Казахстанская
федерация Боксаkfb.kz

Новости

Ақтөбе құрамасы ел біріншілігіне қатысатын боксшылар тізімін жариялады

22 ноября, 2020

23 қарашада Шымкентте бокстан Қазақстан чемпионаты басталады. Көптен күткен байрақты бәсекеде топ жаруға отандық былғары қолғап шеберлері тас-түйін дайын отыр. Тоғыз айдан кейінгі өткелі отқан дода қызықты болмақ. Оның ішінде Олимпиада ойындарына жолдама иеленген былғары қолғап шеберлері де бар. Ерлер арасында 208 спортшы жарысқа қатысуға өтінім берген.
«Ақтөбелік былғары қолғап шеберлері бұл додан енші алуға ниетті. Біріншілікте жақсы нәтиже көрсетпекке бар күшімізді саламыз. Карантинге қарамастан жігіттердің бабы жақсы деңгейде. Бір өкініштісі доданың жанкүйерсіз өтетіндігі» - , дейді Ақтөбе құрамасының бас бапкер Ерик Балжанов.
Құтты мекеннің құрама сапымен таныс болыңыздар:
1.Манатұлы Канағат ҚР СШҮ – 49 кг
2.Бекбауов Нурболат 2001 ҚР СШ – 60 кг
3.Данабеков Заманбек ҚР СШ – 60 кг
4.Қартбаев Канағат ҚР СШ – 63 кг
5.Дамешов Адилет ҚР СШ – 69 кг
6.Тукенов Райымбек ҚР СШҮ – 69 кг
7.Болатбай Багдаулет ҚР СШҮ – 75 кг
8.Қартбаев Жанибек ҚР СШҮ – 81кг
9.Бақытов Азамат 1997 ҚР СШ - 91 кг
10.Сейтімбетов Ержан ҚР СШ - +91

Наверх