Казахстанская
федерация Боксаkfb.kz

Новости

Бокстан Қазақстан чемпионаты өтіп бара жатқан жылдың әдемі қойылған нүктесі!

23 декабря, 2021

Орал қаласында ерлер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Еліміздің батыс өңіріндегі жарыс ел тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді.

Ел біріншілігі Қазақстан бокс федерациясы басшылығымен, Батыс Қазақстан бокс федерациясының ұйымдастыруымен өтті.

Осы біріншіліктің сенсацияға толы өткенін атап өтуіміз керек. Жүлдеге таласушылар арасында көптеген әлем және Азия чемпионатының жүлделерін алған спортшылар қатысты. Жас  жүлдеге таласушылар мен ұлттық құрамада жүрген боксшылар арасында текетірес болды. Жүлдегерлер қатарынан көрінген спортшылар ұлттық құрама қатарына кіріп, 2022 жылғы басты жарыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Қазақстан бокс федерациясы чемпионатты қорытындылайды:

Ең жеңіл салмақта жастар арасындағы Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай чемпион атанды. Финалдық кездесуде Нұр-Сұлтан қаласының боксшысы ринг қожайыны былтырғы жылғы Қазақстан чемпионы Даниял Сәбитті жеңді.

51 келі салмақ дәрежесінде тағы бір ринг қожайыны Нұрсұлтан Нуриденов, әскерилер арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алматы облысының өкілі Дамир Әбдіқадірге жол берді.

Келесі салмақ дәрежесінде (54 келі) Атырау облысының өкілі, тәжірбиелі Олжас Байниязов Талғат Сырымбетовтен айласын асыра алмады.

57 келі салмақ дәрежесінің финалында Айдос Араповпен 2016 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Оразбек Асылқұлов кездесті. Тартысты өткен финалда 3:2 есебімен Ақмола облысынан келген боксшы ел чемпионы атанды.

60 келіде қарағандылық 2016 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионы Василий Самчук Шығыс Қазақстаннан келген Әділет Құрметовтен айласын асырып кетті.

Келесі салмақ дәрежесінде Ділмұрат Мижитов 3:2 есебімен 2021 жылғы Азия біріншілігінің күміс жүлдегері Абзал Серікті жеңді.

Абылайхан Жүсіпов өнер көрсететін салмақта (67 келі) Дулат Бекбауов ел чемпионы атанды. Финалдық бәсекеде Жамбыл облысының өкілі Алматы облысынан келген Дархан Дүйсебайды ұтты.

71 келі салмақ дәрежесінде Шығыс Қазақстандық Ермахан Жақпеков павлодарлық Қуан Қуатовтан айласын асыра алмады.

Әлем чемпионатының қатысушысы Нұрқанат Райыс павлодарлық Аятулла Тәкежановты ұтып, Қазақстан чемпионы атанды.

Ағайынды Оралбайлар өздерінің мықты екендерін осы чемпионат барысында тағы бір дәлелдеді. Айбек және Нұрбек 80 және 92 келіде ел чемпионы болды.

Нұрбек Ақтөбе облысының өкілі Жәнібек Қартбайдан басым түссе, Айбек Абзал Құттыбековті жеңді.

86 келі салмақ дәрежесінде Сағындық Тоғамбай қарсылас шақ келтірмеді. Ақтық сында Алматы қаласынан келген Мәди Әміровты жеңіп, 2021 жылғы Қазақстан чемпионы атанды.

Ең ауыр салмақ дәрежесінде Белградта өткен Әлем чемпионатының қатысушысы Нұрлан Сапарбай Аманат Сабырғалиды жеңіп Қазақстан чемпионы атанды.

 

2021 жылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

48 келі

Санжар Тәшкенбай (Нұр-Сұлтан)

Даниял Сәбит (БҚО)

Кенже Мұратұлы (Алматы облысы)

Қайрат Ернұр (Алматы)

 

51 келі

Дамир Әбдіқадыр (Алматы облысы)

Нұрсұлтан Нуриденов (БҚО)

Қуаныш Дүйсенбай (Маңғыстау облысы)

Тимур Кабдешов (Ақмола облысы)

 

54 келі

Талғат Сырымбетов (Қарағанды облысы)

Олжас Байниязов (Атырау облысы)

Дәулет Молдашев (ШҚО)                                                                                             

Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда облысы)

 

57 келі

Оразбек Асылқұлов (Акмола облысы)

Айдос Арапов (Қостанайоблысы)

Сабыр Ерболат (Павлодар облысы)                                                                                                    

Бейбарыс Жексен (Жамбыл облысы)

 

60 келі

Василий Самчук (Қарағанды облысы)                                                                    

Әділет Құрметов (ШҚО)                                            

Саматәлі Төлтаев (Маңғыстау облысы)                                         

Мухамедсабыр Базарбайұлы (Түркістан облысы)

 

63,5 келі                                                                                                              

Ділмұрат Мижитов (Алматы)                                                                                   

Абзал Серік (Шымкент)                                                                                                           

Султан Мусинов (Ақмола облысы)

Санатәлі Төлтаев (Маңғыстау облысы)                                                                                

 

67 келі

Дулат Бекбауов (Алматы облысы)

Дархан Дүйсебай (Жамбыл облысы)

Мирас Ертанов (Алматы облысы)

Дәулет Нысан (Шымкент)

 

71 келі

Ермахан Жақпеков (ШҚО)

Қуан Қуатов (Павлодар облысы)

Нұржан Амангелді (Алматы облысы)

Армат Арманұлы (Алматы)

 

75 келі

Нұрқанат Райыс (Атырау облысы)

Аятулла Тәкежанов (Павлодар облысы)

Тимур Нұрсеитов (Алматы)                                                                                                                        

Диас Молжігітов (Жамбылская область)

 

80 келі

Нұрбек Оралбай (Нұр-Слтан)

Жәнібек Қартбаев (Ақтөбе облысы)

Еркебұлан Әкімбай (Алматы облысы)                                                                           

Бауыржан Байгөншеков (Павлодар облысы)

 

86 келі

Сағындык Тоғамбай (Түркістан облысы)

Мәди Әміров (Алматы)

Бекзат Таңатар (Шымкент)

Оңталап Рахманов (Қызылорда облысы)

 

92 келі

Айбек Оралбай (Нұр-Сұлтан)

Абзал Құттыбеков (Түркістан облысы)

Бексұлтан Орынбай (Шымкент)

Ерхат Бекзат (ШҚО)

 

+ 92 келі

Нурлан Сапарбай (Түркістан облысы)

Аманат Сабырғали (Атырау облысы)

Дамир Тойбай (Алматы)

Ержан Сейтімбетов (Ақтөбе облысы)

Осылайша, жүлделер бойынша Нұр-Сұлтан қаласының аға бапкері Асқар Еркебаевтың шәкірттері жеңімпаз атанды. Олар үш алтын жүлде еншіледі. Екінші орында Түркістан облысының боксшылары, олар жалпы 4 медаль, оның ішінде екі алтын алды. Үздік үштікті қарағандылықтар түйіндеді. Орталық Қазақстан боксшыларының еншісінде екі алтын жүлде.

Наверх