75 келі. 1/8 финал Хамза Мақсатұлы - Абдул Гаффар Нур Мухаммад Мат (Сингапур) - 2-раундта айқын басымдықпен жеңді
07 July, 2026
8
Азия чемпионатының екінші жарыс күні қалай өтті?
Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы 2026 жылғы Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде қазақстандық боксшылар екі жеңіске қол жеткізді.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Асылхан Көшербай 1/8 финалда Бутан өкілі Дечен Дорджиді төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (5:0) сенімді түрде жеңді. Ал 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нұрасыл Төлебек дәл осы кезеңде тәжікстандық Дамир Муйбалихоновты төрешілердің екіге бөлінген шешімімен (4:1) ұтып, келесі кезеңге өтті.
Осылайша, қазақстандық қос боксшы да жарыстың ширек финалына жолдама алды.
19 жасқа дейінгі (U19) және 23 жасқа дейінгі (U23) боксшылар арасындағы Азия чемпионаты 3–16 шілде аралығында Джакартада өтуде. Қазақстан құрамасы ерлер мен әйелдер арасындағы екі жас санаты бойынша жалпы саны 40 боксшымен қатысып жатыр.
06 July, 2026
5
U23 санатында боксшыларымыз Азия чемпионатында кімдермен жұдырықтасады?
3-16 шілде Джакартада (Индонезия) өтетін U19 және U23 Азия чемпионатына 20 елден 329 боксшы (189 ер, 140 әйел) тіркелді.
Қазақстан құрамасы қос санатта барлық 40 салмақта жүлдеге таласады.
U23 әйелдер
48 келі. 8 қатысушы
1/4 финал
Гүлназ Бөрібаева - Нидхи (Үндістан)
51 келі. 10 қатысушы
Анита Адишева ширек финалда Жапония немесе Вьетнам өкілімен жұдырықтасады
54 келі. 9 қатысушы
1/4 финал
Сымбат Әлиасқар - Ниша (Үндістан)
57 келі. 10 қатысушы
Ұлжан Сәрсенбек ширек финалда Жапония немесе Тәжікстан өкілімен кездеседі
60 келі. 8 қатысушы
1/4 финал
Аяжан Ермек - Жиеон Ким (Оңтүстік Корея)
65 келі. 9 қатысушы
1/4 финал
Аружан Жаңабаева - Севинч Хурамова (Өзбекстан)
70 келі. 4 қатысушы
1/2 финал
Азиза Исина - Шивани (Үндістан)
75 келі. 4 қатысушы
1/2 финал
Шұғыла Нәлібай - Нахион Ким (Оңтүстік Корея)
80 келі. 3 қатысушы
Құралай Егінбайқызы финалда Өзбекстан немесе Үндістан өкілімен жолығады
+80 келі. 3 қатысушы
1/2 финал
Панар Сейітханқызы - Приянка (Үндістан)
U23 ерлер
50 келі. 11 қатысушы
Нұрзат Оңғаров ширек финалда Жапония немесе Қырғызстан өкілімен айқасады
55 келі. 11 қатысушы
1/4 финал
Бексұлтан Боранбек - Вужу Жанг (Оңтүстік Корея)
60 келі. 16 қатысушы
1/8 финал
Нұрасыл Төлебек - Дамир Мубалихонов (Тәжікстан)
65 келі. 13 қатысушы
1/8 финал
Асылхан Көшербай - Дечен Доржи (Бутан)
70 келі. 10 қатысушы
1/4 финал
Нұрбек Мұрсал - Мажед Алхаж Исса (Сауд Арабиясы)
75 келі. 7 қатысушы
1/4 финал
Аман Қонысбек - Хибики Кававата (Жапония)
80 келі. 6 қатысушы
Өнер Сейілхан жартылай финалда Үндістан немесе Қырғызстан өкілімен жолығады
85 келі. 6 қатысушы
1/4 финал
Темірлан Мұқатаев - Рокей Чаудхари (Үндістан)
90 келі. 6 қатысушы
Ибрагим Бeтаев жартылай финалда Оңтүстік Корея немесе Таиланд өкілімен жұдырықтасады
+90 келі. 5 қатысушы
1/2 финал
Аслан Елдібайұлы - Озодбек Алиев (Өзбекстан)
05 July, 2026
7
U19 санатында Азия чемпионатындағы алғашқы қарсыластарымыз белгілі болды
3-16 шілде Джакартада (Индонезия) өтетін U19 және U23 Азия чемпионатына 20 елден 329 боксшы (189 ер, 140 әйел) тіркелді.
