WE ARE ON SOCIAL MEDIA

Батыс Қазақстан облысының бокс федерациясында жаңа президент сайланды

Қазақстан бокс федерациясының аймақтармен жұмыс жөніндегі вице-президенті Болат Абдрахманов және қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президенті Мерей Ақшалов Орал қаласына іс-сапармен келді.

“Жайық Арена” спорт кешенімен танысып, бокс залдарын аралаған соң ресми жиын өткізілді.

Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитовтің жетекшілігімен және аймақтың бокс мамандарының қатысуымен өткен жиында Батыс Қазақстан облысы бокс федерациясының жаңа президенті сайланды.

Бұдан былай БҚО боксының жан-жақты дамуына ат салысатын өңірлік федерация президенті - Артур Мурзаканов.

Артур Мурзаканов - 1989 жылы дүниеге келген, кәсіпкер. Бұған дейін федерацияның атқарушы директоры қызметін атқарған.

23 June, 2026
41

Қазақстан құрамасы Әлем кубогында үздік үштікке енді

Қытайдың Гуйянг қаласында бокстан әлем кубогі өз мәресіне жетіп, Қазақстан құрамасы үздік үштіктің қатарына енді.

15–21 маусым аралығында өткен халықаралық додада қазақстандық боксшылар 5 алтын және 3 қола медаль жеңіп алды. Бұл көрсеткіш ұлттық құраманың командалық есепте 2-орынға тұрақтауына мүмкіндік берді.

Алтын медаль иегерлері қатарында 50 келіде Санжар Ташкенбай, 54 келіде Назым Қызайбай, 60 келіде Виктория Графеева, 70 келіде Абылайхан Жүсіпов және аса ауыр салмақта Айбек Оралбай бар.

Қола жүлдені 65 келіде Аида Әбікеева, 80 келіде Валерия Аксенова және +80 келіде Дина Исламбекова иеленді.

Жалпы командалық есепте Қытай құрамасы 5 алтын, 1 күміс және 3 қола медальмен бірінші орынға шықты. Ал Өзбекстан 4 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлдемен үздік үштікті түйіндеді.

22 June, 2026
17

Әлем кубогының финалына неше ел өтті?

Қазақстанның бокс құрамасы Қытайдың Гуйян қаласында өткен World Boxing әлем кубогында финалистер саны бойынша үшінші орында тұр.

Қазақстаннан алтын медаль үшін бес боксшы бақ сынайды. Бұл көрсеткіш бойынша бірінші орында Өзбекстан тұр. Олардың атынан финалда жеті спортшы өнер көрсетеді. Екінші орында Қытай. Олардан шешуші кезеңге алты боксшы өтті. Одан кейін Үндістан мен Франция (әрқайсысында төрт боксшы), Бразилия (үш боксшы), Италия, АҚШ және Англия (әрқайсысында екі боксшы), сондай-ақ Әзербайжан, Болгария, Германия, Канада және Тайвань (әрқайсысында бір боксшы) шыққан.

Финалдық жекпе-жектер жексенбі, 21 маусым күні өтеді. Қазақстаннан алтын медаль үшін Санжар Тәшкенбай, Абылайхан Жүсіпов, Айбек Оралбай, Назым Қызайбай және Виктория Графеева жұдырықтасады.

21 June, 2026
4

Гуянгтағы Әлем кубогі: финалистер анықталды

Бүгін Қытайдың Гуянг қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогінде жартылай финал кезеңі өтті. Боксшылар маңызды жекпе жектер өткізіп, бес отандасымыз финалдық жолдамаға ие болды.
54 келідегі Назым Қызайбай Таиланд өкілі Натнича Чонгпронгклангпен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. 60 келідегі Виктория Графеева өзбекстандық Ситора Турдибековамен жұдырықтасып, 4:1 есебімен басым түсті.
Абылайхан Жүсіпов биылғы Азия чемпионы иорданиялық Зейад Ишаишпен кездесті. Екінші раундта қарсыластың жарақатына байланысты жекпе-жек тоқтатылып, жеңіс Абылайханға берілді. Ол 70 келі финалында өнер көрсетеді. 
50 келідегі 2 дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай испаниялық Мартин Молина Сальвадормен кездесіп, жекпе жек бойы басымдық танытты, есеп - 5:0. Аса ауыр салмақта Айбек Оралбай бразилиялық Жоел Рамосты үшінші раундта нокдаунға түсіріп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. 
Жарыс қорытындысы бойынша Валерия Аксенова (80 келі), Дина Исламбекова (+80 келі) және Аида Әбікеева (65 келі) жартылай финалда қарсыластарына есе жіберіп, Әлем кубогінің қола жүлдегерлері атанды.
Ертең, 21 маусымға турнирдің финалдық кездесулері жоспарланған.

