Шоқыр Бөлтекұлының құрметіне арналған халықаралық турнирде кімдер топ жарды?
Беделді мемориалдың алтын медальдарын мына боксшылар иеленді: Дамир Әбдіқадыр (50 келіге дейін, ерлер), Бекзат Алдамжаров (55 келіге дейін, ерлер), Талғат Сырымбетов (60 келіге дейін, ерлер), Илья Калинин (70 келіге дейін, ерлер), Георгий Натрошвили (75 келіге дейін, ерлер, Грузия), Санжар-Али Бегалиев (80 келіге дейін, ерлер), Ислам Бетаев (85 келіге дейін, ерлер), Ілияс Жандау (90 келіге дейін, ерлер), Бекболат Әбдікерім (90 келіден жоғары, ерлер), Ақбота Болат (51 келіге дейін, әйелдер), Рашида Тагирова (60 келіге дейін, әйелдер, Өзбекстан) және Асем Таңатар (65 келіге дейін, әйелдер).
Еске салайық, қазақ боксының негізін қалаушылардың бірі Шоқыр Бөлтекұлының құрметіне арналған дәстүрлі халықаралық турнир Ақтау қаласында өтіп, 19 қыркүйекте аяқталды. Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Грузия және Қырғызстаннан келген мықты былғары қолғап шеберлері қатысты.
20 қыркүйек, 2026
8
Жазғы Азия ойындарында ең көп жүлде алған боксшы кім?
4 жылда бір мәрте өтетін алдағы жазғы Азия ойындарында Қазақстаннан рекордтық 558 отандасымыз 35 спорт түрінен жүлдеге таласса да, жанкүйерлер үшін бокс бәсекесінің орны бөлек.
1994 жылдан бергі жазғы Азиаданың тарихына көз жүгіртсек, Қазақстан боксшылары 16 алтын, 15 күміс, 15 қола жүлдеге қол жеткізген.
8 жазғы Азия ойындарына қатысып үлгерген жерлестеріміздің арасынан әзірше 7 боксшымыз ғана бірнеше жүлде иеленген.
Мұхтархан Ділдәбеков. 1 алтын, 2 күміс (1998, 2002, 2006)
1998 жылы Бангкокте өткен Азиада Мұхтарханның мансабындағы алғашқы ірі жарыстардың бірі саналды. Ол осы салмақта басты фаворит саналған әрі 1995, 1997 жылғы Азия чемпионы Мохаммад Реза Самадиді (Иран) финалда нокаутпен жеңді.
2002 және 2006 жылдың финалы Мұхтархан мен Сидней Олимпиадасының қола жүлдегері Рустам Саидовтың (Өзбекстан) арасында өтіп, жеңіс қарсыластың еншісіне кетті.
Данияр Елеусінов. 2 алтын (2010, 2014)
2010 жылғы Азия ойындарында Данияр 4 жекпе-жек өткізіп, қарсыласына небәрі 1 ғана ұпай берді. Финалда жерлесіміз Үндістан өкілі Вирозу Санзуш Кумарды 16:1 есебімен тас-талқан етті.
2014 жылы Данияр финалда Өзбекстан боксшысы Исраил Мадримовтан айласын асырып кетті.
Нұржан Сманов. 1 алтын, 1 күміс (1994, 1998)
Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы алғашқы жазғы Азия ойындарында 67 келіде алтын жүлде сыйлаған боксшы. Финалда ол Барселона Олимпиадасының қола жүлдегері Архом Ченглайды (Таиланд) техникалық нокаутпен жеңді.
1998 жылы отандасымыз Таиландтың өзге Паркпум Жангфонакқа 4:10 есебімен жол берді.
Серік Сәпиев. 1 алтын. 1 қола (2006, 2010)
2006 жылы Дохада өткен Азиаданың жартылай финалында Серік Сәпиев қазақ жұртына жақсы таныс, Афина Олимпиадасының чемпионы Манус Бунжумонгтан (Таиланд) 18:22 есебімен есе жіберді.
Араға 4 жыл салып, боксшымыз финалда Уктамжон Рахмонован 9:3 есебімен басым түсті.
Біржан Жақыпов. 2 күміс (2010, 2014)
Біржан 2010 жылы бітіспес қарсыласы, 2 дүркін Олимпиада чемпионы Зоу Шиминге (Қытай) жол берсе, 2014 жылы әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері Шин Жонг-ханнан (Оңтүстік Корея) жеңілді.