Қазақстан құрамасы қос санатта барлық 40 салмақта жүлдеге таласады.
Абылайхан Жүсіпов: Астанадағы жайлы залды тастап, жертөледе жаттықтым
Қытайдағы Әлем кубогының жеңімпазы Абылайхан Жүсіпов Қазақстан бокс федерациясына берген сұхбатында мансабындағы өзгерістер, тәжірибенің маңызы, оқу-жаттығу жиындары, жас боксшылардың дамуы және алдағы мақсаттары туралы ой бөлісті.
Абылайхан, Әлем кубогындағы жеңісіңізбен құттықтаймын. Сырт көзбен қарағанда, қарсыластарыңызбен 2 раунд ішінде жеңімпаз тағдырын шешіп, 3 раундта барынша басымдығыңызды ұстауға тырыстыңыз. Расында да сізге лайықты қарсылық көрсеткен қарсылас болмады ма? Қай жекпе-жек қиынға түсті деп айта аласыз?
Әлем кубогы жеңіл өтті. Жарысқа жақсы бабымда бардым. Қарсыластарым да мықты болды. Турнир барысында Әлем кубогының финалисі Кайан Рейес (Бразилия), Өзбекстанмен дерби, Азия чемпионы Зейад Ишаиш (Иордания) және финалда біраз фавориттерді жарыстан шығарған Дипактан (Үндістан) басым түстім. Жеңіске жетуіме биыл өткен 3 оқу-жаттығу жиыны, бапкерлерімнің ақыл-кеңестері үлкен үлес қосты.
Сіз ұлттық құрама сапында ардагер боксшылардың бірісіз ғой. Бірақ 2026 жылы сіздер жарты жылдың ішінде 3 оқу-жаттығу жиынын өткізіп үлгердіңіздер. Оқу-жаттығу жиынының көп болуы қалыпты құбылыс па? Спортшылардың физикалық жай-күйіне кері әсерін тигізбей ме?
Оқу-жаттығу жиынының өткені жақсы болды деп есептеймін. Өзге елдің боксшыларымен жаттығу арқылы техникалық шеберлігімізді, физикалық дайындығымызды одан әрі жетілдірдік. Менен бөлек, жас боксшылар да деңгейі жоғарлап жатыр. Өздеріңіз білетіндей, мықты қарсыластар болғанда ғана спортшы өз қателіктерін байқап, өзіне деген талаптарын күшейтеді.
Сіз кейінгі 2 жылдың ішінде өзіңіз қатысқан барлық дерлік ірі жарыстарда жеңіске жеттіңіз. Өзіңіздің қазіргі деңгейіңізді мансабыңыздағы ең мықты кезең деп санайсыз ба?
Иә, 2024 жылдан бері мансабымда алғаш рет Әлем чемпионы және Азия чемпионы атандым. Енді Әлем кубогының кезеңінде топ жарып жатырмын. Деңгейімді жақсы деп бағалаймын. Негізі көп дүние тәжірибемен келді. Рио мен Токио Олимпиадасына қатыстым. Бірнеше Әлем мен Азия чемпионатында жүлдеге ие болдым. Кәсіпқой бокста да өз тәжірибе жинадым. Осының барлығы бүгінгі жеңісіме әсері бар.
