс істейді.

 

«Шығыс Қазақстан облыстық кәсіби бокс федерациясы» ҚБ

Облыста 16 арнайы бокс залдары жұмыс істейді. Биыл спорттық жекпе-жек пен күш қолданылатын спорт түрлерінің әмбебап ДСО-ң құрылысын салу жоспарланып отыр, 1 740 адам шұғылданып, 65 жаттықтырушы жұмыс істейді.     

 

«Жамбыл облыстық бокс федерациясы» ҚБ

Облыста 33 мектеп бар, оның ішінде 4 арнайы бокс залдары, 3 089 жаттығушылар, 122 жаттықтырушылар жұмыс істейді.  

 

«Батыс Қазақстан облыстық бокс федерациясы» ҚБ

Облыста бокспен айналысатын 3 зал бар, оның 1- арнайы, бокспен шұғылданатын 404 адам, 21 жаттықтырушы.

 

«Қарағанды облыстық бокс федерациясы» ҚБ

Облыста 30 бокс залы, 2 194 шұғылданушы адам, 51 жаттықтырушы бар.

 

«Қостанай облыстық бокс федерациясы» ҚБ

Облыста 25 бокспен айналысатын спорт залдары, оның ішінде 13 арнайы, бокспен шұғылданатын 1 959 адам, 48 жаттықтырушы бар.

«Қызылорда облыстық кәсіби бокс федерациясы» ҚҚ

Облыста 28 арнайы бокс залдары, бокспен айналысатын 1 500 адам, 42 жаттықтырушы бар.  

 

«Маңғыстау облыстық бокс федерация» ҚБ

Облыста 14 арнайы боксы залы, бокспен айналысатын 1 500 адам, 37 жаттықтырушы бар.

 

«Павлодар өңірінің бокс федерациячы» ҚБ

Облыста 16 арнайы бокс залы, бокспен айналысатын 1 227 адам, 45 жаттықтырушы бар. 

 

«Солтүстік Қазақстан облыстық бокс федерациясы» ҚБ

Облыста 12 зал оның ішінде 3-еуі арнайы, бокспен айналысатын 800 адам, 31 жаттықтырушы бар.

 

«Оңтүстік Қазақстан облыстық бокс федерациясы» ҚБ

Облыста 45 бокс залы бар, биылғы жылы Түркістан қаласында спорттық жекпе-жек пен күш қолданылатын спорт түрлерінің әмбебап дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын салу жоспарланып отыр, 5 300 адам бокспен шұғылданып, 225 жаттықтырушы жұмыс істейді.

 

«Ақмола облыстық әуесқой бокс федерациясы» ҚБ

Облыста 11 спорт мектебі, 1166 бокспен шұғылданушы адам, 45 жаттықтырушы бар.