Казахстанская
федерация Боксаkfb.kz

Новости

Асланбек Шымбергенов Шахрам Гиясовты жеңді!

30 октября, 2021

Бокстан әлем чемпионатының бесінші күнінде қазақстандық боксшылар өз жанкүйерлерін қуантты. Белградтағы шаршы алаңға еліміздің атынан төрт боксшы көтеріліп, барлығы да өз жекпе-жектерін жеңіспен аяқтады.

Алдымен 54 келіде еліміздің намысын қорғауға, соңғы жылдары өзіне мамандар назарын аудартқан Махмуд Сабырхан көтерілді. Қарсыласы Оңтүстік Кореялық Ким Ин Гю.

Түркістан облысының өкілі кездесуді қиындықсыз өз пайдасына шешті. Қортынды есеп 5:0. Махмуд Сабырханның келесі қарсыласы шотландиялық Мэттю Макхейл. Бұл жекпе-жек 31 қазанға жоспарланған.

Күндізгі сессияда тағы бір қазақстандық, 92 келіде өнер көрсететін Айбек Оралбай поляк боксшысы Матеуш Березницкийден 4:1 есебімен басым түсті. Айбектің келесі қарсыласы этникалық қазақ, Өзбекстан өкілі Мадияр Саидрахимов белорус боксшысы Владислав Смягликовті еш қиындықсыз жеңді.

Кешкі сессияда ағайынды Төлтаевтардың үлкені Саматәлі 60 келі салмақ дәрежесінде рингке көтерілді. Қарсыласы тайландтық Хунатип Пидунчті 3:2 есебімен тізе бүктірді. Саматәлі Төлтаевтың келесі қарсыласы Колумбия өкілі Дувае Зулета Морено. Кездесу 31 қазан күні өтеді.

Кешкі сессияның басты жекпе-жегі Асланбек Шымбергенов пен Рио Олимпиадасының финалисті Шахрам Гиясов арасында болды. Қазақстандық алғашқы раундта белсенді қимылдап, өз пайдасына жазды. Есеп 5:0. Екінші раундта төреші Асланбекті жеңімпаз деп таныды. Нәтижесінде Шымбергенов 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу аяқталған соң: «Өте ауыр жекпе-жек болды. Құдайдың қолдауымен, бапкерлердің айтқандарын орындап, соңында жеңдім, барлықтарыңыздың қолдауларыңызға рақмет», деп Асланбек өз ойын түйіндеді. Асланбек ширек финал жолдамасы үшін неміс боксшысы Магомед Шахидовпен 31 қазан күні кездесу өткізеді.

Әлем чемпионатының барлық кездесулерін «Qazsport» арнасының тікелей эфирінен көре аласыздар. Күндізгі сессия Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталса, кешкі сессия 22:00-де басталады.

Ел намысын қорғап жатқан былғары қолғап шеберлеріне бірге жанкүйер болайық!!!

 

Асланбек Шымбергенов победил Шахрама Гиясова!

Пятый день чемпионата мира по боксу подарил казахстанским болельщикам очень много радости! На ринг Белграда вышли сразу четверо казахстанских мастера и все четверо выиграли свои поединки. Обо всем по порядку.

Так, в весе до 54 кг честь страны защищал один из самых ярких молодых боксеров сборной Махмуд Сабырхан. Несмотря на статус дебютанта, он уверенно разобрался со своим первым соперником из Южной Кореи, опытным Ким Ин Гю. Итоговый счет 5:0.

Далее Махмуд встретится с шотландцем Мэттью Макхэйлэм, который прошел россиянина Курбана Байранбекова. Этот поединок состоится 31 октября.

Затем в дневной сессии вышел старший из братьев-близнецов Айбек Оралбай. В тяжелом весе до 92 кг он раздельным решением судей оказался сильнее польского боксера Матеуша Березницки 4:1. Примечтально, что следующим соперником Айбека станет этнический казах из Узбекистана Мадияр Саидрахимов. Последний, в свою очередь на классе прошел Владислава Смягликова, представляющего Беларусь.

В вечерней сессии вышел старший брат из близнецов, но теперь уже Тольтаевых – Саматали. В категории до 60 кг за выход в 1/8 финала он победил Хунатипа Пиднуча из Таиланда. Результат 4:1 в пользу казахстанца.

Следующим соперником Саматали Тольтаева станет Дуван Зулета Морено из Колумбии. Их поединок пройдет 31 октября.

И наконец, самым ожидаемым событием дня, не только для казахстанских болельщиков, но и для всех любителей бокса стал супербой между Асланбеком Шымбергеновым и финалистом Олимпиады в Рио Шахрамом Гиясовым из Узбекистана.  Казахстанец выиграл первый раунд у всех судей, а второй – у четырех из пяти. В итоге Шымбергенов одержал победу единогласным решением судей со счетом 5:0.

- Бой был нелегким, но благодаря Всевышнему и подсказкам тренеров я сумел одержать победу. Спасибо всем за поддержку!, - сказал после боя Асланбек Шымбергенов. 

За выход в четвертьфинал Асланбек будет биться с представителем Германии Магомедом Шахидовым. Бой пройдет 31 октября.

Поклонники бокса смогут увидеть чемпионат мира в эфире телеканала «Qazsport». Дневная сессия начинается в 17:00, вечерняя в 22:00 по времени нашей столицы. 

Будем всей страной болеть за наших мастеров!!!

 

P.S. Фото предоставлены пресс-службой AIBA

Наверх