2016-2021 жылдардағы Абылайхан мен 2024 жылдағы Абылайханның қандай айырмашылығы бар деп ойлайсыз? Егер қазіргі тәжірибеңізбен спорттағы алғашқы күніңізге қайта орала алсаңыз, өзіңізге қандай кеңес берер едіңіз?
Басты айырмашылық – тәжірибеде ғана деп ойлаймын. Боксқа деген көзқарасым өзгерді. Жекпе-жек алдында қобалжымай, салқынқанды шығамын. Басқа еш айырмашылық жоқ. Өткеніме өкінбеймін. Сол сәтке оралсам, бәрібір де осы жолмен өтуге тура келер еді.
Бірақ бізге қызығы, сіз неге жеке бапкер ретінде Александр Насибулинге таңдауыңыз түсті? Ол кісінің бойында қандай ерекшелікті айтып өтер едіңіз?
Александр Насибулин жас бапкерлердің бірі. Оның жұмыс істеу стилі ұнайды. Өзіндік мақсаты бар. Ең басты ерекшелігі – боксқа аш. Өсетін деңгейі бар. Сол бапкермен бірге болу – менің шеберлігімді арттырады деп сендім. Әйтсе де бұған дейінгі бапкерлерімнен де хабарласып тұрамын.
Біздің естуімізше, 2025 жылы әлем чемпионатының алдында сіз Астанадағы жайлы ортаңызды тастап, арнайы Шахтинскте 3 ай бойы жертөледе жаттықтыңыз. Сол сәтті еске түсіре аласыз ба? Спортшы жетістікке жету үшін, кез келген жағдайға дайын болуы керек пе?
2025 жылы Қазақстан чемпионаты мен Әлем чемпионатының алдында Астанадағы жайлы жаттығу залын тастап, арнайы Шахтинскке бардым. Дайындығым нәтижелі болды. Жертөледе жаттығу – мінезді шыңдап, назарды өзге жаққа бұрмауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде қос жарыста да алтын медальді мойыныма тақтым.
Сіз қазір үнемі Сабыржан Аққалықовпен бірге жүріп, дайындалып жатасыздар ғой. екеуіңіздің бірге дайындалып жатқандарыңызға көп уақыт болды ма? Сіздің Сабыржанның қасында болуыңыз, оның спортшы ретінде тұрақты жетістікке жетуіне де өз әсерін тигізген секілді?
2018 жылдан бері Сабыржанмен жақсы араласамыз. Одан бөлек, салмағымыз да шамалас. Жаттығу кезінде бірге дайындалып, одан сайын қарқынымызды арттыруға мүмкіндік бар. Өзара қолдаудың арқасында жетістіктерге ақырындап жетіп келеміз.
Абылайхан дегенде сізді тәртіпті қатаң ұстанатын спортшы байланыстырамыз. Ұлттық құрама сапында сіз секілді диета, ұйқы, тұрақтылықты ұстанатын боксшылар көп пе? Кімдерді атай алар едіңіз?
Ұлттық құрамада барлығы дерлік ересек боксшылар ғой. Осы спортта не үшін жүргендерін біледі. Олар үлкен спортты таңдағандықтан, өмірдегі көп дүниені ысырып тастап, аянбай жаттығу жасап жүр.
Спортшы жылдың басым бөлігінде оқу-жаттығу мен жарыстарда жүреді. Ал отбасы мен спортты қатар алып жүру қаншалықты қиын? Отбасыңыз да жеңіске жетуіңізге үлкен әсерін тигізген шығар?
Расымен, уақытымыздың көп бөлігі түзде өтеді. Отбасымыздағы түсіністіктің арқасында бокста белестерді бағындырып жатырмын. Отбасым жайлы болса, өз ісіңде де алаңдамайсың. Алғысым шексіз. Жеңсек те, жеңілсек те, бірінші кезекте отбасымыз жанымыздан табылады ғой. Спортшылар, бапкерлердің барлығы сол түсіністіктің арқасында өз ісінде алға жылжып жатыр.
