Қазақстан құрамасының Америка Құрама Штаттарындағы жаттығу жиыны жалғасып жатыр

Дарио Камачоның баптауымен өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынының дайындық бағдарламасы бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен боксшылар буындардың икемділігі мен қозғалыс ауқымын арттыруға бағытталған қыздыру жаттығуларын орындайды. Одан кейін арнайы тренажерларда жұмыс істеп, мойын бұлшықеттерін нығайтуға арналған жаттығулар жасайды. Сондай-ақ штанга көтеру, қосымша салмақпен тартылу, тепе-теңдікті сақтау мен денені айналдыруға арналған жаттығулар орындалады. Бұдан бөлек, жаттығу бағдарламасына арнайы шананы итеру және тарту, гир көтеру де енгізілген. Сабақ соңында қолдың қысу күшін, білек бұлшықеттері мен жалпы төзімділікті дамытуға арналған кешен орындалады.
Қазақстанның ерлер және әйелдер ұлттық бокс құрамалары шілде айының басында Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына дайындық аясындағы 36 күндік оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласына аттанған еді. Жиынның негізгі мақсаты – Санта-Моникада жалпы дене дайындығын жетілдіру және америкалық кәсіпқой боксшылармен спаррингтік кездесулер өткізу. Қазақстандық делегация АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиынын 8 тамызда аяқтап, кейін Азия ойындары алдындағы соңғы дайындық кезеңін өткізу үшін тікелей Жапонияға аттанады.
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі - “Самұрық Қазына” АҚ, серіктесіміз - “Sport Qory” туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.













