Казахстанская
федерация Боксаkfb.kz

Новости

СӘКЕН БИБОСЫНОВ ХАСАНБОЙ ДУСМАТОВТЫ ЖЕҢДІ!

26 октября, 2021

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов бокстан Белградта өтіп жатқан Әлем чемпионатының алғашқы жекпе-жегінде Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовтан басым түсті. Түркістан бокс мектебінің түлегі қарсыласын 5:0 есебімен жеңді.

Ескере кететін жайт, жекпе-жек аяқталысымен өзбек тарапы аппеляциялық қарсы шағым түсіргенімен, төрешілер алқасы шешімдерімен өзгерткен жоқ.

- Мен бұл додаға өте жақсы дайындалдым. Олимпиададағы қоланың орнын толтырғым келеді. Белградқа алтын үшін келдім. Бапкерлік құрамға жеңіске жету жолындағы көмектері үшін алғысымды білдіремін, - деді жекпе-жектен кейін Сәкен Бибосынов.

Енді 1/8 финалда 24 жасар былғары қолғап шеберіміз үндістандық Дипакпен кездеседі. Ол алғашқы жекпе-жегінде қырғызстандық Азат Үсеналиевтен айла асырған.

Бибосынов пен Дусматов жекпе-жегі кешкі сессияның шымылдығын түрсе, бесінші болып шаршы алаңға 75 келідегі Нұрқанат Райыс шықты. Белград төріндегі алғашқы жекпе-жегінде 21 жасар отандасымыз черногориялық Стефан Савковичты жеңді. Екінші айналымдағы қарсыласы молдовалық Влад Гаврилыч.

Бокссүйер қауым жекпе-жектерді «Qazsport» арнасының тікелей эфирінде көре алады. Күндізгі сессия елорда уақытымен 17:00-де басталса, кешкі сессия 22:00-ге жоспарланған.

Жігіттерімізге бірге қолдау көрсетейік!

САКЕН БИБОСЫНОВ ПОБЕДИЛ ХАСАНБОЯ ДУСМАТОВА!

Бронзовый призер Олимпиады-2020 Сакен Бибосынов в дебютном бою чемпионата мира в Белграде выиграл у Олимпийского чемпиона из Узбекистана Хасанбоя Дусматова. В первом круге категории до 51 килограмма воспитанник туркестанской школы бокса победил по очкам 5:0. Отметим, что после поединка узбекская сторона подала протест на итоговый результат, но судейский корпус оставил решение без изменений.

- Я очень сильно готовился на этот чемпионат мира. Вы знаете, я хочу «рассчитаться» за бронзовую медаль Олимпиады. Сюда я приехал за золотом! Хочу поблагодарить тренеров, их установки помогли мне решить исход поединка в свою пользу, - сказал после боя Сакен Бибосынов.

В 1/8-й финала 24-летний боксер из Казахстана встретится с индийцем Дипаком, который победил единогласным решением судей Азата Усеналиева из Кыргызстана.

И если бой Бибосынов-Дусматов открывал вечернюю сессию, то выход нашего очередного боксера состоялся уже в пятом бою. На ринге  Белграда очень ярко выступил Нурканат Райыс в весе до 75 кг. 21-летний Райыс выиграл по очкам поединок у Стефана Савковича из Черногории, а во втором круге его соперником станет Влад Гаврилыч из Молдовы.

Поклонники бокса смогут увидеть чемпионат мира в прямом эфире. Трансляции организованы телеканалом «Qazsport». Дневная сессия начинается в 17:00, вечерняя в 22:00 по времени нашей столицы. 

Будем всей страной болеть за наших мастеров!!!

Наверх