WE ARE ON SOCIAL MEDIA

U23 санатында қай боксшыларға Азия чемпионатында мүмкіндік беріледі?

Қазақстанның бокс құрамасы Индонезияның Джакарта қаласында өтетін 23 жасқа дейінгі (U-23) өтетін Азия чемпионатына қатысатын боксшылардың тізімін жариялады.

Қазақстан құрамасы (U-23)

Ерлер:

50 кг – Нұрзат Оңғаров

55 кг – Бексұлтан Боранбек

60 кг – Нұрасыл Төлебек

65 кг – Асылхан Қошербай

70 кг – Нұрбек Мұрсал

75 кг – Аман Қонысбек

80 кг – Өнер Сейілхан

85 кг – Темірлан Мұқатаев

90 кг – Ибрагим Битаев

+90 кг – Аслан Елдібайұлы

Әйелдер:

48 кг – Гүлназ Бөрібаева

51 кг – Анита Адишева

54 кг – Сымбат Әлиасқар

57 кг – Ұлжан Сәрсенбек

60 кг – Аяжан Ермек

65 кг – Аружан Жаңабаева

70 кг – Азиза Исина

75 кг – Шұғыла Нәлібай

80 кг – Құралай Егінбайқызы

+80 кг – Панар Сейтханқызы

Командаларды 23 жасқа дейінгі (U-23) әйелдер құрамасының аға бапкері Марат Қырықбаев және U-23 ерлер құрамасының аға бапкері Мақсат Бақтыбазаров жаттықтырады.

Құрлық біріншілігі 3-16 шілде аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өтеді. Додаға 26 елден 430-дан астам боксшы қатысады.

30 June, 2026
7

U19 құрамасы Азия чемпионатына қандай құраммен барады?

Қазақстанның жастар құрамалары Индонезияның Джакарта қаласында өтетін 19 жасқа дейінгі (U-19) өтетін Азия чемпионатына қатысатын боксшылардың тізімін жариялады.

Қазақстан құрамасы (U-19)
Ұлдар:

55 кг – Едіге Нұрғожа

60 кг – Досжан Жұмақан

65 кг – Ақжүрек Қалабай

70 кг – Бибарыс Әшірбай

75 кг – Хамза Мақсатұлы

80 кг – Тимур Тайбеков

85 кг – Руслан Ахметов

90 кг – Жалғас Өтебеков

+90 кг – Владислав Саможонов

Қыздар:

48 кг – Мадира Жұмақан

51 кг – Жадыра Қалтай

54 кг – Марал Төлепберген

57 кг – Ақнұр Тұрсынғали

60 кг – Жасмин Абрамян

65 кг – Айсұлу Мұхит

70 кг – Камила Оспанова

75 кг – Алтынгүл Аймұхан

80 кг – Айдана Убайдуллақызы

+80 кг – Зарина Толыбай

Айта кетейік, сары құрлық додасы 3-16 шілде аралығында өтеді.

29 June, 2026
5

Елдос Сайдалин: Әлем кубогында бәсекелестік өте жоғары болды

Бокстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин Қытайдағы Әлем кубогын қорытындылады.

"Қытайда өткен Әлем кубогінде бәсекелестік өте жоғары болды, әр салмақ дәрежесінде тартысты жекпе-жектер өтті. Боксшыларымыз жақсы тәжірибе болатындай мықты қарсыластармен жұдырықтасты. Дегенмен, қателіктер болды, алдағы уақытта соларды талдап, жұмыс істейміз.

Бұл жарыс – Азия ойындарына дайындық. Жаттықтырушы ретінде құраманың боксына көңілім толады. Командамен алдағы уақытта бірлесе жұмыс жалғастырамыз. Аз ғана демалыстан соң бір айға Америка Құрама Штаттарына аттанамыз. Ал, Жапония сапарының алдында Қазақстанда бірлескен жаттығу жиынын өткізу жоспарда бар", - деді Елдос Сайдалин.

Айта кетейік, әйелдер құрамасы бұл бәсекеде 2 алтын, 3 қола жүлдеге ие болды.

27 June, 2026
4

Нұржан Насанов: Әлем кубогында боксшыларымыз өздерін жақсы қырынан көрсете білді

Бокстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұржан Насанов Қытайда өткен Әлем кубогының екінші кезеңін қорытындылады.

