Азия чемпионатының екінші жарыс күні қалай өтті?

Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы 2026 жылғы Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде қазақстандық боксшылар екі жеңіске қол жеткізді.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Асылхан Көшербай 1/8 финалда Бутан өкілі Дечен Дорджиді төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (5:0) сенімді түрде жеңді. Ал 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нұрасыл Төлебек дәл осы кезеңде тәжікстандық Дамир Муйбалихоновты төрешілердің екіге бөлінген шешімімен (4:1) ұтып, келесі кезеңге өтті.
Осылайша, қазақстандық қос боксшы да жарыстың ширек финалына жолдама алды.
19 жасқа дейінгі (U19) және 23 жасқа дейінгі (U23) боксшылар арасындағы Азия чемпионаты 3–16 шілде аралығында Джакартада өтуде. Қазақстан құрамасы ерлер мен әйелдер арасындағы екі жас санаты бойынша жалпы саны 40 боксшымен қатысып жатыр.













