Бокстан U19 құрамасы әлем чемпионатының алдында шешуші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр
Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев жетекшілік ететін U19 ерлер құрамасы 27 қыркүйек пен 13 қазан аралығында Түркістан қаласындағы Olympic Center спорт кешенінде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Жиынға еліміздің әр өңірінен 30-дан астам жас спортшы қатысып, спаррингтік кездесулер арқылы 10 салмақта әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын боксшылар анықталды.
World Boxing ұйымы өз тарихында екінші рет әлем чемпионатын Черногорияның Будва қаласында өткізеді. Жаһандық дода 15-27 қазан аралығында ұйымдастырылып, оған әлемнің 100-ге жуық елінен спортшылар қатысады.
06 October, 2026
11
Бокстан Азиаданың ең жас чемпионы кім?
Бүгін Жапония төрінде жазғы Азия ойындары аясында бокс бәсекесі мәресіне жетіп, Қазақстан құрамасы 2 алтын жүлде жеңіп алды.
Осы орайда назарларыңызға ең жас ТОП-3 чемпион атанған боксшыларды ұсынамыз:
2010 жыл. 64 келідегі Данияр Елеусінов 19 жасында (8 ай, 13 күн) Азиада чемпионы атанды.
2002 жыл. 71 келідегі Геннадий Головкин 20 жасында (6 ай, 5 күн) Азиада чемпионы атанды.
2026 жыл. 70 келідегі Төрехан Сабырхан 20 жасында (7 ай, 17 күн) Азиада чемпионы атанды.
05 October, 2026
3
Қазақстан боксшылары Азиаданы қалай өткізді?
Бокстан 21 қыркүйек - 2 қазан күндері аралығында 33 мемлекеттің қатысуымен Жапонияда өткен жазғы Азия ойындарының бәсекесі мәресіне жетті.
11 салмақта сынға түскен жерлестеріміз 2 алтын, 3 қола жүлде жеңіп алып, жалпы есепте 3-орынға тұрақтады.
⁃ Қазақстан боксшылары 22 жекпе-жек (13 жеңіс, 9 жеңіліс) өткізді. Ең көп 4 айқас Төрехан Сабырханға (70 келі) тиесілі. ⁃ Наталья Богданова екінші мәрте қатарынан жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды. ⁃ Төрехан Сабырхан ел тарихындағы ең жас Азиада чемпионы атанған ТОП-3 боксшының қатарына енді. ⁃ Аса ауыр салмаққа ауысқан Айбек Оралбай 3 жыл ішінде Азия чемпионаты, Әлем чемпионаты мен жазғы Азия ойындарында топ жарды. Ол 21 жекпе-жек бойы жеңіліссіз келе жатыр. ⁃ Төрехан Сабырхан, Айбек Оралбай, Алуа Балқыбекова алғашқы Азиадасында жүлдеге ілікті.
Жалпы жүлде кестесі:
Үндістан — 3 алтын, 3 қола Өзбекстан — 2 алтын, 1 күміс, 4 қола Қазақстан — 2 алтын, 3 қола Қытай — 1 алтын, 3 күміс, 2 қола Жапония — 1 алтын, 3 қола Тайпей — 1 алтын, 1 күміс Таиланд — 1 алтын Оңтүстік Корея — 2 күміс Солтүстік Корея — 1 күміс, 1 қола Иордания — 1 күміс, 1 қола Вьетнам — 1 күміс, 1 қола Филиппин — 1 күміс Тәжікстан — 2 қола Моңғолия — 1 қола Иран — 1 қола
03 October, 2026
15
Айбек Оралбай Азиаданың чемпионы атанды
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында бокстан финалдық жекпе-жектер аяқталды.
Әлем чемпионы, +90 келідегі Айбек Оралбай өзінің бітіспес қарсыласы Жахонгир Зокировпен жұдырықтасты. Алғашқы раундтан-ақ қос боксшы шаршы алаңның ортасын бермей, соққы алмасуға кірісті. Жекпе-жек барысында Айбек Оралбай дәл соққыларымен басымдық танытып, төрешілердің 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, ерлер құрамасы Азиаданы 2 алтын, 1 қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, әлем чемпионы, 3 дүркін Азия чемпионы атағы бар Айбек Оралбай өз мансабында алғаш рет жазғы Азия ойындарына қатысты.
