Казахстанская
федерация Боксаkfb.kz

Новости

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

29 июля, 2021

Бүгін бокстан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының финалисі Әбілхан Аманқұлдың туған күні. Ол 1997 жылы 29 шілдеде Жамбыл облысында дүниеге келді. 24 жастағы былғары қолғап шеберінің ҚР еңбегі сіңген спорт шебері деген атағы бар.

Бір қызығы Әбілханның туған күні Олимпиада ойындарымен тұспа-тұс келіп отыр. 24 жасының алғашқы күнінде боксшы алғашқы жекпе-жегін өткізбекші.

Қазақстан бокс федерациясы Әбілхан Аманқұлды туған күнімен құттықтай отыра, деніне саулық, отбасына амандық, спортта биік белесті бағындыруын тілейді!
Наверх