WE ARE ON SOCIAL MEDIA

Азия чемпионатында 6 отандасымыз топ жарды

Бүгін Индонезия астанасы Джакартада U19 және U23 санаты бойынша әйелдер арасындағы жеңімпаздар анықталды. 20 салмақта жүлде үлестірілген бәсекеде аруларымыз 6 алтын, 3 күміс, 5 қола жүлдеге ие болды.

U19 санаты

1-орын. 70 келі. Камила Оспанова 
1-орын. 80 келі. Айдана Убайдуллақызы
1-орын. +80 келі. Зарина Толыбай
3-орын.48 келі. Мадира Жұмақан
3-орын. 57 келі. Ақнұр Тұрсынғали
3-орын. 65 келі. Айсұлу Мұхит

U23 санаты

1-орын. 48 келі. Гүлназ Бөрібаева
1-орын. 70 келі. Азиза Исина
1-орын. 75 келі. Шұғыла Нәлібай
2-орын. 51 келі. Анита Адишева
2-орын. 57 келі. Ұлжан Сәрсенбек
2-орын. 80 келі. Құралай Егінбайқызы
3-орын. 60 келі. Аяжан Ермек
3-орын. +81 келі. Панар Сейітханқызы

15 July, 2026
6

Қазақстан құрамасының Америка Құрама Штаттарындағы жаттығу жиыны жалғасып жатыр

Дарио Камачоның баптауымен өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынының дайындық бағдарламасы бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен боксшылар буындардың икемділігі мен қозғалыс ауқымын арттыруға бағытталған қыздыру жаттығуларын орындайды. Одан кейін арнайы тренажерларда жұмыс істеп, мойын бұлшықеттерін нығайтуға арналған жаттығулар жасайды. Сондай-ақ штанга көтеру, қосымша салмақпен тартылу, тепе-теңдікті сақтау мен денені айналдыруға арналған жаттығулар орындалады. Бұдан бөлек, жаттығу бағдарламасына арнайы шананы итеру және тарту, гир көтеру де енгізілген. Сабақ соңында қолдың қысу күшін, білек бұлшықеттері мен жалпы төзімділікті дамытуға арналған кешен орындалады.

Қазақстанның ерлер және әйелдер ұлттық бокс құрамалары шілде айының басында Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына дайындық аясындағы 36 күндік оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласына аттанған еді. Жиынның негізгі мақсаты – Санта-Моникада жалпы дене дайындығын жетілдіру және америкалық кәсіпқой боксшылармен спаррингтік кездесулер өткізу. Қазақстандық делегация АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиынын 8 тамызда аяқтап, кейін Азия ойындары алдындағы соңғы дайындық кезеңін өткізу үшін тікелей Жапонияға аттанады.

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - “Самұрық Қазына” АҚ, серіктесіміз - “Sport Qory” туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

15 July, 2026
8

Назгүл Боранбаева: Қазақстан әйелдер боксының алғашқы тарихи жүлдесін жеңіп алғанда оның маңызын толық сезінбедім

2006 жылы Үндістанда өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Назгүл Боранбаева Қазақстан тарихындағы алғашқы әлемдік жүлдені жеңіп алған боксшы атанды. Ол кезде елімізде әйелдер боксы енді ғана дамып келе жатқан еді. Бүгінде бұл спортта Назым Қызайбай, Аида Әбікеева, Алуа Балқыбекова сынды чемпиондар өсіп шықты. Қазақстан бокс федерациясының баспасөзіне берген сұхбатында Назгүл Боранбаева боксты қалай таңдағанын, тарихи қола медальді қалай қабылдағанын, сол кезеңдегі әйелдер боксының қиындықтары мен бүгінгі буынның артықшылықтары туралы айтып берді.

Сіз 2006 жылы әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан тарихындағы алғашқы жүлдені жеңіп алдыңыз. Ол кезде әйелдер боксы елімізде енді ғана дамып келе жатқан еді. Осындай кезеңде неге дәл боксты таңдадыңыз?