03 July, 2026
9
Бес боксшымыз әлемдік рейтингте топ бастап тұр
World Boxing ұйымы боксшылардың кезекті жаңартылған рейтингін жариялады. Жаңа тізімде бірнеше боксшымыз өздерінің көшбасшы орындарын сақтап қалды.
Рейтингте Назым Қызайбай (48 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) екінші орында тұр.
Үздік үштіктің қатарына екі Әлем кубогының кезеңінде жеңіске жеткен Виктория Графеева (60 келі) кірсе, Алуа Балқыбекова (51 келі), Надежда Рябец (80 келі), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары), Оразбек Асылқұлов (60 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі) өз орындарын сақтап қалды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының боксшылары маусым айында Қытайдың Гуйян қаласында өткен Әлем кубогының екінші кезеңіне қатысып, 5 алтын және 3 қола медаль еншілеген еді.
02 July, 2026
7
Үш отандасымыз жасөспірімдер Олимпиадасына бару құқығына ие болды
World Boxing ұйымы 2026 жылы Сенегалдың Дакар қаласында өтетін жасөспірімдер Олимпиадасының бокс турниріне берілетін жолдамаларды бөлуді аяқтады.
Қазақстан құрамасы аталған додаға үш лицензия иеленді. Жалпы жарысқа он салмақ дәрежесі бойынша 120 былғары қолғап шебері қатысады.
Ұлдар арасында 70 келіге дейінгі салмақта Қазақстан намысын Бибарыс Әшірбай қорғайды. Ал қыздар арасында Марал Төлепберген (54 келіге дейін) мен Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін) Олимпиада жолдамасына қол жеткізді.
Үш спортшы да лицензияны наурыз айында Таиландта өткен іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша жеңіп алды.
Айта кетейік, жасөспірімдер Олимпиадасы 2026 жылдың 31 қазаны мен 13 қарашасы аралығында Сенегалдың Дакар қаласында өтеді.
01 July, 2026
5
U23 санатында қай боксшыларға Азия чемпионатында мүмкіндік беріледі?
Қазақстанның бокс құрамасы Индонезияның Джакарта қаласында өтетін 23 жасқа дейінгі (U-23) өтетін Азия чемпионатына қатысатын боксшылардың тізімін жариялады.
Қазақстан құрамасы (U-23)
Ерлер:
50 кг – Нұрзат Оңғаров
55 кг – Бексұлтан Боранбек
60 кг – Нұрасыл Төлебек
65 кг – Асылхан Қошербай
70 кг – Нұрбек Мұрсал
75 кг – Аман Қонысбек
80 кг – Өнер Сейілхан
85 кг – Темірлан Мұқатаев
90 кг – Ибрагим Битаев
+90 кг – Аслан Елдібайұлы
Әйелдер:
48 кг – Гүлназ Бөрібаева
51 кг – Анита Адишева
54 кг – Сымбат Әлиасқар
57 кг – Ұлжан Сәрсенбек
60 кг – Аяжан Ермек
65 кг – Аружан Жаңабаева
70 кг – Азиза Исина
75 кг – Шұғыла Нәлібай
80 кг – Құралай Егінбайқызы
+80 кг – Панар Сейтханқызы
Командаларды 23 жасқа дейінгі (U-23) әйелдер құрамасының аға бапкері Марат Қырықбаев және U-23 ерлер құрамасының аға бапкері Мақсат Бақтыбазаров жаттықтырады.
Құрлық біріншілігі 3-16 шілде аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өтеді. Додаға 26 елден 430-дан астам боксшы қатысады.
30 June, 2026
7
U19 құрамасы Азия чемпионатына қандай құраммен барады?
