Қазақстан боксшылары Азиаданы қалай өткізді?
Бокстан 21 қыркүйек - 2 қазан күндері аралығында 33 мемлекеттің қатысуымен Жапонияда өткен жазғы Азия ойындарының бәсекесі мәресіне жетті.
11 салмақта сынға түскен жерлестеріміз 2 алтын, 3 қола жүлде жеңіп алып, жалпы есепте 3-орынға тұрақтады.
1-орын. Төрехан Сабырхан (70 келі)
1-орын. Айбек Оралбай (+90 келі)
3-орын. Махмұд Сабырхан (55 келі)
3-орын. Алуа Балқыбекова (51 келі)
3-орын. Наталья Богданова (75 келі)
Қандай ерекшеліктер тіркелді?
⁃ Қазақстан боксшылары 22 жекпе-жек (13 жеңіс, 9 жеңіліс) өткізді. Ең көп 4 айқас Төрехан Сабырханға (70 келі) тиесілі.
⁃ Наталья Богданова екінші мәрте қатарынан жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды.
⁃ Төрехан Сабырхан ел тарихындағы ең жас Азиада чемпионы атанған ТОП-3 боксшының қатарына енді.
⁃ Аса ауыр салмаққа ауысқан Айбек Оралбай 3 жыл ішінде Азия чемпионаты, Әлем чемпионаты мен жазғы Азия ойындарында топ жарды. Ол 21 жекпе-жек бойы жеңіліссіз келе жатыр.
⁃ Төрехан Сабырхан, Айбек Оралбай, Алуа Балқыбекова алғашқы Азиадасында жүлдеге ілікті.
Жалпы жүлде кестесі:
Үндістан — 3 алтын, 3 қола
Өзбекстан — 2 алтын, 1 күміс, 4 қола
Қазақстан — 2 алтын, 3 қола
Қытай — 1 алтын, 3 күміс, 2 қола
Жапония — 1 алтын, 3 қола
Тайпей — 1 алтын, 1 күміс
Таиланд — 1 алтын
Оңтүстік Корея — 2 күміс
Солтүстік Корея — 1 күміс, 1 қола
Иордания — 1 күміс, 1 қола
Вьетнам — 1 күміс, 1 қола
Филиппин — 1 күміс
Тәжікстан — 2 қола
Моңғолия — 1 қола
Иран — 1 қола