  • Боксқа дейін каратэ және кикбоксингпен айналыстым. Боксқа келуіме әкем Серік Боранбаев пен әпкем Әлия Боранбаева себеп болды. Олар 2002 жылы Түркияның Анталия қаласында өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қатысып, осы спорттың болашағы зор екенін көрген. Елге келген соң маған бокспен айналысуға кеңес берді. Ол кезде мен 18 жаста едім, кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері болатынмын.

Боксқа қалай бейімделдіңіз? Алғаш қай жерде жаттықтыңыз?

  • Боксқа ресми ауысқаннан кейін де әкемнің кикбоксинг залында жаттыға бердім. 2004 жылы Түркиядағы халықаралық турнирде жүлде алғаннан кейін осы спортқа біржола бет бұрдым. Сол кезде егізім Наргүл екеуміз Вьетнам құрамасының бапкері болған Вадим Присяжнюкпен таныстық.

2005 жылы Қазақстанда алғаш рет әйелдер арасындағы ел чемпионаты өтті. Жарысқа небәрі 20 спортшы қатысты. Мен 46 келі салмақта екі жекпе-жек өткізіп, чемпион атандым. Ол кездегі қатысушылардың басым бөлігі кикбоксингтен келген қыздар еді. Сонымен қатар ұлттық құрамадағы боксшылардың жалақы алып, қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілуі де бұл спортқа қызығушылығымды арттырды.

Кикбоксингтен боксқа бейімделіп кету қиынға соқпады ма?

  • Кикбоксингте де қолмен жұмыс істейтінбіз. Ол жағынан қиынға түспеді. Бірақ арақашықтыққа бейімделуге біршама уақыт кетті. 

2006 жылы әлем чемпионатында Қазақстан тарихындағы алғашқы жүлдені жеңіп алдыңыз. Сол сәтті қалай қабылдадыңыз?

  • Шынымды айтсам, ол кезде бұл жетістіктің тарихи маңызын толық сезінген жоқпын. Мен үшін кезекті турнир секілді болды. Кейін уақыт өте келе ғана оның мәнін түсіндім. Есте қалған ең қызық сәт – Халықаралық бокс федерациясы қола медаль үшін 750 АҚШ доллары көлемінде сыйақы бергені.

Бокстан әйелдер бәсекесі Олимпиада бағдарламасына тек 2012 жылы Лондон Олимпиадасында ғана енгізілді. Ал сіздің кезіңізде бокс қазіргідей танымал спорт түріне айналып кететін білдіңіз бе?

  • Әкем мен әпкем 2002 жылы бокстан әлем чемпионатына қатысқанда, осы спорттың танымалдылығы артатын айтып, бокспен айналысуға үгіттеген еді. Бастапқы кезде ерлермен бірге жаттықтық. Өзімнің егізім Наргүл Боранбаеваның салмағы менімен шамалас болғандықтан, бірге дайындалатын едім. Бірақ спарринг кезінде әйелдер өте тапшы болғанын мойындаймын. 

Сіз сонда бокспен қай жылдары айналыстыңыз?

  • 2004 жылдан 2010 жылға дейін өнер көрсеттім. Соңғы ірі жарысым Барбадоста өткен әлем чемпионаты болды. Сол жылы тұрмысқа шығып, спорттық мансабымды аяқтадым. Қазір төрт баланың анасымын.

Мансабымда әлем чемпионаттарының екі қола жүлдесін және Азия чемпионатының күміс медалін жеңіп алдым. Осы жетістіктерімді мақтан тұтамын.

Қазір әйелдер боксын қаншалықты қадағалап жүресіз? Сіздің ойыңызша, 20 жыл бұрынғы бокс пен қазіргі бокстың қандай ерекшелігі бар?

