Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Қайрат Ералиев әлем чемпионы атанды

03 Қыркүйек, 2017

 Финалда отандасымыз америкалық Дюк Роганды 3:2 есебімен жеңді.

Бокстан Гамбургте (Германия) өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. 56 келіге дейінгі салмақта Қайрат Ералиев әлем чемпионы атанды.

Финалда Қайрат Ералиев америкалық Дюк Роганды 3:2 есебімен жеңді.

75 келіге дейінгі салмақта Әбілхан Аманқұлкүміс жүлдегер атанды. Финалда отандасымыз украиналық боксшы Александр Хижнякқа жол беріп алды.

Үш раунд бойы шабуылда жұдырықтасқан Александрдың бұл жекпе-жекте мысы басым болды. Қорғаныста жүріп жұдырықтасқан Әбілхан қарсыласынан айласын асыра алмады. Төрешілер 5:0 есебімен қарсыласын жеңімпаз ретінде таныды.

Айта кетейік, Әбілхан Аманқұл әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отыр. Ширек финалда әлем чемпионы, Рио Олимпиадасының жеңімпазы кубалық Арлен Лопесті, жартылай финалда әзірбайжандық Камран Шахсуварулын жеңген болатын.

Толығырақ: http://kaz.vesti.kz/amateur/3212/
Материалды қалай болсын қолдану тек қана vesti.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

kaz.vesti.kz

 

Наверх