Қазақстанның жастар құрамалары Индонезияның Джакарта қаласында өтетін 19 жасқа дейінгі (U-19) өтетін Азия чемпионатына қатысатын боксшылардың тізімін жариялады.
Қазақстан құрамасы (U-19) Ұлдар:
55 кг – Едіге Нұрғожа
60 кг – Досжан Жұмақан
65 кг – Ақжүрек Қалабай
70 кг – Бибарыс Әшірбай
75 кг – Хамза Мақсатұлы
80 кг – Тимур Тайбеков
85 кг – Руслан Ахметов
90 кг – Жалғас Өтебеков
+90 кг – Владислав Саможонов
Қыздар:
48 кг – Мадира Жұмақан
51 кг – Жадыра Қалтай
54 кг – Марал Төлепберген
57 кг – Ақнұр Тұрсынғали
60 кг – Жасмин Абрамян
65 кг – Айсұлу Мұхит
70 кг – Камила Оспанова
75 кг – Алтынгүл Аймұхан
80 кг – Айдана Убайдуллақызы
+80 кг – Зарина Толыбай
Айта кетейік, сары құрлық додасы 3-16 шілде аралығында өтеді.
29 June, 2026
5
Елдос Сайдалин: Әлем кубогында бәсекелестік өте жоғары болды
Бокстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин Қытайдағы Әлем кубогын қорытындылады.
"Қытайда өткен Әлем кубогінде бәсекелестік өте жоғары болды, әр салмақ дәрежесінде тартысты жекпе-жектер өтті. Боксшыларымыз жақсы тәжірибе болатындай мықты қарсыластармен жұдырықтасты. Дегенмен, қателіктер болды, алдағы уақытта соларды талдап, жұмыс істейміз.
Бұл жарыс – Азия ойындарына дайындық. Жаттықтырушы ретінде құраманың боксына көңілім толады. Командамен алдағы уақытта бірлесе жұмыс жалғастырамыз. Аз ғана демалыстан соң бір айға Америка Құрама Штаттарына аттанамыз. Ал, Жапония сапарының алдында Қазақстанда бірлескен жаттығу жиынын өткізу жоспарда бар", - деді Елдос Сайдалин.
Айта кетейік, әйелдер құрамасы бұл бәсекеде 2 алтын, 3 қола жүлдеге ие болды.
27 June, 2026
4
Нұржан Насанов: Әлем кубогында боксшыларымыз өздерін жақсы қырынан көрсете білді
Бокстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұржан Насанов Қытайда өткен Әлем кубогының екінші кезеңін қорытындылады.
"Қытайдағы Әлем кубогінде боксшылар өзін жақсы қырынан көрсете білді. Бұл жарыстың алдында екі кезеңдік дайындықтан өткен команда функционалдық тұрғыда шыңдалып келді деп ойлаймын. Абылайхан Жүсіпов пен Айбек Оралбай жоғары деңгейдегі бокс көрсетті және мықты қарсыластардан басым түсті. Салмақ ауыстырған екі боксшымыз Сабыржан Аққалықов пен Нұрбек Оралбай екі жекпе-жектен өткізді, олар үшін бұл бірінші жарыс, алдағы уақытта әлі де шыңдалады. Азия ойындарына дайындық бастапқы жоспар бойынша жүргізіліп келе жатыр.
Қытайдағы жарыспен осы ауқымды дайындықтың үшінші кезеңін аяқтадық. Шілде айына Америкадағы жаттығу жиыны жоспарланған, ол жақта әр боксшы жеке жоспар бойынша жұмыс істейді. Ағайынды Камачолармен бірге мұхиттың арғы жағында да, кейін елге келіп тағы бір оқу-жаттығу жиынын да өткіземіз" - деді Нұржан Насанов.
Айта кетейік, 15-21 маусым аралығында өткен Әлем кубогында ерлер құрамасы 3 алтын медаль жеңіп алған болатын.