"Қытайдағы Әлем кубогінде боксшылар өзін жақсы қырынан көрсете білді. Бұл жарыстың алдында екі кезеңдік дайындықтан өткен команда функционалдық тұрғыда шыңдалып келді деп ойлаймын. Абылайхан Жүсіпов пен Айбек Оралбай жоғары деңгейдегі бокс көрсетті және мықты қарсыластардан басым түсті. Салмақ ауыстырған екі боксшымыз Сабыржан Аққалықов пен Нұрбек Оралбай екі жекпе-жектен өткізді, олар үшін бұл бірінші жарыс, алдағы уақытта әлі де шыңдалады. Азия ойындарына дайындық бастапқы жоспар бойынша жүргізіліп келе жатыр.

Қытайдағы жарыспен осы ауқымды дайындықтың үшінші кезеңін аяқтадық. Шілде айына Америкадағы жаттығу жиыны жоспарланған, ол жақта әр боксшы жеке жоспар бойынша жұмыс істейді. Ағайынды Камачолармен бірге мұхиттың арғы жағында да, кейін елге келіп тағы бір оқу-жаттығу жиынын да өткіземіз" - деді Нұржан Насанов.

Айта кетейік, 15-21 маусым аралығында өткен Әлем кубогында ерлер құрамасы 3 алтын медаль жеңіп алған болатын.

26 June, 2026
41

U19 және U23 құрамасы Азия чемпионатына дайындалып жатыр

Алматы облысы, Жаңашар ауылындағы базада екі жас санатындағы әйелдер командасы жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Жиынға Қазақстан құрамасының боксшыларынан бөлек, Германия мен Ресей елі де қатысып жатыр. Бұл U19 және U23 құрамасының Азия чемпионатына соңғы дайындық кезеңі.

Аға жаттықтырушылар Марат Қырықбаев пен Жангелді Ахметовтің жетекшілігімен бұрымды боксшылар тағы бір апта жаттығуын пысықтап, шілдеде Индонезияға аттанады. Бұдан бөлек, Мақсат Бақтыбазаровтың жетекшілігімен U23 құрамасы да Алматы облысында дайындықтарын пысықтап жатыр. Ал Бақыт Сәрсекбаевтың U19 құрамасы Түркістан қаласында шеберліктерін шыңдауда.

Айта кетейік, U19 және U23 санатындағы Азия чемпионаты 3-16 шілде аралығында Индонезия астанасы Джакартада өтеді.

25 June, 2026
15

Шымкент қаласында U17 санатындағы Қазақстан Кубогы басталды

Шымкент қаласында КСРО спорт шебері, аңызға айналған боксшы әрі қазақстандық бокстың дамуына зор үлес қосқан Нұржан Қосмамбетовті еске алуға арналған Қазақстан Республикасының бокс кубогы басталды.

Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен келген 350-ге жуық жас спортшы қатысуда. Турнирдің басты мақсаты – жас боксшылардың шеберлігін арттырып, Қазақстан чемпионатына дейін бір іріктеу өткізу.

Шымкент қаласы осы жас санатындағы боксшылар арасында өтетін Қазақстан кубогын алғаш рет қабылдап отыр. Сондай-ақ, ел кубогы бұл жас санатында алғаш рет ұйымдастырылып жатыр. Мақсат 

Еске сала кетейік, Нұржан Қосмамбетов облыстық, республикалық, бүкілодақтық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы болған және отандық бокстың дамуына елеулі үлес қосқан.

Жекпе-жектер 22 маусым күні басталып, 27 маусым күні мәресіне жетеді.

24 June, 2026
16

Батыс Қазақстан облысының бокс федерациясында жаңа президент сайланды

Қазақстан бокс федерациясының аймақтармен жұмыс жөніндегі вице-президенті Болат Абдрахманов және қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президенті Мерей Ақшалов Орал қаласына іс-сапармен келді.

“Жайық Арена” спорт кешенімен танысып, бокс залдарын аралаған соң ресми жиын өткізілді.

Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитовтің жетекшілігімен және аймақтың бокс мамандарының қатысуымен өткен жиында Батыс Қазақстан облысы бокс федерациясының жаңа президенті сайланды.

Бұдан былай БҚО боксының жан-жақты дамуына ат салысатын өңірлік федерация президенті - Артур Мурзаканов.

Артур Мурзаканов - 1989 жылы дүниеге келген, кәсіпкер. Бұған дейін федерацияның атқарушы директоры қызметін атқарған.

23 June, 2026
41

Қазақстан құрамасы Әлем кубогында үздік үштікке енді

Қытайдың Гуйянг қаласында бокстан әлем кубогі өз мәресіне жетіп, Қазақстан құрамасы үздік үштіктің қатарына енді.