Осы салмақта Азия ойындарында кімдер чемпион атанған?
2014 жыл. Иван Дычко 1998 жыл. Мұхтархан Ділдәбеков
02 October, 2026
4
12 жылдан кейін Төрехан Сабырхан Азиаданың алтын жүлдесін алып берді
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында бокстан финалдық жекпе-жектер басталды.
Әлем чемпионы, 70 келідегі Төрехан Сабырхан ақтық сында Иордания спортшысы Зейад Ишаишпен жұдырықтасты. Алғашқы раундтан жинақы қорғанып, әрі дер кезінде шабуылдап үлгерген отандасымыз әр раундты өз еншісіне жазды. Қорытынды есеп: 5:0.
Айта кетейік, қос боксшы сәуір айында ғана Моңғолияда өткен Азия чемпионатының финалында жолы түйіскен еді.
Бұған дейін Қазақстан боксшылары 2014 жылы Оңтүстік Кореяда ұйымдастырылған Азиадада жоғары тұғырға көтерілген болатын.
Осы салмақта Азия ойындарында кімдер чемпион атанған?
2014 жыл. Данияр Елеусінов (69 келі) 2010 жыл. Серік Сәпиев (69 келі) 2006 жыл. Бақыт Сәрсекбаев (69 келі) 2002 жыл. Геннадий Головкин (71 келі) 1998 жыл. Ермахан Ибраимов (71 келі) 1994 жыл. Қанатбек Шағатаев (71 келі)
02 October, 2026
2
Жазғы Азия ойындарының финалына қай елдің боксшылары шықты?
Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының жартылай финалдық жекпе-жектері мәресіне жетті.
Осы орайда сіздерге финалға өткен мемлекеттердің көрсеткішін ұсынамыз:
Қытай - 4 Өзбекстан - 3 Үндістан - 3 Қазақстан - 2 Оңтүстік Корея - 2 Тайпей -2 Жапония - 1 Иордания - 1 Филиппин - 1 Вьетнам - 1 Солтүстік Корея - 1 Таиланд - 1
Финалдық жекпе-жектер 2 қазанға жоспарланған.
01 October, 2026
7
Жазғы Азия ойындарында әйелдер құрамасы 2 жүлде жеңіп алды
Қазақстанның әйелдер бокс құрамасы Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарындағы жарысын екі медальмен аяқтады.
Қазақстандық боксшылардың екі жүлдесі де — қола медаль. 51 келіге дейінгі салмақта Алуа Балқыбекова жүлдегер атанды. Ол жартылай финалда вьетнамдық Нгуен Тхи Тамға 0:5 есебімен есе жіберді.
Ал 75 келіге дейінгі салмақта Наталья Богданова қола жүлдені иеленді. Ол жартылай финалдық кездесуде Үндістан өкілі Ловлина Боргохаиннен 2:3 есебімен жеңілді.
Еске сала кетейік, Қазақстанның әйелдер құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарында бастапқыда бес салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Нагоядағы бокс турнирі 2 қазанда аяқталады. Ал Азия ойындарының жабылу салтанаты 4 қазанда өтеді.
30 September, 2026
11
Айбек Оралбай қарсыласын нокдаунға жіберіп, Азия ойындарының финалына шықты
Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында бокстан жартылай финал жекпе-жектері басталды.
Еліміздің атынан ерлер арасында +90 келі салмақтағы Айбек Оралбай шаршы алаңға бірінші болып шығып, 1/2 финалда Үндістан өкілі Нарендермен жұдырықтасты. Отандасымыз алғашқы раундтан жекпе-жекті толықтай бақылауға алды. 3 раунд бойы сауатты қорғаныс пен шабуылдағы нәтижелі соққылардың арқасында төрешілер 5:0 есебімен Айбекті жеңімпаз деп таныды.