  • Уақыт өткен сайын елімізде әйелдер боксының танымалдылығы артып келеді. Кезінде тек ерлердің боксын ғана қарасақ, қазір жас буындар Назым, Алуаға қарап өсіп келеді. Менің ойымша, біздің кезде тамаққа дұрыс мән бермеді деп ойлаймын. Ет ауыр деп, аз жедік. Су аз іштік. Дайындық кезінде қолымыз тырысып қалады деп, темірмен жаттықпайтын едім. Қолымыз нәзік, физикалық жағынан әлсіздеу болдық. Салмақты дұрыс қуа алмадық десем болады. Қазіргідей интернет дамымады. Көп дүниені білмедік. Қазір аруларымыз физикалық және күш жағынан ешкімнен түспейді.

Бокс сіздің өміріңізге қалай әсер етті деп ойлайсыз?

  • Бірінші кезекте мінезді қалыптастырды. Ешқандай қиындыққа мойынұсынбауды үйретті. Өзімнің балаларымды да спортқа беріп, толықтай қадағалап жүрмін. 

Сіз болған кездегі боксшылардың барлығы мансаптарын аяқтап кетті ме?

  • Менімен бірге ұлттық құрамада болған Айгерім Сәттібаева ұзақ жылдан кейін боксқа оралып, қайта жетістіктерге жетіп жүр. 2025 жылы Қазақстан чемпионатында топ жарса, биыл Моңғолияда Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болды. 5 баланың анасы бокста үлкен жетістіктерді бағындыруын жетістік деп білемін. Ал мен тұрмысқа шыққаннан кейін бар уақытымды отбасыма арнадым. Дегенмен әйелдер боксының бүгінгі жетістіктерін көріп, әрдайым қуанып жүремін.

14 July, 2026
21

U19 санатында 9 отандасымыз финалға шықты

Жарыстың тоғызыншы күнінде U19 санаты бойынша жартылай финалдық жекпе-жектер өтті.

70 келі.
Камила Оспанова - Мина Жанг (Оңтүстік Корея) - 4:1

80 келі.
Айдана Убайдуллақызы - Мирим Чинбекова (Қырғызстан) - 2-раундта айқын басымдықпен жеңді

+80 келі.
Зарина Толыбай - Зи Гунх Анх Ле (Вьетнам) - 2-раундта айқын басымдықпен жеңді

48 келі. 1/2 финал
Мадира Жұмақан - Гунжан (Үндістан) - 0:5

57 келі.
Ақнұр Тұрсынғали - Дира Артика (Индонезия) - 2:3

65 келі.
Айсұлу Мұхит - Рушанабону Исоева (Өзбекстан) - 0:5

Кешкі сессия. 16:00 (Қазақстан уақыты)

50 келі. 
Әділ Асқанбай - Нұрсұлтан Дуишоналиев (Қырғызстан) - 4:0

65 келі. 
Ақжүрек Қалабай - Виктор Венгканг (Индонезия) - 5:0

9-жұп. 70 келі. 
Бибарыс Әшірбай - Саидхужа Садиллахужаев (Өзбекстан) - 5:0

14-жұп. 80 келі.
Тимур Тайбеков - Хужамуминжон Холов (Тәжікстан) - 5:0

15-жұп. 85 келі.
Руслан Ахметов - Хао-Жан Янг (Тайпей) - 1-раундта айқын басымдықпен жеңді

20-жұп. +90 келі.
Владислав Саможонов - Джек Рэдли Фитч (Филиппин) - 1-раундта нокаутпен жеңді

90 келі.
Жалғас Утебеков - Асадбек Султанбоев (Өзбекстан) - 0:5

55 келі.
Едіге Нұрғожа - Елиор Рустамов (Өзбекстан) - 0:5

14 July, 2026
18

U23 санаты бойынша Азия чемпионатының жартылай финалы қалай өтті?

Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан бокстан 2026 жылғы жастар (U23) мен жасөспірімдер (U19) арасындағы Азия чемпионатының сегізінші жарыс күнінде қазақстандық былғары қолғап шеберлері жартылай финалдық жекпе-жектерін өткізді.

Жарыстың сегізінші күнінде U23 санаты бойынша финалистердің есімі белгілі болды.

Нәтижесінде 13 отандасымыз финалға өтсе, 3 боксшымыз қола жүлдеге иелік етті. Айта кететін жайт, 80 келідегі Құралай Егінбайқызы жарысты бірден финалдан бастайды.

48 келі. 1/2 финал
Гүлназ Бөрібаева - Ю Миата (Жапония) - 4:1

51 келі.
Анита Адишева - И-Хуан Гуо (Тайпей) - 4:1

57 келі. 
Ұлжан Сәрсенбек - Зи Зом Ву (Вьетнам) - 3:2

70 келі. 
Азиза Исина - Шивани (Үндістан) - 4:1

75 келі. 
Шұғыла Нәлібай - Нахион Ким (Оңтүстік Корея) - 5:0

+81 келі. 
Панар Сейітханқызы - Приянка (Үндістан) - 0:5

60 келі. 
Аяжан Ермек - Муштарибону Иброхимжон (Өзбекстан) - 1:4

Кешкі сессия. 16:00 (Қазақстан уақыты)

55 келі.
Бексұлтан Боранбек - Фариозбек Дусматов (Өзбекстан) - 3:2

60 келі. 
Нұрасыл Төлебек - Занапфансакон Каласирам (Таиланд) - 5:0

70 келі.
Нұрбек Мұрсал - Мохаммед Лкссад Дбичи (Қатар) - 5:0

75 келі.
Аман Қонысбек - Нираж (Үндістан) - 1-раундта айқын басымдықпен жеңді

14-жұп. 80 келі.
Өнер Сейілхан - Сағын Сатыбалды уулу (Қырғызстан) - 5:0

16-жұп. 85 келі.
Темірлан Мұқатаев - Рико Прайоги (Индонезия) - 2-раундта айқын басымдықпен жеңді

18-жұп. 90 келі.
Ибрагим Бeтаев - Сангин Парк (Оңтүстік Корея) - 2-раундта айқын басымдықпен жеңді

20-жұп. +90 келі.
Аслан Елдібайұлы - Озодбек Алиев (Өзбекстан) - 1:4
 

13 July, 2026
11

Бокстан Азия чемпионатында жартылай финалға қай елдің өкілдері шықты?

Бокстан 5-15 шілде аралығында Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан U19 және U23 санатындағы Азия чемпионатының ширек финалдық жекпе-жектері толықтай аяқталды.

Қазақстан сапынан 29 боксшы жартылай финалға және 1 боксшы финалда жарысты жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, сары құрлық додасында 20 елден 329 боксшы (189 ер, 140 әйел) сынға түсіп жатыр.

Оның арасынан 16 елдің өкілі кем дегенде қола жүлдемен қайту мүмкіндігіне ие болды.

U23 санаты.

Өзбекстан - 18

Қазақстан - 16

Үндістан - 15

Қырғызстан - 7

Жапония - 6

Оңтүстік Корея - 5

Индонезия - 3

Тайпей - 2

Бутан - 1

Қатар - 1

Филиппин - 1

Таиланд - 1

Вьетнам - 1

Моңғолия - 1

U19 санаты.

Өзбекстан - 15

Қазақстан - 14

Үндістан - 14

Тәжікстан - 6

Жапония - 6

Қырғызстан - 6

Оңтүстік Корея - 5

Тайпей - 5

Вьетнам - 4

Индонезия - 4

Таиланд - 2

Моңғолия - 1

Қатар - 1

Филиппин - 1

 

12 July, 2026
11

Жастар арасындағы Азия чемпионатының кезекті күні қалай өтті?

Жарыстың алтыншы күнінде U23 санаты бойынша 7 отандасымыз шаршы алаңда өнер көрсетті.