Галиб Джафаров. 1 күміс, 1 қола (2002, 2006)
Қазақстан тарихындағы екінші әлем чемпионы саналатын Галиб Джафаров 2002 жылы Пәкістан боксшысы Мехруллах Лассиге 21:26 есебімен жол берді.
2006 жылы жерлесіміз жартылай финалға дейін жетіп, Зоригбаатарин Енхзоригтен (Моңғолия) 21:28 есебімен есе жіберді.
Асланбек Шымбергенов. 1 күміс, 1 қола (2018, 2023)
2018 жылы Джакартадағы Азиаданың финалында Асланбек Өзбекстан спортшысы Бобо-Усмон Батуровтан есе жіберді.
2023 жылы отандасымыз қола жүлдені ғана қанағат тұтқанымен, бокс бәсекесінде жеңіске деген ұмтылысымен жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді.
Алдағы 21 қыркүйек - 2 қазан аралығында Нагояда өтетін Азиадада ел намысын қорғайтын 11 отандасымыздың арасынан Наталья Богданованың ғана қола жүлдесі бар.
19 қыркүйек, 2026
9
Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған XVIII халықаралық бокс турнирінде 150-ге жуық спортшы сынға түсті
Ақтауда қазақ боксының негізін қалаушы, КСРО спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Шоқыр Бөлтекұлының құрметіне арналған XVIII халықаралық бокс турнирі өтіп жатыр.
Маңғыстау облыстық бокс федерациясының мәліметінше, жарысқа Қазақстаннан және шетелдерден 150-ге жуық спортшы қатысуда.
Турнирге Әзербайжан, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан және Түрікменстаннан боксшылар келген. Қазақстан құрамында 11 облыстың, сондай-ақ Астана мен Шымкент қаласының өкілдері бар.
Жарыс ерлер мен әйелдер арасында бірнеше салмақ дәрежесінде өтуде. Турнир қорытындысы бойынша, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, оларға арнайы марапаттар табысталады.
Ақтауда он сегізінші рет ұйымдастырылып отырған турнир боксты дамытуға, жастар арасында спортты насихаттауға және қатысушылардың спорттық шеберлігін арттыруға бағытталған.
18 қыркүйек, 2026
14
World Boxing ұйымы жазғы Азия ойындарында рейтингтік ұпай береді
Азия бокс федерациясы Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өтетін алдағы Азия ойындарына қатысушыларға рейтингтік ұпай есептеудің ресми жүйесін жариялады.
Регламентке сәйкес, спортшылар жарыстағы иеленген орнына қарай рейтингтік ұпай жинай алады. Әр салмақ дәрежесінің жеңімпазына 800 ұпай, күміс жүлдегерге — 500, қола жүлдегерлерге — 300 ұпайдан, ал бесінші мен сегізінші орын аралығында орналасқан боксшыларға 150 ұпайдан беріледі. Осылайша, 2026 жылғы Азия ойындарындағы нәтиже қазақстандық боксшылардың World Boxing әлемдік рейтингіндегі орнына тікелей әсер етеді. Бұған дейін Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құраманың сапын бекіткен болатын.
Ерлер арасындағы турнирде Қазақстан намысын Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Сабыржан Аққалықов (80 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (90 келіге дейін) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) салмақ дәрежелерінде қорғайды.
Әйелдер арасындағы турнирде Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Назым Қызайбай (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін) және Наталья Богданова (75 келіге дейін) өнер көрсетеді.
17 қыркүйек, 2026
17
Ерлер құрамасына Жазғы Азия ойындарында басты қарсыластар кім болуы мүмкін?
Бокстан 21 қыркүйек - 2 қазан аралығында жалғасатын жазғы Азия ойындарында ерлер бәсекесі бойынша 6 салмақта 121 спортшы жүлдеге таласады.
55 келі. 24 боксшы
2 дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан қатысады.
Басты қарсыластары:
Жиамао Жанг (Қытай) - 2026 жылы Бразилиядағы Әлем Кубогының жеңімпазы. Қытайдағы Әлем Кубогының финалисі.
Өзара кездеспеген.
Руи Ямагучи (Жапония) - 2026 жылғы Азия чемпионы. Әлем Кубоктарында сәтсіз өнер көрсетті. Жарыс қожайыны ретінде қауіпті қарсылас болуы мүмкін.
