Казахстанская
федерация Боксаkfb.kz

Новости

25 апреля, 2023

Бокс – еліміздегі ең танымал әрі ең нәтижелі спорт түрі. Сондықтан, Ташкенттегі әлем чемпионаты жанкүйерлердің ерекше назарында болары анық. Қазақстан бокс федерациясы, бапкерлер және спортшылардың өздері алдағы додаға тиянақты дайындалу үшін бар күш-жігерін жұмсады. 

 
Соңғы әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде иеленіп, тамаша нәтиже көрсеткенін өздеріңіз білесіздер. Енді, Ташкентте біздің былғары қолғап шеберлеріміз бұдан да биік белестерді бағындыратынына сенеміз.
 
Құрметті жанкүйерлер, спортшыларымызға сіздердің қолдауларыңыз қажет. Демеу болса, ұлттық құраманың боксшылары аянып қалмасы анық. Бірлік бар жерде - тірлік бар. Барлығымыз бір жұдырық болып жұмылсақ, алынбайтын қамал жоқ. Әлемдік аренада тағы бір мәрте үздік атану үшін қауқарымыз жетеді.   
 
Жігіттермізді ынталандыру мақсатында, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дәстүрлі түрде өз қаражатымның есебінен қосымша сыйақымен марапаттаймын. Чемпиондарға 100 мың АҚШ доллары қарастырылған. 
 
Боксшыларға айтар басты тілегім – есімдеріңізді тарихта қалдырыңыздар. Сіздерге бүкіл Қазақстан жанкүйер болатынын ұмытпаңыздар!
 
 
Бокс всегда был и остаётся одним из самых популярных видов спорта в нашей стране. Поэтому, внимание у болельщиков к предстоящему чемпионату мира в Ташкенте будет особенным. Казахстанская федерация бокса, тренерский штаб и сами спортсмены приложили максимум усилий для того чтобы в оптимальной форме подготовиться к соревнованиям. 
 
Как вы знаете, на прошлом чемпионате мира команда Казахстана показала великолепный результат, завоевав 2 золотые, 2 серебряные и 1 бронзовую медали. Будем надеяться, что на ташкентском ринге наши боксеры покажут еще лучший результат. 
 
Но для этого нужна ваша поддержка, уважаемые болельщики. Спортсмены национальной сборной, без сомнения, будут чувствовать ее. Только все вместе мы сможем победить и в очередной раз стать лучшими на мировой арене! 
 
Для еще большей мотивации и поддержки наших ребят, будущие чемпионы и призеры соревнований, по традиции получат из моих средств дополнительные финансовые вознаграждения. Для победителей предусмотрены по 100 тысяч долларов США. 
 
Самое главное пожелание боксерам - оставьте свое имя в истории и не забывайте что за вас будет болеть весь Казахстан!
 
Подготовка к турниру проходила при поддержке акционерного общества Samruk Kazyna и попечительского фонда SportQory
Наверх