55 келі.

Бексұлтан Боранбек - Вужу Жанг (Оңтүстік Корея) - 5:0

60 келі.

Нұрасыл Төлебек - Амантұр Джумаев (Қырғызстан) - 4:1

70 келі.

Нұрбек Мұрсал - Мажед Алхаж Исса (Сауд Арабиясы) - 4:1

75 келі.

Аман Қонысбек - Хибики Кававата (Жапония) - 3-раундта техникалық нокаутпен жеңді.

85 келі.

Темірлан Мұқатаев - Рокей Чаудхари (Үндістан) - 4:0

50 келі. 1/4 финал

Нұрзат Оңғаров - Дейчи Ивай (Жапония, 2026 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері) - 2:3

65 келі.

Асылхан Көшербай - Вансаж (Үндістан) - 1:4

Жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы чемпионат 2025 жылдың тамыз айында Бангкокта өткен болатын. Биылғы дода 4 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада басталды. Жарыста U19 және U23 жас санатындағы ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Азия чемпионатына барлығы 330-ға жуық спортшы қатысып жатыр.

11 July, 2026
6

Үш дүркін Азия чемпионы Ермек Серіковты еске алуға арналған халықаралық турнирдің жеңімпаздары белгілі болды

4-9 шілде аралығында Қарағандыда өткен бәсекеде ерлер 10 салмақта жүлдені сарапқа салды.

50 келі

1-орын. Батыржан Өмірзақ (Астана қ)

2-орын. Ринат Мақсутов (Астана қ)

3-орын. Нұрасыл Тәжібек (Қарағанды обл)

 

55 келі

1-орын. Жәнібек Шербаев (Қостанай обл)

2-орын. Нұрислам Бекен (Қарағанды обл)

3-орын. Диас Берікбай (Жетісу обл)

3-орын. Досымжан Таңатар (Жамбыл обл)

 

60 келі

1-орын. Жасурбек Анарбаев (Қарағанды обл)

2-орын. Мохаммед Саттар (Ирак)

3-орын. Жансері Көшербаев (Ақтөбе обл)

3-орын. Нығмет Нығман (Жамбыл обл)

 

65 келі

1-орын. Касым Али (Ирак)

2-орын. Нұрсат Тынысбеков (Қызылорда обл)

3-орын. Мадияр Тайпаков (Қарағанды обл)

3-орын. Ерасыл Ермек (Қарағанды обл)

 

70 келі

1-орын. Райымбек Асылбеков (Қарағанды обл)

2-орын. Мұхит Нұрқабылұлы (Алматы обл)

3-орын. Жәңгір Алдабергенов (Астана қ)

3-орын. Алмат Абдуали (Жетісу обл)

 

75 келі

1-орын. Ақбар Қазақбай (Павлодар обл)

2-орын. Дамир Синеев (Қарағанды обл)

3-орын. Диас Смаилов (СҚО)

3-орын. Ислам Тахиров (Қарағанды обл)

 

80 келі

1-орын. Игорь Соловьев (Ақтөбе обл)

2-орын. Дихан Шайкыбеков (Павлодар обл)

3-орын. Арыстан Нұрмағамбет (Павлодар обл)

3-орын. Аңсар Беисов (Астана қ)

 

85 келі

1-орын. Сержан Еркін (Жетісу обл)

2-орын. Шамиль Сагидолдаев (Астана қ)

3-орын. Даниал Раимбек (Астана қ)

3-орын. Никита Касторнов (СҚО)

 

90 келі

1-орын. Расул Асанханов (Қарағанды обл)

2-орын. Мадияр Бексұлтанов (Жамбыл обл)

3-орын. Богдан Федоренко (Қостанай обл)

 

+90 келі

1-орын. Иманғали Нұрпейіс (Қарағанды обл)

2-орын. Нұржан Думан (Қарағанды обл)

10 July, 2026
12

Бокстан Азия чемпионатында екі отандасымыз жартылай финалға өтті

Бокстан Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының бесінші күнінде U19 санаты бойынша 6 аруымыз шаршы алаңда жұдырықтасты.