Отандасымыз 2025 жылы Ливерпульдегі әлем чемпионатында 5:0 есебімен сенімді түрде жеңген. Астанадағы Әлем Кубогының финалында Жапония боксшысы жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартқан.
Билгунсайхан Хархуу (Моңғолия) - 2026 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.
Биылғы Азия чемпионатының ширек финалда жерлесіміз Моңғолия спортшысына күтпеген жерден есе жіберді.
Карло Паалам (Филиппин) - Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері
2022 жылы Азия чемпионатының финалында қос боксшы жолығып, Филиппин өкілі басым түскен.
Самандар Олимов (Өзбекстан) - 2024 жылғы жастар арасында әлем чемпионы. Биылғы Өзбекстан чемпионы.
2026 жылы Қытайдағы Әлем Кубогы, Странджа турнирі секілді жарыстарда сәтсіз өнер көрсетті.
Чон Рионг Со (Солтүстік Корея) - 2023 жылғы жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері
2023 жылы Махмұд Сабырхан 57 келіге көтеріліп, 1/8 финалда Солтүстік Кореяның өзге боксшысына жол берген болатын. Сондықтан бұл елдің спортшысын елемей кету мүмкін емес.
Хузайфа Ишиш (Иордания) - 2026 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері.
Жадумани Сингх Манденгбам (Үндістан)
Шілде-тамыз айында Шотландияда өткен Достастық ойындарында финалға дейін жетті.
Әлем чемпионы Айбек Оралбай алғаш рет жазғы Азия ойындарына барады.
Басты қарсыластары:
Жахонгир Зокиров (Өзбекстан) - әлем чемпионаты мен Азия чемпионатының күміс жүлдегері.
Қос боксшы 3 мәрте жолығып, 2:1 есебімен жерлесіміз алда келеді.
Данабек Байкенже (Қытай) - 2026 жылғы Азия чемпионатының финалисі
Нариндир (Үндістан)
Амир Есмаели Вандаел (Иран)
16 қыркүйек, 2026
16
Жазғы Азия ойындарында аруларымызға кімдер қарсылас болуы мүмкін?
Бокстан 21 қыркүйек - 2 қазан аралығында жалғасатын жазғы Азия ойындарында әйелдер бәсекесі бойынша 5 салмақта 76 спортшы жұдырықтасады.
51 келі. 18 боксшы
2 дүркін әлем чемпионы Алуа Балқыбекова өнер көрсетеді.
Басты қарсыластары:
Ю Ву (Қытай) - Париж Олимпиадасының чемпионы. 2026 жылғы Азия чемпионы. Маусым айындағы Қытайдағы Әлем Кубогының жеңімпазы. 24 жеңіс сериясымен келе жатыр.
Сакши Чаудхари (Үндістан) - 2026 жылы Шотландиядағы Достастық ойындарында топ жарды. 2025 жылы Астанадағы Әлем Кубогында 54 келіде чемпион атанған.
Феруза Казакова (Өзбекстан) - Әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері. 2024 жылғы Азия чемпионы.
Аира Виллигас (Филиппин) - Париж Олимпиадасының қола жүлдегері.
Ан Кум-биол (Солтүстік Корея) - 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Нгуен Тхи Там (Вьетнам) - 2 дүркін Азия чемпионы (2017, 2022)
Оюунцэцэгийн Есүгэн (Моңғолия) - 2023 жылғы жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері.
54 келі. 20 боксшы
3 дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай үшінші мәрте жазғы Азия ойындарында ел намысын қорғайды.
Басты қарсыластары:
Прити - 2026 жылы Шотландиядағы Достастық ойындарында топ жарды. Биылғы Азия чемпионы.
Хуан Сяовэнь (Тайпей) - Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. 3 дүркін әлем чемпионы.
Пан Чхоль Ми (Солтүстік Корея) - Париж Олимпиадасының қола жүлдегері. 2 дүркін әлем чемпионы.
Цукими Намики (Жапония) - Токио Олимпиадасының қола жүлдегері.
Им Э Джи (Оңтүстік Корея) - Париж Олимпиадасының қола жүлдегері.
Қытайдағы Әлем Кубогында отандасымыз айласын асырып кеткен.
Натнича Чонгпронгкланг (Таиланд)
Қытайдағы Әлем Кубогында отандасымыз жеңісті жұлып алған.
