U19 және U23 құрамасы Азия чемпионатына дайындалып жатыр

Алматы облысы, Жаңашар ауылындағы базада екі жас санатындағы әйелдер командасы жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Жиынға Қазақстан құрамасының боксшыларынан бөлек, Германия мен Ресей елі де қатысып жатыр. Бұл U19 және U23 құрамасының Азия чемпионатына соңғы дайындық кезеңі.
Аға жаттықтырушылар Марат Қырықбаев пен Жангелді Ахметовтің жетекшілігімен бұрымды боксшылар тағы бір апта жаттығуын пысықтап, шілдеде Индонезияға аттанады. Бұдан бөлек, Мақсат Бақтыбазаровтың жетекшілігімен U23 құрамасы да Алматы облысында дайындықтарын пысықтап жатыр. Ал Бақыт Сәрсекбаевтың U19 құрамасы Түркістан қаласында шеберліктерін шыңдауда.
Айта кетейік, U19 және U23 санатындағы Азия чемпионаты 3-16 шілде аралығында Индонезия астанасы Джакартада өтеді.