48 келі. 1/4 финал

Мадира Жұмақан - Зи Хонг Иен Нгуен (Вьетнам) - 3-раундта айқын басымдықпен жеңді

57 келі.

Ақнұр Тұрсынғали - Лижун Лин (Тайпей) - 4:1

51 келі.

Жадыра Қалтай - Чандрика Бхореши Пужари (Үндістан) - 0:5

54 келі.

Марал Төлепберген - Джойшири Деви Широм (Үндістан) - 0:5

60 келі.

Жасмин Абрамян - Чахат (Үндістан) - 0:5

75 келі.

Алтынгүл Аймұхан - Аншика (Үндістан) - 1:4

Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы чемпионат 2025 жылдың тамыз айында Бангкокта өткен болатын. Биылғы дода 4 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада басталды. Жарыста U19 және U23 жас санатындағы ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Азия чемпионатына барлығы 330-ға жуық спортшы қатысып жатыр.

09 July, 2026
10

Азия чемпионатының кезекті күнінде 4 отандасымыз жеңіске жетті

Жарыстың төртінші күнінде U23 санаты бойынша 6 аруымыз ширек финалдық жекпе-жектерін өткізді.

48 келі. 1/4 финал

Гүлназ Бөрібаева - Нидхи (Үндістан) - 3:2

51 келі.

Анита Адишева - Зи Нгок Тран Нгуен (Вьетнам) - 4:1

57 келі.

Ұлжан Сәрсенбек - Рико Ямада (Жапония) - 5:0

60 келі.

Аяжан Ермек - Жиеон Ким (Оңтүстік Корея) - 5:0

54 келі.

Сымбат Әлиасқар - Ниша (Үндістан) - 0:5

65 келі.

Аружан Жаңабаева - Севинч Хурамова (Өзбекстан) - 0:5

Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы чемпионат 2025 жылдың тамыз айында Бангкокта өткен болатын. Биылғы дода 4 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада басталды. Жарыста U19 және U23 жас санатындағы ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Азия чемпионатына барлығы 330-ға жуық спортшы қатысып жатыр.

08 July, 2026
7

«Евразия» өмірді сақтандыру компаниясы Қазақстан бокс федерациясының ресми сақтандыру серіктесі атанды

Қазақстан бокс федерациясы «Евразия» өмірді сақтандыру компаниясымен стратегиялық әріптестік орнатқанын мақтанышпен хабарлайды. Қол жеткізілген келісімге сәйкес, «Евразия» ӨСК федерацияның ресми сақтандыру серіктесі атанды.

«Евразия» ӨСК - Қазақстандағы өмірді сақтандыру саласының көшбасшы компанияларының бірі. Компания жеке және корпоративтік клиенттерге өмірді сақтандыру, жинақтау және қаржылық қорғау бағытында заманауи қызметтер ұсынып келеді. Сондай-ақ, еліміздегі жетекші сақтандыру ұйымдарының бірі саналатын «Евразия» сақтандыру тобының құрамына кіреді.

Бұл әріптестік ортақ құндылықтарға негізделген. Үлкен спортта да, сақтандыру саласында да сенім, жауапкершілік, қауіпсіздік пен тұрақтылық ерекше маңызға ие. Осы ұстанымдар екі тарап арасындағы ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді ынтымақтастықтың, сондай-ақ спортшыларымызды қолдаудың берік негізіне айналады.

Қазақстан бокс федерациясы «Евразия» ӨСК-не білдірген сенімі мен отандық спортты дамытуға қосып жатқан үлесі үшін алғыс айтып, жаңа әріптестіктің екі тарап үшін де жемісті, әрі жеңісті боларына сенім білдіреді.

08 July, 2026
3