15–21 маусым аралығында өткен халықаралық додада қазақстандық боксшылар 5 алтын және 3 қола медаль жеңіп алды. Бұл көрсеткіш ұлттық құраманың командалық есепте 2-орынға тұрақтауына мүмкіндік берді.

Алтын медаль иегерлері қатарында 50 келіде Санжар Ташкенбай, 54 келіде Назым Қызайбай, 60 келіде Виктория Графеева, 70 келіде Абылайхан Жүсіпов және аса ауыр салмақта Айбек Оралбай бар.

Қола жүлдені 65 келіде Аида Әбікеева, 80 келіде Валерия Аксенова және +80 келіде Дина Исламбекова иеленді.

Жалпы командалық есепте Қытай құрамасы 5 алтын, 1 күміс және 3 қола медальмен бірінші орынға шықты. Ал Өзбекстан 4 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлдемен үздік үштікті түйіндеді.

22 June, 2026
17

Әлем кубогының финалына неше ел өтті?

Қазақстанның бокс құрамасы Қытайдың Гуйян қаласында өткен World Boxing әлем кубогында финалистер саны бойынша үшінші орында тұр.

Қазақстаннан алтын медаль үшін бес боксшы бақ сынайды. Бұл көрсеткіш бойынша бірінші орында Өзбекстан тұр. Олардың атынан финалда жеті спортшы өнер көрсетеді. Екінші орында Қытай. Олардан шешуші кезеңге алты боксшы өтті. Одан кейін Үндістан мен Франция (әрқайсысында төрт боксшы), Бразилия (үш боксшы), Италия, АҚШ және Англия (әрқайсысында екі боксшы), сондай-ақ Әзербайжан, Болгария, Германия, Канада және Тайвань (әрқайсысында бір боксшы) шыққан.

Финалдық жекпе-жектер жексенбі, 21 маусым күні өтеді. Қазақстаннан алтын медаль үшін Санжар Тәшкенбай, Абылайхан Жүсіпов, Айбек Оралбай, Назым Қызайбай және Виктория Графеева жұдырықтасады.

21 June, 2026
4

Гуянгтағы Әлем кубогі: финалистер анықталды

Бүгін Қытайдың Гуянг қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогінде жартылай финал кезеңі өтті. Боксшылар маңызды жекпе жектер өткізіп, бес отандасымыз финалдық жолдамаға ие болды.
54 келідегі Назым Қызайбай Таиланд өкілі Натнича Чонгпронгклангпен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. 60 келідегі Виктория Графеева өзбекстандық Ситора Турдибековамен жұдырықтасып, 4:1 есебімен басым түсті.
Абылайхан Жүсіпов биылғы Азия чемпионы иорданиялық Зейад Ишаишпен кездесті. Екінші раундта қарсыластың жарақатына байланысты жекпе-жек тоқтатылып, жеңіс Абылайханға берілді. Ол 70 келі финалында өнер көрсетеді. 
50 келідегі 2 дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай испаниялық Мартин Молина Сальвадормен кездесіп, жекпе жек бойы басымдық танытты, есеп - 5:0. Аса ауыр салмақта Айбек Оралбай бразилиялық Жоел Рамосты үшінші раундта нокдаунға түсіріп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. 
Жарыс қорытындысы бойынша Валерия Аксенова (80 келі), Дина Исламбекова (+80 келі) және Аида Әбікеева (65 келі) жартылай финалда қарсыластарына есе жіберіп, Әлем кубогінің қола жүлдегерлері атанды.
Ертең, 21 маусымға турнирдің финалдық кездесулері жоспарланған.

 

Cымбат Бердіханқызы

20 June, 2026
1

Бокстан Әлем кубогының жартылай финалына қай елдер шықты?

Бокстан Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан әлем кубогының екінші кезеңінде жартылай финалға қай елден қанша боксшы шыққаны белгілі болды.

Дүбірлі додаға алғашқыда 44 мемлекет қатысуға ниет білдірген еді. Олардың арасынан 23-і әлем кубогына былғары қолғап шеберлерін аттандырды. Біздің елімізден беделді бәсекеге 17 спортшы келді. Енді жартылай финалда Қазақстан құрамасынан 8 боксшысы (5 әйел, 3 ер) ертең шаршы алаңға шығады.

Жарыстың аталған сатысында Өзбекстан 11, Қытай - 9, Қазақстан мен Франция - 8 үздігіне үміт артса, одан кейінгі орындарда Үндістан мен Польша - 6.

20 June, 2026
8