 

Cымбат Бердіханқызы

20 June, 2026
1

Бокстан Әлем кубогының жартылай финалына қай елдер шықты?

Бокстан Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан әлем кубогының екінші кезеңінде жартылай финалға қай елден қанша боксшы шыққаны белгілі болды.

Дүбірлі додаға алғашқыда 44 мемлекет қатысуға ниет білдірген еді. Олардың арасынан 23-і әлем кубогына былғары қолғап шеберлерін аттандырды. Біздің елімізден беделді бәсекеге 17 спортшы келді. Енді жартылай финалда Қазақстан құрамасынан 8 боксшысы (5 әйел, 3 ер) ертең шаршы алаңға шығады.

Жарыстың аталған сатысында Өзбекстан 11, Қытай - 9, Қазақстан мен Франция - 8 үздігіне үміт артса, одан кейінгі орындарда Үндістан мен Польша - 6.

20 June, 2026
8

Әлем кубогының төртінші күні қалай өтті?

Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан әлем кубогінің кезекті жарыс күнінде ел қоржынына алғашқы жүлде түсті.

54 келіде шаршы алаңға шыққан Назым Қызайбай ширек финалда Польша елінің өкілі Виктория Беатамен жұдырықтасты.

Тартысқа толы жекпе-жекте үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай 4:1 есебімен жеңіске жетті. Енді Назым Қызайбайдың еншісінде кем деген де қола жүлде бар.

Сондай-ақ 51 келіде Алуа Балқыбекова 1/8 финалда венесуэлалыө Ирисмар Кардосомен жекпе-жекке шықты. Нәтижесінде Алуа Балқыбекова 4:1 есебімен жеңді.

Ал ерлер арасынан 65 келіде Санатәлі Төлтаев жарысты сәтті бастаған еді. Алайда ұлыбританиялвқ Патрис Мугалзайға есе жіберді.

Айта кетейік, айтулы додағп әлемнің 44 елінен 333 боксшы қатысып жатыр. Байрақты бәсеке 21 маусымға дейін жалғасады.

19 June, 2026
8

Әлем кубогының үшінші күні қалай өтті?

Бокстан Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезекті жарыс күні мәресіне жетті.

Алғашқы болып 70 келіде жарыс жолына Абылайхан Жүсіпов шықты. Ол 1/8 финалда бразилиялық боксшыға қарсы қолғап түйістірді. Нәтижесінде Абылайхан Жүсіпов жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.

60 келіде Серік Теміржанов ел намысын қорғады. Ол АҚШ елінің өкілі Кайан Рейеспен өзара мықтыны анықтады. Алайда Серік Теміржанов 1/8 финалда сүрінді.

Бұдан өзге 80 келіде Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысы, әлем чемпионы Жавохир Умматалиевке қарсы жұдырықтасты. Көпшілік асыға күткен бұл жекпе-жекте қос елдің мықтысы барын салды. Бірақ төрешілер 3:2 есебімен жеңісті өзбек боксшысына берді.

18 June, 2026
6

Әлем кубогының екінші күні қалай өтті?

Бокстан Қытайдың Гуйян қаласында Әлем кубогының екінші күні мәресіне жетті. Нәтижесінде төрт отандасымыз жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

65 келі. 1/16 финал.

Санатәлі Төлтаев - Малик Хасанов (Әзербайжан) - 2-раундта қарсыласының жарақат алуына байланысты келесі кезеңге өтті.

 

75 келі. 1/8 финал. В рингі.

Тимур Нұрсейітов - Тадхг Одонелл (Ирландия) - 3:2

 

54 келі. 1/8 финал. А рингі.

Назым Қызайбай - Им Э Джи (Оңтүстік Корея, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері) - 5:0

 

70 келі. 1/8 финал. А рингі.

Лаура Есенкелді - Униа Мартинез Мас (Испания) - 5:0

 

55 келі. 1/16 финал. А рингі.

Тимур Қабдешов - Келви Триндад (Бразилия) - 1:3

 

90 келі. 1/4 финал. А рингі.

Нұрбек Оралбай - Тұрабек Хабибуллаев (Өзбекстан, Әлем чемпионы) - 2:3

17 June, 2026
5

Әлем кубогының алғашқы күнінде 5 отандасымыз жеңіске жетті

60 келі. 1/16 финал. В рингі

Серік Теміржанов - Денис Брил (Германия) - 5:0

 

90 келі. 1/8 финал.