Айта кетейік, 26 жастағы Айбек 2025 жылғы әлем чемпионы және 3 дүркін Азия чемпионатының жеңімпазы атанған.
29 September, 2026
11
Жартылай финалға қай елдің боксшылары шықты?
Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының ширек финалдық жекпе-жектері мәресіне жетті.
Осы орайда сіздерге 1/2 финалға өткен мемлекеттердің көрсеткішін ұсынамыз:
Өзбекстан - 7 Қытай - 7 Үндістан - 6 Қазақстан - 5 Жапония - 4 Тәжікстан - 2 Оңтүстік Корея - 2 Солтүстік Корея - 2 Иордания - 2 Вьетнам - 2 Тайпей - 2 Филиппин - 1 Иран - 1 Таиланд - 1
Бокс бәсекесі 2 қазанда мәресіне жетеді.
28 September, 2026
13
Жазғы Азия ойындары: 27 қыркүйек күнінің нәтижесі
Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының ширек финалында екі отандасымыз жарыс жолына шықты.
Аса ауыр салмақта (90 келіден жоғары) бақ сынаған Айбек Оралбай ширек финалда қырғызстандық боксшы Мырзакир Кошалиевпен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған тартысты кездесуде Айбек соққыларын дәл бағыттап, қорғаныста да сауатты өнер көрсетті. Төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (5:0) Оралбай жеңіске жетіп, турнирдің жартылай финалына жолдама алды.
Өкінішке қарай, екі дүркін әлем чемпионы, 65 келі салмақтағы Аида Әбікеева жарыс жолынан шығып қалды. Жартылай финал жолдамасы мен Азия ойындарының медалі сарапқа салынған кездесуде оның қарсыласы Азия чемпионатының қола жүлдегері, қытайлық Ли Шу болды.
Үш раундқа созылған жекпе-жек өте тартысты өтті. Кездесу барысында төреші клинч және ереже бұзу әрекеттері үшін, Әбікееваның еншісіне жазылған екі ұпайды, ал қытайлық боксшының бір ұпайын шегерді.
Шешуші сәттерде дәлдік танытқан Ли Шу төрешілердің шешімімен 4:0 есебінде жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті.
Айта кетейік, бокс бәсекелері 2 қазанға дейін жалғасады. Жарыс барысында ерлер арасында алты, әйелдер арасында бес салмақта жүлделер сарапқа салынады.
27 September, 2026
16
Жазғы Азия ойындары: 26 қыркүйек күнінің нәтижесі
Жапонияның Аичи манифактурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында 3 отандасымыз өз жекпе-жектерін өткізді.
60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Виктория Графеева алғашқы айналымда-ақ турнирдің басты фавориттерінің бірімен қолғап түйістірді. Қытайлық Тайбэй өкілі Линь Юйтинмен кездесу тартысқа толы болды. Үш раундтың қорытындысы бойынша, төрешілердің шешімімен жеңіс Графееваның қарсыласына берілді. Қорытынды есеп: 2:3. Осылайша, Виктория Азия ойындарындағы өнерін аяқтады.
Айта кетейік, Линь Юйтин 57 келіге дейінгі салмақта Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы атанған.
Артынша 2 дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 1/8 финалдық кезеңде Иран боксшысы Мехди Каземимен қолғап түйістірді.
Махмұд алғашқы раундтан-ақ басымдық танытты. Тіпті, екінші және үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Осылайша отандасымыз айқын басымдықпен жеңіске жетіп, ширек финалға өтті.
Күндізгі сессияда 90 келідегі Нұрбек Оралбай қорытындылады. Оның алғашқы қарсыласы Ауғанстан өкілі Силаб Нури болды.
Қазақстандық боксшы жекпе-жектің алғашқы минуттарынан-ақ басымдығын байқатты. Бірінші раундта үш төреші Оралбайдың пайдасына 10:9 есебін қойса, тағы екеуі 10:8 деп бағалады. Кейінгі раундтарда да Нұрбек қарсыласына жекпе-жектің тізгінін бермеді.
Үш раундтың қорытындысында төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандық боксшыға берді – 5:0.