«Евразия» өмірді сақтандыру компаниясы Қазақстан бокс федерациясының ресми сақтандыру серіктесі атанды

Қазақстан бокс федерациясы «Евразия» өмірді сақтандыру компаниясымен стратегиялық әріптестік орнатқанын мақтанышпен хабарлайды. Қол жеткізілген келісімге сәйкес, «Евразия» ӨСК федерацияның ресми сақтандыру серіктесі атанды.
«Евразия» ӨСК - Қазақстандағы өмірді сақтандыру саласының көшбасшы компанияларының бірі. Компания жеке және корпоративтік клиенттерге өмірді сақтандыру, жинақтау және қаржылық қорғау бағытында заманауи қызметтер ұсынып келеді. Сондай-ақ, еліміздегі жетекші сақтандыру ұйымдарының бірі саналатын «Евразия» сақтандыру тобының құрамына кіреді.
Бұл әріптестік ортақ құндылықтарға негізделген. Үлкен спортта да, сақтандыру саласында да сенім, жауапкершілік, қауіпсіздік пен тұрақтылық ерекше маңызға ие. Осы ұстанымдар екі тарап арасындағы ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді ынтымақтастықтың, сондай-ақ спортшыларымызды қолдаудың берік негізіне айналады.
Қазақстан бокс федерациясы «Евразия» ӨСК-не білдірген сенімі мен отандық спортты дамытуға қосып жатқан үлесі үшін алғыс айтып, жаңа әріптестіктің екі тарап үшін де жемісті, әрі жеңісті боларына сенім білдіреді.