Нигина Уктамова (Өзбекстан) - Қытайдағы Әлем Кубогында 57 келіде топ жарды.
60 келі. 16 боксшы
Әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері Виктория Графеева дебют жасайды.
Басты қарсыластары:
Линь Юй-Тин (Тайпей) - Париж Олимпиадасының чемпионы. 2 дүркін әлем чемпионы.
Прия Гангас (Үндістан) - 2026 жылы Шотландиядағы Достастық ойындарында топ жарды. Биылғы Азия чемпионы.
Нести Петесио (Филиппин) - 2 Олимпиаданың жүлдегері. 2019 жылғы әлем чемпионы.
Вон Унгён (Солтүстік Корея) - Биылғы Азия чемпионаты мен 2023 жылғы жазғы Азия ойындарының финалисі.
Ян Чэнъюй (Қытай) - 2023 жылғы әлем чемпионы. 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Ютамас Джитпонг (Таиланд) - Әлем чемпионатының 3 мәрте жүлдегері. 2024 жылғы Азия чемпионы.
О Ён Джи (Оңтүстік Корея) - Әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері. 3 дүркін Азия чемпионы.
Қытайдағы Әлем Кубогында отандасымыз жеңіске жеткен.
Ситора Турдибекова (Өзбекстан)
65 келі. 14 боксшы
2 дүркін әлем чемпионы Аида Әбікеева сынға түседі.
Басты қарсыластары:
Чэнь Ниэнь-чрнь (Тайпей) - Париж Олимпиадасының қола жүлдегері. Биылғы Азия чемпионы. 2018 жылғы әлем чемпионы.
Навбахор Хамидова (Өзбекстан) - Әлем чемпионатының 3 мәрте жүлдегері.
2025 жылы әлем чемпионатының финалында отандасымыз басым түссе, биыл Бразилиядағы Әлем Кубогында жеңіс қарсыласқа кетті.
Чанчэм Суваннапхенг (Таиланд) - Париж Олимпиадасының қола жүлдегері.
Хиосан Хванг - 2026 жылғы Азия чемпионатының финалисі.
Шу Ли (Қытай) - 2026 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері.
Парвин - 2022 жылғы Азия чемпионы. 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.
75 келі. 8 боксшы
Әлем чемпионы Наталья Богданова 70 келіден 75 келіге көтеріледі.
Басты қарсыластары:
Зио Банг (Қытай) - Биылғы Азия чемпионы. Қытайдағы Әлем Кубогының жеңімпазы.
Қытайдағы Әлем Кубогында 1:4 есебімен қарсылас басым түскен.
Ловлина Боргохаин (Үндістан) - Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. 2023 жылғы әлем чемпионы. 2023 жылғы жазғы Азия ойындарының финалисі.
Азиза Зокирова (Өзбекстан) - 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.
15 қыркүйек, 2026
8
Жапонияда жазғы Азия ойындарының шешуші оқу-жаттығу жиыны басталды
Аичи-Нагоя-2026 Азия ойындарына дайындық аясында Жапонияның Айти префектурасындағы Нисио қаласында халықаралық оқу-жаттығу жиыны басталды.
Жиынға 14 ұлттық федерациядан 220-дан астам спортшы мен маман қатысып жатыр. Олардың қатарында Қазақстан, Жапония, Өзбекстан, Үндістан, Моңғолия, Таиланд, Филиппин, Сауд Арабиясы және басқа да елдердің өкілдері бар.
Боксшылар Жапонияда спарринг өткізіп, Азия ойындары алдындағы соңғы дайындықтарын пысықтауда. Бұл құрамалар үшін Аичи-Нагоядағы жарысқа дейінгі соңғы оқу-жаттығу жиыны.
Айта кетейік, бұған дейін аруларымыз Азия ойындары алдындағы екі апталық жиынды Алматы облысындағы Жаңашар ауылында өткізген болатын.
14 қыркүйек, 2026
10
Ақтауда Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді
15-19 қыркүйек Ақтау қаласында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақ боксының атасы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған ерлер және әйелдер арасындағы халықаралық турнир өтеді.
Осымен 18-ші рет ұйымдастырылатын беделді бәсекеге Түркия, Ресей, Қытай, Иран, Гүржістан, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Қазақстан боксшылары қатысады.
Айта кетейік, аталмыш жарыс ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының алдындағы шешуші жарыстардың бірі болады.