Нұрбек Оралбай - Гичшае Ким (Оңтүстік Корея) - 2-раундта техникалық нокаутпен жеңді.

 

80 келі. 1/16 финал.

Сабыржан Аққалықов - Хиабао Уанг (Қытай) - 5:0

 

+90 келі. 1/8 финал. А рингі.

Айбек Оралбай - Нажай Райт (АҚШ) - 5:0

 

+80 келі. 1/4 финал. А рингі

Дина Исламбекова - Лиона Дарси (Ирландия) - 2-раундта техникалық нокаутпен жеңді.

 

75 келі. 1/8 финал.

Наталья Богданова - Зио Бао (Қытай, биылғы Азия чемпионы) - 1:4

16 June, 2026
6

Қазақстан жастары халықаралық турнирде 3 алтын медаль жеңіп алды

Солтүстік Македонияда Мирослав Петрович халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.

 Жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Бақыт Сәрсекбаевтің жетекшілігімен Қазақстан командасы бірінші орын иеленді.

55 келі. Арман Мырсабит

65 келі. Нұрмұхаммед Алдаберген
75 келі. Шамсәт Лесбай

Сонымен қатар, Бақыт Сәрсекбаев жарыстың үздік жаттықтырушысы, ал Шамсәт Лесбай - үздік боксшы деп танылды.

15 June, 2026
8

Әлем кубогындағы алғашқы қарсыластарымыз белгілі

Бокстан 15-21 маусым аралығында 40 елдің 300 спортшысының (177 ер, 123 әйел) қатысуымен Әлем кубогының екінші кезеңі өтеді.

Ерлер

50 келі. 12 боксшы
Санжар Тәшкенбай ширек финалда Гонконг немесе Қырғызстан елінің қай жеңгенімен жолығады.

55 келі. 27 боксшы
1/16 финал
Тимур Қабдешов - Келви Триндад (Бразилия)

60 келі. 26 боксшы
1/16 финал
Серік Теміржанов - Денис Брил (Германия)

65 келі. 27 боксшы
1/16 финал
Санатәлі Төлтаев - Малик Хасанов (Әзербайжан)

Әзербайжан боксшысы биыл «Странджа» турнирінде Ертуған Зейнуллиновтан басым түскен.

70 келі. 18 боксшы
1/8 финал
Абылайхан Жүсіпов - Кайан Рейес (Бразилия, бірінші Әлем кубогы кезеңінің финалисі)

Отандасымыз финалға дейін Шавкатжон Болтаев (Өзбекстан), Азия чемпионы Зейад Ишаишпен (Иордания) кездесіп қалуы мүмкін.

75 келі. 15 боксшы
1/8 финал
Тимур Нұрсейітов - Тадхг Одонелл (Ирландия)

80 келі. 17 боксшы
1/16 финал
Сабыржан Аққалықов - Хиабао Уанг (Қытай)

Отандасымыз екінші айналымда әлем чемпионы Жавохир Умматалиевпен (Өзбекстан) жолығуы ықтимал.

90 келі. 14 боксшы
1/8 финал
Нұрбек Оралбай - Гичшае Ким (Оңтүстік Корея)

Екінші айналымда әлем чемпионы Тұрабек Хабибуллаевпен (Өзбекстан) кездесуі мүмкін.

+90 келі. 16 боксшы
1/8 финал
Айбек Оралбай - Нажай Райт (АҚШ)

Әйелдер

51 келі. 23 боксшы

Алуа Балқыбекова 1/8 финалда Венесуэла немесе Таиланд өкілімен кездеседі.

54 келі. 18 боксшы
1/8 финал
Назым Қызайбай - Им Э Джи (Оңтүстік Корея, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері)

60 келі. 14 боксшы
Виктория Графеева 1/4 финалда Канада немесе Оңтүстік Корея спортшысымен жұдырық түйістіреді.

65 келі. 14 боксшы
Аида Әбікеева 1/4 финалда АҚШ немесе Моңғолия өкілімен айқасады.

70 келі. 12 боксшы
1/8 финал
Лаура Есенкелді - Униа Мартинез Мас (Испания)

75 келі. 12 боксшы
1/8 финал
Наталья Богданова - Зио Бао (Қытай, биылғы Азия чемпионы)

80 келі. 6 боксшы
Валерия Аксенова 1/2 финалда Өзбекстан немесе Франция өкілімен жолығады.

+80 келі. 6 боксшы
1/4 финал
Дина Исламбекова - Лиона Дарси (Ирландия)

14 June, 2026
13