Казахстанская
федерация Боксаkfb.kz

Новости

Финалдың алғашқы күні Қазақстан құрамасында толық медальдар жинағы!

06 ноября, 2021

Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов Әлем чемпионы атанды.

Белградта, өзінің басты жекпе-жегінде отандасымыз тайланд елінің өкілі Вуттичай Юрачайді сенімді түрде жеңді.

Жеңіл салмақтағы ақтық кездесу есебі 5:0.

Айта кетейік, үшінші раунд кезінде төреші тай боксшысына есеп ашып, нокдаун тіркелді.

- Әлем чемпионы болу менің арманым. Енді міне мансабым аяқталар тұста, алдыма қойған мақсатымды орындадым. Бокс федерациясына, Олимпиада комитетіне, мәдениет және спорт министрлігіне, барлық жанкүйерлерге алғысымды айтқым келеді, - бұл су жаңа әлем чемпионы Теміртас Жүсіповтың кездесу аяқталған соң айтқан сөздері.

Әлем чемпионатының күміс жүлдесі құрамдағы ең жас боксшы Махмуд Сабырханның еншісінде.

54 келі салмақ дәрежесінің ақтық кездесуінде жапон боксшысы Томои Цубояға 0:5 есебімен есе жіберді.

- Алтын жүлдені алу үшін барымды салдым, бірақ болмай қалды. Бастапқыда біздің үлкен мақсатымыз болып еді. Ол – Вэл Баркер кубогын Қазақстанға алып келу. Жанкүйерлерімнен кешірім сұраймын, - деп өз ойын Махмуд түйіндеді.

Құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының қоласын еншіледі.

Әлем чемпионатының соңғы күні рингке тағы екі отандасымыз көтеріледі. 51 келіде Сәкен Бибосынов және 57 келіде Серік Теміржанов.

Ел намысын қорғап жатқан былғары қолғап шеберлеріне бірге жанкүйер болайық!!!

 

 

В ПЕРВЫЙ ДЕНЬ ФИНАЛОВ ЧМ ПО БОКСУ У КАЗАХСТАНА ПОЛНЫЙ КОМПЛЕКТ МЕДАЛЕЙ!

Казахстанский боксер Темиртас Жусупов стал чемпионом мира!

В Белграде, в своём главном поединке он уверенно выиграл у представителя Таиланда Вуттичая Юрачая. Итоговый счёт финала в самом лёгком весе 5:0.

При этом, Темиртас в третьем раунде отправил соперника в нокдаун.

- Это моя мечта - стать чемпионом мира. И вот в завершении карьеры я, можно сказать, выполнил поставленную перед собой задачу. И поставленную тренерами. Я благодарю родную федерацию бокса, НОК и министерство культуры и спорта, всех наших болельщиков за такую поддержку, - сказал после боя Жусупов.

Серебряная награда на счету у самого молодого боксера команды Махмуда Сабырхана.

В финале веса до 54 кг он проиграл Томои Цубоя из Японии - 0:5.

- Я очень хотел выиграл золотую медаль... Все для этого сделал, но не получилось. Изначально у нас была большая цель - привезти обратно в Казахстан Кубок Вэла Баркера. Я прошу прощения у всех наших болельщиков, - отметил расстроенный Махмуд после боя.

Бронзовая награда на счету у капитана сборной казахстанских боксеров Абылайхана Жусупова.

В последний день чемпионата мира на сербский ринг выйдут ещё два финалиста из Казахстана. Честь страны будут защищать Сакен Бибосынов и Серик Темиржанов.

Будем всей страной болеть за наших мастеров!!!

 

P.S. Фото предоставлены пресс-службой AIBA.

Наверх