Жекпе жектер Halyq Arena спорт сарайында өтеді. Барлық бокс жанкүйерлерін тартысты турнирдің куәгері болуға шақырамыз!
12 қыркүйек, 2026
19
Қазақстан бокс федерациясы және Ұлттық биотехнология орталығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Бұл құжат ұйымдар арасында спорт медицинасы, биотехнология және кәсіби даярлықты жаңа деңгейге көтеру мақсатында маңызды серіктестік бастауы.
Ынтымақтастық меморандумы аясында тараптар спорт ғылымын дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға келісті.
Негізгі бағыттар: спорттық ғылым мен медицина, боксшыларды даярлаудың ғылыми-методикалық базасын дамыту, білім мен тәжірибе алмасу, ғылыми іс-шаралар болмақ.
Серіктестік бірлескен жұмыс топтарын құру, консультациялар мен жұмыс кездесулерін өткізу, ақпараттық-методикалық материалдармен алмасу және арнайы бағдарламалар әзірлеу арқылы жүргізіледі.
Бұл қадам ғылымды отандық бокс пен жалпы спорт саласының игілігіне жаратып, жоғары нәтижелерге жетуге кең жол ашады деген сенім бар.
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі - “Самұрық Қазына” АҚ, серіктесіміз - “Sport Qory” туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
11 қыркүйек, 2026
14
Боксшыларымыз Жапонияға аттанды
Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы жазғы Азия ойындарына қатысу үшін, Жапонияның Нагоя қаласына ұшып кетті.
Нагояда бірнеше елдің боксшылары қатысатын он күндік оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылады. Қазақстан құрамасы Жапонияға үлкен құраммен аттанды. Әр салмақта 3-4 боксшылар бар.
Азия ойындары аясындағы бокс бәсекесі 21 қыркүйекте басталады. 20 қыркүйекте жеребе тартылып, финалдық жекпе-жектер 2 қазанға жоспарланған.
Құрлықтық додаға 34 елден 200 боксшы қатысады.
4 жылда бір мәрте ұйымдастырылатын құрлықтық додада ерлер құрамасы 2014 жылдан бері алтын жүлденің дәмін тата алмай келе жатыр. Инчхон төрінде құрама сапынан Ілияс Сүлейменов (52 келі), Данияр Елеусінов (69 келі), Жәнібек Әлімханұлы (75 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі), Антон Пинчук (91 келі) және Иван Дычко (+91 келі) чемпион атанған. Сол турнирде Қазақстан боксшылары жалпы есепте алты алтын, екі күміс және екі қола медальмен командалық есепте бірінші орынға шыққан еді.
2018 жылы Жакартада Асланбек Шымбергенов (69 келі) пен Әбілхан Аманқұл (75 келі) күміс жүлдеге ие болса, 2023 жылы аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев күміс жүлде, Асланбек Шымбергенов (71 келі) пен Сағындық Тоғамбай (92 келі) қола жүлде еншіледі.
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі - “Самұрық Қазына” АҚ, серіктесіміз - “Sport Qory” туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
10 қыркүйек, 2026
14
Бокстан Азия ойындарына баратын құрам қаншалықты тәжірибелі?
Кеше 19 қыркүйек – 4 қазан күндері аралығында Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына баратын боксшылардың есімі белгілі болды.
2023 жылғы Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарымен салыстырар болсақ, осы құрамнан Махмұд Сабырхан мен Нұрбек Оралбай ғана екінші рет мәрте додаға барады. Ал қалған 4 боксшы үшін биылғы алдағы бәсеке дебют ретінде тіркелмек.
55 келі. Махмұд Сабырхан
Әлемдік рейтингте көш бастап тұрған Махмұд Сабырхан жазғы Азия ойындарына екінші мәрте қатысады. 2023 жылы отандасымыз лицензиялық Азия ойындарында өз салмағының болмауына байланысты 57 келіге көтерілген еді. Осы жолы Махмұд 2 дүркін әлем чемпионы ретінде алтын жүлдеге басты үміткерлердің қатарына кіреді. Бір ерекшелігі – әлемдік рейтингте 55 келіде ТОП-10 спортшының тізімінде Азия құрлығынан 6 боксшы кіріп тұр. Басты қарсыластардың қатарына Руи Ямагучи (Жапония), Қытайдағы Әлем Кубогының финалисі Жиамоа Жанг (Қытай), Билгунсайхан Хархуу (Моңғолия), Өзбекстан елінің өкілі кіреді.
60 келі. Оразбек Асылқұлов
Ұзақ жылдар бойы 57 келіде жұдырықтасқан жерлесіміз өткен Қазақстан чемпионатында 60 келіге көтеріліп, қола жүлдеге ие болған еді. Дәл осы салмақта биыл осы салмақта Азия чемпионатында өзін көрсетуге мүмкіндік алып, алтын жүлдені мойынына тақты. Әлем чемпионы саналатын Оразбек Асылқұлов мансабында алғаш рет жазғы Азия ойындарына қатыспақ. 60 келіде жүлдеге басты үміткерлер Париж Олимпиадасының чемпионы Абдумалик Халоков (Өзбекстан), Жапония, Тәжікстан, Қырғызстан мемлекеттері талас жүргізбек.
70 келі. Төрехан Сабырхан
Ұлттық құраманың ең жас боксшысы, 19 жастағы Төрехан Сабырхан әлемдік рейтингте көш бастап тұр. Ливерпульде әлем чемпионы атанып үлгерген талантты отандасымыз Азия чемпионатындағы күтпеген жеңілісі кездейсоқ екендігін дәлелдеуге тырысады. Дәл қазіргі сәтте әлемдік рейтингте ТОП-5-ке Севон Оказава (Жапония), Зейад Ишаиш (Иордания), Байамба-Ердене Отгонбаатар (Моңғолия) кіріп тұр.
80 келі. Сабыржан Аққалықов
Әлем чемпионатының финалисі Сабыржан Аққалықов 2026 жылы Олимпиада бағдарламасына кіретін 80 келіге көтерілуге шешім қабылдады. Маусым айында ғана Қытайда өткен Әлем Кубогы кезеңінде боксшымыз өзінің жақсы қырынан көрсете біліп, жаңа салмақта да көшбасшы бола алатындығын дәлелдеді. Басты қарсыластар Өзбекстан, Иордания, Қытай, Оңтүстік Корея елінен болуы әбден мүмкін.
90 келі. Нұрбек Оралбай
Париж Олимпиадасының финалисі, әлем чемпионы Нұрбек Оралбай 90 келіде бір мәрте ғана турнирде жұдырықтасты. Жаңа салмақта рейтингке кірмесе де, қарсыластарына оңай болмасы анық. Бұл салмақта чемпиондыққа басты фаворит – әлем чемпионы Турабек Хабибуллаев (Өзбекстан). Одан кейін Қытай, Тәжікстан, Үндістан спортшылары да жүлдеге үмітті. 2023 жылы отандасымыз Қытайдағы жазғы Азия ойындарының алғашқы айналымда этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанмен (Қытай) жолы түйісіп, жол берген еді.
+90 келі. Айбек Оралбай
Париж Олимпиадасынан кейін аса ауыр салмаққа ауысқан Айбек Оралбай маңызды деген әлем чемпионаты және 2 мәрте Азия чемпионатында топ жарып үлгерді. 18 жеңіс сериясымен келе жатқан отандасымыз әлемдік рейтингте де айқын көш бастап тұр. Басты фаворит саналғанымен, Өзбекстан, Қытай, Үндістан боксшылары да айтарлықтай қауіп тудыруы ықтимал.
Қазақ боксшылары жазғы Азия ойындарында қалай өнер көрсеткен?
4 жылда бір мәрте ұйымдастырылатын құрлықтық додада ерлер құрамасы 2014 жылдан бері алтын жүлденің дәмін тата алмай келе жатыр. Инчхон төрінде құрама сапынан Ілияс Сүлейменов (52 келі), Данияр Елеусінов (69 келі), Жәнібек Әлімханұлы (75 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі), Антон Пинчук (91 келі) және Иван Дычко (+91 келі) чемпион атанған. Сол турнирде Қазақстан боксшылары жалпы есепте алты алтын, екі күміс және екі қола медальмен командалық есепте бірінші орынға шыққан еді.
2018 жылы Джакартада Асланбек Шымбергенов (69 келі) пен Әбілхан Аманқұл (75 келі) күміс жүлдеге ие болса, 2023 жылы аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев күміс жүлде, Асланбек Шымбергенов (71 келі) пен Сағындық Тоғамбай (92 келі) қола жүлде еншіледі.
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі - “Самұрық Қазына” АҚ, серіктесіміз - “Sport Qory” туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.